kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі».

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі».»

5 мектеп-лицей










Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы дәрісі тақырыбы:

«Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі».













Ұйымдастырушы: А.С.Ермагамбетова

АПҚО жетекшісі – М.Ж.Ізбасарова

Қатысушылар: 6а сынып ата-аналары.








18.04.2025ж

Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі


Мақсаты: Ата-анаға БАҚ-тың теріс әрекеттері, экстремизм сияқты және т.б. сыртқы деструктивті әсерлерге баланың төзімділігін қалыптастыруды үйрету.

Міндеттері:

ата аналардың баласын сыни ойлау және эмоционалды интеллект дағдыларын дамыту арқылы сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғауына ықпал ету;

ата-аналарға балаға қатысты сыртқы әсерлердің қаупін уақтылы танып, оларға қарсы тұру әдістерін үйрету;

ата-аналардың баланың сыртқы әсерлерге төзімділігін қалыптастыру әдістерін іс жүзінде қолдану дағдыларын дамыту.


Ұлттық құндылықтар мен түлғаның жеке қасеттері: ашықтық, жауапкершілік, эмпатия, шығармашылық ойлау, түлғаны құрмет, сенім, мейірімділік.

Жоспар:

Кіріспе бөлім

Сабақтың мақсаты мен міндеттері, ата-аналардың белгіленген мәселені түсінуінің бастапқы деңгейін анықтау, ата-аналарға арналған ойын-тест

Негізгі бөлім

Топтық жұмыс

«Балаға қалай көмектесуге болады» кейс-стадиі

Пікірталас

Ашық сұрақтар қоюды үйрену: жұпта немесе шағын топта жұмыс істеу

«Отбасылық күнделік» ми шабуылы

Қорытынды бөлім.

Қорытындылар мен ұсынымдар


Күтілетін нәтижелер

Сабақ аяқталғаннан кейін ата-аналар:

баласын жағымсыз сыртқы әсерлерден (медиа манипуляциялар, экстремизм және т. б.) қорғауға барын салады;

баласына қауіп төндіретін сыртқы әсерлерді танып үйренеді, сыни ойлау мен эмоционалды интеллект дағдыларын дамыту қажеттілігін түсінеді;

баласымен күрделі және сезімтал тақырыптарды талқылай алады, теріс әсерлермен күресуге көмектесетін ойындар мен жаттығуларды іс жүзінде қолдана алады.

Сабақтың ұзақтығы: 45 минут


Уақыты

Мазмұны

Ресурстары


I. Кіріспе бөлім.

1-слайд

5 мин.

Сәлемдесу: Сабақтың тақырыбы, мақсаты және міндеттерімен таныстыру

1. Ата-аналардың мәселені түсінуінің бастапқы деңгейін анықтау

Ата-аналарға арналған сұрақтар:

Балаларға «теріс әсер ететін (деструктивті) сыртқы факторлар» ұғымын қалай түсінесіз? Мұндай тәуекелдер сіздің балаңыз үшін қаншалық қауіпті?

Баланың (деструктивті) сыртқы теріс әсерлерге төзімділігін қалай қамтамасыз етуге болады?



слайд





слайд Үш түсті (қызыл,


2. Ата-аналарға арналған тест ойыны: балаларыңызбен болған әңгімелерді есіңізге түсіріп, бағалауыңыз керек. Әр ата-анаға үш смайлик беріледі. Егер ата-аналар төменде сипатталғандай әрекет етсе, онда қызыл түсті смайликті көрсетеді, әркез олай әрекет етпеген болса - сары түсті смайликті, ешқашан әрекет етпесе - көк түсті смайликті көрсетеді.

Мен апта сайын баламмен ашық сөйлесуге уақыт бөлемін.

Мен баламнан күнді қалай өткізгенін, оларды не мазалайтынын немесе қуантатынын сұраймын.

Балалармен қиын және даулы жағдайларды талқылап, дұрыс шешім табуға көмектесемін.

Мен балаларға өз сезімдері мен эмоцияларын ашық білдіруге мүмкіндік беремін.

Балаларға басқалардың, соның ішінде құрдастары мен медианың әсерін түсінуге және талдауға көмектесемін.

Балаларға өзін-өзі реттеу және күйзелісті басқару тәсілдерін үйретемін, өзім де үйренемін.

Мен балаларды қиын жағдайларда қолдап, оларды әрқашан тыңдап, көмектесе алатынымды көрсетемін. Егер ата-ананың алдында қызыл смайлик көп болса, оның баласымен жақсы қарым-қатынаста екенін, онымен ашық сөйлесетінін білдіреді.

Баламен тең дәрежеде сөйлесу маңызды, онымен ашық және сенімді диалог жүргізу балаға өзін қауіпсіз және сенімді сезінуге көмектесетінін ұмытпаған жөн.

сары, көк) смайликтер Слайд



15 мин.










II. Негізгі бөлім Топтарда жұмыс істеу

Тапсырма: қауіпті әлеуметтік құбылыстардың балаларға деструктивті әсері туралы зерттеу нәтижелерімен танысыңыз. Балаңызды қалай қорғау керектігі туралы кеңестер беріңіз.

Бұл тапсырманы орындау үшін ата-аналарды 8 топқа бөлу керек.

1- топ. Әлеуметтік желілер: зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік желілерді ұзақ уақыт пайдалану депрессия, ұйқының бұзылуы, жасөспірімдердің әлеуметтік оқшаулану сезімі, кибербуллинг қаупінің өсуіне



4-слайд

Әр топқа арналған үлестірме материал:

1-мәтін




10 мин













































5мин







әкеледі. (Twenge & Campbell, 2018; Katherine Keyes, John E. Pachankis, 2019 және т.б.). Балаңызды қалай қорғайтыныңыз туралы кеңестер беріңіз.

топ. Маркетингтік манипуляциялар және жарнама: көптеген зерттеулер маркетинг пен жарнаманың балалардың дамуына теріс әсер ететіндігін көрсетеді. Мысалы, кейбір тағамдардың жарнамасы балалар мен жасөспірімдердің дұрыс емес тамақтану әдеттерін дамытуға әкеледі (Harris et al., 2009). Балаңызды қалай қорғайтыныңыз туралы кеңестер беріңіз.

топ. Құмар ойындар: зерттеулер көрсеткендей, құмар ойындар жасөспірімдердің миының дамуына, тәуелділіктің қалыптасуына ықпал етеді және психикалық бұзылулардың даму қаупін арттырады (Derevensky et al., 2010). Балаңызды қалай қорғайтыныңыз туралы кеңестер беріңіз.

топ. Интернет контент: көптеген зерттеулер интернет контентінің ұзақ мерзімді әсерін жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы мен теріс жолға түсу қаупінің артуымен байланыстырады (Аnderson et al., 2010). Балаңызды қалай қорғайтыныңыз туралы кеңестер беріңіз.

топ. Психологиялық қысым: ғылыми дәлелдер қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның психологиялық қысымы балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді (Luthar & Cicchetti, 2000). Балаңызды қалай қорғайтыныңыз туралы кеңестер беріңіз.

топ. Есірткі және алкоголь: зерттеулер есірткі мен алкоголь пайдаланатын жасөспірімдердің бойында тәуелділік пен басқа да күрделі мәселелердің даму қаупі жоғары екенін көрсетеді (Volkow et al., 2019). Балаңызды қалай қорғайтыныңыз туралы кеңестер беріңіз.

топ. Экстремизмді насихаттау: ғылыми дәлелдер интернеттегі экстремистік идеялардың таралуы жасөспірімдердің психологиялық дамуына елеулі әсер етуі және олардың қауіпті әрекеттерге қатысуға жетелеуі мүмкін екенін растайды (Bjørgo & Horgan,

2009). Балаңызды қалай қорғайтыныңыз туралы кеңестер беріңіз.

8-топ. Теріс мысалдар: зерттеулер көрсеткендей, теріс рөлдік модельдерді таңдаған жасөспірімдерде қоғамға жат мінез-құлық пен бейімделу проблемаларының даму қаупі жоғары (Моnahan et al., 2009). Балаңызды қалай қорғайтыныңыз туралы кеңестер беріңіз.

Презентация аяқталғаннан кейін педагог халықаралық зерттеулердің деректерін келтіреді және ата аналарға қолдау мүмкіндіктері туралы өз идеяларын тереңдетуді ұсынады:

Ата-аналар балаларын сыртқы деструктивті әсерлерден қалай қорғай алады?

Ашық диалог пен қолдау: балалармен достары, қызығушылықтары мен қиындықтары туралы ашық әңгімелер жүргізу оларға қоршаған ортаны жақсы түсінуге және басқаруға көмектеседі (Resnick et al., 1997).

Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын үйрету: жасөспірімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды ынталандыру оларға әртүрлі көздерден алынған ақпаратты талдауға және саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі (Кuhn et al., 2008).

Позитивті мінез-құлықты модельдеу: ата-аналар құрдастарының қысымына немесе басқа деструктивті әсерлерге жауап берудің сау және бейімделу тәсілдерін көрсете отырып, модель ретінде әрекет ете алады (Бандура, 1977).

Зиянды контентке қол жеткізуді шектеу: интернет пен әлеуметтік медианы пайдалану ережелері мен шектеулерін орнату жасөспірімдерді теріс мазмұнның әсерінен қорғауға көмектеседі (Rideout et al., 2010).

Әлеуметтік байланыстарды қолдау: отбасы, достары және қоғаммен сапалы қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету жасөспірімдердің сыртқы деструктивті әсерлерден сақтандырады. (Hawkins et al., 1992).

«Балаға қалай көмектесуге болады» кейс-стадиі

Тапсырманы орындау үшін әрқайсысы үшін 3 спикер және 3 қолдау тобы таңдалады. Әрбір спикерге келесі мәселелер бойынша қолдау тобымен (1-2 мин) талқылау үшін бір іс беріледі: көрсетілген ақпаратты беру қандай қауіп төндіреді? Бұл идеяны балаға қалай сенімді түрде жеткізуге болады? Талқылау нәтижесін флипчартқа түсіріп ұсыну қажет (2-3 мин).

1-кейс: бала үнемі көретін танымал блогер ылғи да энергетикалық сусындарды жарнамалайды.

спикер жауабының мысалы 1. Қауіп: бұл блогер осы өнімді шынымен жиі тұтынады және мақұлдайды деген ой тудырады.

кейс: әлеуметтік желіде байқау өткізіледі, оған қатысу үшін парақшаға лайк басып, репост жасап, түсініктеме қалдыру қажет. Көбінесе мұндай жарыстар үлкен сыйлықтар беруге уәде етеді.

спикер жауабының мысалы 2. Қауіп: іс жүзінде қатысушылардың жеке мәліметтерін жинайды.

кейс: жасөспірім белгілі бір киім сатып алғысы келеді, өйткені «оның барлық достары осы брендті киеді».

3-спикер жауабының мысалы. Қауіп: брендтің жарнамалық науқандары бұл таңдаудың балаға құрдастары арасында мықты болып көрінуге және мойындалуға көмектеседі деген сезім тудырады.

Спикерлердің презентациялары аяқталғаннан кейін талқылауға арналған сұрақ:

Балаларға БАҚ-тың теріс әрекеттерін танып, оларға қарсы тұруға қалай көмектесуге болады?

Пікірталас

Слайдтарда пікірталас өткізу үшін жасөспірімдер ортасында экстремизмнің таралуын бейнелейтін кейстер берілген.

1-кейс: әлеуметтік желілерде белсенді Орталық Азиялық жасөспірімді экстремистік топ жалдап, өз идеологиясын тарату үшін жеке хабарламалар мен жабық топтарды пайдаланды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Балаларға радикализм мен экстремизм идеологиясын тануды және оған қарсы тұруды қалай


«Отбасылық күнделік» ми шабуылы

Тапсырма: әр отбасы мүшесі өз ойлары және сұрақтарымен бөлісе алатын «Отбасы күнделігін» қалай құруға болатыны туралы ұсыныстар айтыңыз.

Мақсаты: ашық қарым-қатынасты дамытып, отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайту.

Ата-аналардың барлық ұсыныстары флипчартқа жазылады.

Ұсыныстар жинақталғаннан кейін соңғы жазба ұсынылады. Мысалы:

«Отбасы күнделігін» қалай жазуға болады

Арнайы блокнот сатып алыңыз немесе бүкіл отбасы үшін онлайн күнделік жасаңыз.

Қатысуды ынталандыру: бүкіл отбасына күнделік барлығының өз ойлары, сезімдерін білдіруге және сұрақтар қоюға мүмкіндік беру үшін жасалғанын түсіндіріңіз.

Күнделікті жазбалар: отбасы мүшелеріне күнделікке аптасына кемінде бір рет жазба жасауды ұсыныңыз. Бұл болған оқиға, сезімдері немесе талқылағысы келетін сұрақтар туралы жазба болуы мүмкін.

Жазбаларды талқылау: аптасына бір рет, мысалы, демалыс күндері, күнделік жазбаларын талқылау үшін отбасыңызбен жиналыңыздар. Бұл отбасылық түскі ас кезінде немесе кешкі уақытта болуы мүмкін.

Сұрақтарға жауаптар: талқылау кезінде күнделікте қойылған сұрақтарға жауап беріңіз. Әр отбасы мүшесіне сөйлеуге және өз пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беріңіз.

«Отбасылық күнделік» - бұл ашық қарым-қатынас жасаудың және отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтудың тамаша тәсілі. Тұрақты жазбалар мен пікірталастар арқылы тығыз қарым- қатынас құруға және бір-бірін жақсы түсінуге болады.


Қорытынды бөлім.

Қорытындылау. Сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділікті дамыту үшін ашық диалогтің, креативті ойлаудың және эмоционалды интеллекттің маңыздылығын талқылау.

Рефлексия. Сұрақтар:

Бұл жаттығуларды орындау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Жаттығулардың ішінде сіз әсіресе пайдалы немесе қызықты деп санайтын және үйде қолдануға тырысқыңыз келетін жаттығулар бар ма?

Балаларыңызбен ашық қарым-қатынас дағдыларын жақсарту үшін қандай әдістерді немесе жаттығуларды қолдану керек деп ойлайсыз?



мәтін






Ақпараттар








дерексөздер













мәтін



























Үлестірме ақпараттар, плакат, постер


















Ситуациялық тапсырмалар



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі».

Автор: Ермагамбетова Айгерим Сапарбековна

Дата: 13.06.2025

Номер свидетельства: 671576


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства