kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бақыт дегеніміз-денсаулық

Нажмите, чтобы узнать подробности

тәрбие сағаты Тақырыбы: Бақыт дегеніміз-денсаулық!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бақыт дегеніміз-денсаулық»

Тақырыбы: «Бақыт дегеніміз-денсаулық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.

Дамытушылық: Спортқа деген қызығушылығын арттыру .

Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі».

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, енбекке әрқашан да құлшына кіріседі. Халқымыз “Тәні саудың - жаны сау” деп орынды айтқан.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан, сендердің тандауларын салауатты өмір салтын сақтау.

Олай болса құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Бақыт дегеніміз- денсаулық». Бүгінгі тәрбие сағатымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.

1.«Мың бір хадис» бөлімі.

2.«Денсаулық зор байлық» сұрақ-жауап бөлімі

3.«Жағдаяттар» бөлімі

4.«Ұлы ғұламалар елі»

5.«Өмір театр» көрініс

6.«Ол кім?» ойыны

ІІ. Негізгі бөлім

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
1.“Мың бір хадис” бөлімі
1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. («Мың бір хадистен»)
Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?

(Есікті қағып Жалқаубек келеді)

- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім. Міне сендерге тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.

Гаухар: - Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.

- Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен және иіс беретін заттар болғандықтан олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс зақымдануына себепкер болады. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.

Дулат: Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті.

Нұрмұхан: Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.

Мұғалім: - Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?

- Ал қандай тамақ пайдалы?


«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»

Дана:

Балық - қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт - витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 

Бақдәулет:
Жаңғақтар - жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамм жаңғақтың қандай түрі болсада жеткілікті.

Жұмыртқа - ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Алма - дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.

Шие - күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.

Пияз және сарымсақ - инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.

Гүлзада:

Айран, сүзбе, ірімшік - тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры.
Қызылша - бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.

Банан - жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.

Қауын - жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.


Жалқаубек-балалар осы полуфабрикатты өнімдердің денсаулыққа зиян екенін білдім. Енді үнемі пайдалана бермейік.

.

2.«Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап бөлімі (Оқушылар жауабы.)
1 топ «Салауат» тобы
1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
3. Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіңдер?

2 топ «Тазалық» тобы
1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
2. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
3. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

3 топ «Денсаулық» тобы
1. Денсаулыққа не зиян?(Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигиенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу )
2. Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
3. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?

Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан»демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.

3.“Жағдаятты талдау” бөлімі

1-жағдаят:

      Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос  бұл  ойға  келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

         Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағдаят:

      Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең  қайтер еді?» - деп кейіді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» - деп, жүре тыңдады.

         Қалай ойлайсыңдар Саматтың айтқаны дүрыспа? Сендер қалай  тамақтанасыңдар? 

3-жағдаят:

      Аслан енді  өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

         Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында  болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?


4.“Ұлы ғұламалар не дейді?”бөлімі 
1- оқушы. 1997 жылдың қазан айында ел Президенті Н.Ә. Назарбаев “ Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” туралы Қазақстан халқына жолдауын ұсынды. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді, арамдыққа және қылмысқа итермелейді. Сонымен қатар ішімдікке құмар адмның рухани байлығы азайып, адамгершіліктен жұрдай болады. Ішімдік барлық ішкі мүшелерді улап, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдықтырып, небір талантты да дарынды жас жеткіншектеріміз арқтың кеселінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті-ақ. Міне, осындай өкініштердің алдын- алу мақсатында Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған еліміздің келешегін өркендету бағдарламасында назардан тыс қалдырған жоқ.
2- оқушы: “ Салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсысымздың Дене тәрбиесімен айналысқанымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған”. Қоғамымыз сау болсын десек, бүгінгі жас өспірімдер сау да салаутты өсуіміз керек.
3- оқушы: “ Салауатты өмір салты – бұл денсаулықты нығайту және дамытудың үйлесіділігін қамтамасыз ететін кешенді алдын – алу шаралары”. Бүгінде ерлердің -75%, әйелдердің – 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 65% үнемі арақ ішеді екен. 
4- оқушы: Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.
Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау
Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.

5.“Өмір театр” көрініс 
3 топқа үй тапсырмасына көрініс тапсырылған болатын.

1 топ «Дәрігер мен бала»


«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.

Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер: - қандай себеппен келдің?
Бала: - басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер: - сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала: - түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер: - асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала: - қолыма не түседі, соны жей саламын.
Дәрігер: - нені ұнатасың?
Бала: - теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер: - оған қанша уақыт бөлесің?
Бала: - ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер: - балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.


2 топ «Көрініс: « Шылым шегудің пайдасы»
Автор:  Саханаға бір топ балалар шығады. Алдарынан темекі шығады.
Балалар:   Сен кімсің? Қайдан шықтың?
Темекі   Мені танымайсыңдар ма?  Мен темекімін .  Мен күштімін.  Менің  пайдам  өте көп.  Мені тек мықты балалар ұстайды.  Кәне менімен кім дос болғысы келеді.
Автор : Балалардың қолына бір- бір темекі ұстатады.
Балалар:  – Дос болайық темекімен, Мықты бала боламыз,
Ең бастысы пайдасы оның өте көп екен.
Автор:   Балалар темекіні айнала қоршап  қол алысады.
Балалар :  Темекі шегіп үйренейік
Осыны байқап отырған ақ сақалды қария:
– Уа , балалар, маған құлақ салыңдар!  Темекі шегудің тек үш пайдасы
бар.  Біріншіден , кімде- кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды.
Бала :    Неліктен?  Неге?
Қария :   себебі, ол қартаюға үлгірмейді де.  Темекі  шеккен өмірден тым ерте кетеді.  Екіншіден, оның үйіне ешқашан ұры түспейді.
Бала :  Неліктен?
Қария  :   Себебі, кімде –кім темекі шексе, оның өкпесі таза болмайды. Түні бойы төсекте төңкеріліп аударылып жатады және күндіз – түні күркілдеп қатты жөтеліп шығады. Ұрылар үй иесінің  көкжөтелін естіп, үйге жақындай да алмайды.     Үшіншіден кімде- кім темек шексе, оны ешқашан ит қаппайды.
Бала:    Қалайша оны ит қаппайды?
Қария:   Себебі, шегетін кісі ерте жарым –жан болып қалады және жүргенде таяққа сүйеніп жүреді.  Ал, таяғы бар адамға қарағым, ең қабаған ит те жоламайды.  Қарт қулана күледі.(балалар темекіге қол сілтеп кетіп қалады.)

Мұғалім: -Балалар, сонда темекі тарту пайдалы ма, әлде зиянды ма?

-Дұрыс,темекі тартатындардың өмірі темекі тарпайтындарға қарағанда

7-15ж. қысқа келеді.


3 топ Көрініс: «Байлық» (М .Дулатов)

Екі таныс кездесіп қалады:

1-сі: Осы жұрт қалай бай болады?Ақша бар, мал бар, машинада бар. Ал мен неге кедеймін?

2-сі: Қалайша сен өзіңді кедеймін дейсің? Қол-аяғың аман жұмыс істей аласың. Мына қолыңды мың сомға кестіресің бе?

- Құдай сақтасын. Он мың сомға да кестірмеймін.

- Ал көзіңді, құлағыңды қаншаға бересің?

- Мен бұларды дүниедегі бүкіл ақшағада айырбастамаймын.

- Осындай байлыққа ие бола тұра өзіңді қалайша кедеймін дейсің?

- Шынында да солай екен ғой, қой барып жұмыс істейін.


6.«Ол кім?» ойыны

Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген спортшыларымыз туралы сұрақтар беріледі.

Ванкувер қаласында өткен олимпиадада сынға түскен қазақстандық шаңғышы қыз? Ол кім? (Светлана Малахова Шишкина)

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Алғашқы бапкері – Д.Буданков. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. 

КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері ТМД чемпионатының және Азияның екі дүркін чемпионы.Әлем кубогы бәсекесінің 12-Азия ойындарының қола жүлдегері, Орта Азия ойындарының жеңімпазы.Шығыс Азия ойындарының алтын жүлдегері. (Болат Кеңесбекұлы Ниязымбетов)

Қазақстанның екі дүркін олимпиада чемпионы. Ауыр атлетші. Бейжің Олимпиадасында жұлқа көтеруде 180 келіні, серпе көтеруде 226 келі салмақты еңсерді. Пекинде өткен олимпиадада жалғыз алтын медаль сыйлаған спортшы? Ол кім? (Илья Ильин)

Афины олимпиадасында Қазақстан қоржынына бокстан алтын сыйлаған спортшымыз. Вэл Баркер кубогының иегері. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. (Бақтияр Артаев)

Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы.2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. (Данияр Маратұлы Елеусінов)

Боксшы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері. Жастар арасында Азия біріншілігінің күміс жүлдегері. Сидней олимпиадасының жарық жұлдызы. 20 жасында жарқ еткен боксшы. (Бекзат Саттарханов)


ІІІ.Қорытынды:

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.

Сонымен балалар, біз бүгінгі сабағымыздан көп нәрсені үйреніп, көкейімізге тоқыдық деген сенімдеміз. «Денім сау болсын десең...»

1-оқушы: зиянды әдеттерден

2- оқушы: шылым шегуден

3-оқушы: ішімдік ішуден

4-оқушы: нашақорлықтан

5-оқушы: тазалық сақта.

6-оқушы: Өз деніңнің ау болғанын қаласаң,өзгеге саулық тіле.

7-оқушы: Уақытында дұрыс тамақтан.

8-оқушы: Спортпен шұғылдан.

9-оқушы: Қоршаған орта тазалығын сақта.

10-оқушы: Бірінші байлық-денсаулық

Екінші байлық- он саулық

Үшінші байлық-ақ жаулық.

11-оқушы: Тазалық саулық негізі

Саулық байлық негізі.

12-оқушы: Бас аманда мал тәтті

Бас ауырса жан тәтті.


Мұғалім: Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бақыт дегеніміз-денсаулық

Автор: Акоразова Жанат Темирбаевна

Дата: 15.02.2019

Номер свидетельства: 499934


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства