Құрметті ұстаздар,оқушылар.Бүгінгі 3сыныптар арасындағы І тоқсанды қорытындылау,пысықтау,еске түсіру мақсатында өткізілгелі отырған «Білекті бірді жығады,Білімді мыңды жығады.»атты білім бәйгесіне қош келдіңіздер.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған әрбір азамат білімді,тапқыр,ойшыл,дарынды,әділетті және өз тілін жетік білетін,тілге құрметпен қарайтын адам болуы керек.Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та өз жолдауларында баса көрсетті.Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім.Білім-патриотизм негізі.Білімді болу жүйелі түрде үйренудің оқығанда миға тоқудың нәтиежесі.
Міне,бүгін осындай қасиеттерді бойына сіңіруге талпынған бір топ жас жеткіншектер ортамыздға өз бақтарын сынағалы келіп отыр.Оларға сәт-сапар тілейік.
3-Сл.
Алғырлар. Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің,
Белден ассаң,алдыңда бел көрінсе
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің,
Сондықтан да келеді біле бергім Білімдіні сүйерін білем елдің Егемен елімнің құшағына Білімді боп келеді кіре бергім-деп келіп отырған «Алғырлар» тобын ортаға шақырамыз.
3-слайд,Білімділер.
Ойынды қой бауырларым алға бас, Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш. Балалыққа жас миыңды алдатпа,
Ғылым үйрен,нұрға толсын кеудең жас -деп келіп отырған «Білімділер» тобын ортаға шақырамыз.
Топтар өздерін таныстырмас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық. Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкіртерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз.
-Алғырлар тобының таныстыруына кезек берейік.
«Алғырлар »тобы алға қарай өрлейді,
Оқу оқып,еңбек етіп терлейміз.
Қандай сынақ болсадағы дайынбыз, Сайыстарда өз намысын бермейді.
-Білімділер тобының таныстыруына кезек берейік
Егеменді елге арнаймын жырымды, Жас ұрпақпыз салауатты білімді, Болашаққа сенімменен нық басқан, «Білімділер» тобы біз боламыз бүгінгі.
Біздің сайысымыздың ұраны:
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады».(бәрі хормен)
4-слайд.
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
І. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар(әдебиеттік оқу) ІІ. Көкпар. (математика) ІІІ. Бәйге. (қазақ тілі) ІV. Жорға. (дүниетану)
Ойын толық, айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. Ойын толық жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
І. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар
6-11 слайдтар
ІІ. Көкпар. математика.
ІІІ. Бәйге.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкіртерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз.
18-27слайдтар
ІV. Жорға.
Жоғары, жоғары, жорғала Шапшаңдыққа таң қал ма. Ойын деген нарталас Жеңілемін деп ойлама
29-61слайдтар.
Осымен сайысымыз аяқталып та қалды.Сөз кезегі әділ-қазыларда.