kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Бір халы?, бір ел, бір та?дыр»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 1) О?ушыларды елін с?юге, Отан?а деген ма?таныш сезімін арттыру?а, елімізді? т?уелсіздігіні? паш ететін т?рлі тарихи о?и?аларды зерделей отырып, егемен елімізге ?ам?ор болу, мемлекетімізді одан ?рі ны?айту, елімізді? ерте?і жастарды? ?олында екенін ??ындыру.

2)О?ушылар?а патриотты? т?рбие беру. Еліне, Отанына, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру.

3) О?ушыларды? ?з бетінше ізденуін ?ада?алу ж?не білімдерін жетілдіру.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?

Т?рбие са?атыны? к?рнекілігі: ?аза? елі суреттері, ?аза?стан Республикасыны? р?міздері: Туы, Елта?басы, ?н?раны, Н.? Назарбаевты? суреті, на?ыл с?здер, ?аза?стан туралы ?ндер,интерактивті та?та,слайттар.

Кіріспе б?лім.

Гимн  орындалады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Бір халы?, бір ел, бір та?дыр»»

Тақырыбы: « Бір халық, бір ел»


Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер,интерактивті тақта,слайттар.

Кіріспе бөлім.

Гимн орындалады.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

Ой қозғау:

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі?

-Иә, балалар, Жолдауын арнады.

Мұғалім сөзі. Ал енді балалар елбасымыз елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын арнады.

Қазақстан – 2050 стратегияның бағыттары – мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.

Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды деген болатын.. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

Елбасы сөйлеген өз сөзінде:

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,

«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.

Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! – деген болатын.

Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.

Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.

Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.

Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.

Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

Ал, балалар сіздерге бүгінгі тақырыбымыздың негізі ретінде бірнеше сұрақтар жауап бере отырып, бүгінгі тақырыбымыздың мазмұнын ары қарай аша түсейік.

1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.

1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929жж. Қызылорда қаласы.

1929-1997жж. Алматы қаласы.


1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.

1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті.

2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

3.Тудың авторын атаңыз.

4.Елтаңбаның авторы кім?

5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)

6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)

9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).

- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.

Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .

Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.


Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

Қорытынды:

- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
« Бір халы?, бір ел, бір та?дыр»

Автор: Азилханова Гулшат Баймуханбетовна

Дата: 03.11.2015

Номер свидетельства: 247439


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства