kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ба?ыты? да , байлы?ын да – денсаулы?» атты ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Северо-Казахстанская область Уалихановский район КГУ "Мортыкская средняя школа", педагог-психолог Айтжанова Алтынай Хакимовна, стаж работы -15 лет, первая категория. Предоставляю свою работу- открытый классный час на тему "Ба?ыты? да байлы?ы? да - денсаулы?". Его я проводила в 7 классе. Дети с большим интузиазмом готовили декорации, одежду, учили слова. Тема классного часа особенно актуальна для подростков,  пропагандирует здоровый образ жизни.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ба?ыты? да , байлы?ын да – денсаулы?» атты ашы? т?рбие са?аты »

Мортық орта мектебі






















«Бақытың да , байлығын да – денсаулық»

атты ашық тәрбие сағаты












Өтізген: Айтжанова А.Х.








2013-2014 о.ж.





«Бақытың да , байлығын да – денсаулық» атты ашық тәрбие сағаты

Мақсаты:

Жасөспірімдері бұзатын не екендігіне жауап іздеу.

Арақ ішу, темекі мен есірткі қолдану адамды аздыратындығы,оның денсаулыққа зияны туралы оқушыға арақ ішіп, темекі мен есірткі тартуға мүлде болмайтындығы туралы тереңірек түсінік беру.

Оқушыларды салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: зиянды заттар туралы нақыл сөзде, плакаттар, адамның ағзалары ми,бауыр,өкпе, жүрек және де тотоқұс , маймыл, арыстан, шошқа суреттері.

Сценарий бойынша костюмдер.


Барысы:


Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! 21 ғасыр дерті болып отырған темекі және ішімдік кейбір жастарымыздың бойын билеп, тәрбиемізге нұқсан келтіріп отыр.

Біздің халқымыз өте еңбекқор, кеңпейіл, ата-бабасын , үлкенді сыйлаған.

Адамдар татулықпен өмір сүріп жатқан кезде алыстан Бүлдіргі деген бір саудагер келіпті. Ол ауыл ішімен келе жатып әндетілді.

О, халайық, халайық,

Мына ыдысқа қарайық.

Керемет күшті қасиет,

Ыдыс емес ол сыйқыр.

Өзіңді баурап алады,

Бар тірлікті ұмытып

Жанды азапқа салады.


Ауыл адамдары әлгі ыдысты сатып ала бастайды.Саудагер жиі келгіштейді . Сол күннен бастап ауылдың берекесі кете бастайды. Тату отбасында ұрыс-керіс, әкесі баласын жазықсыз жазалап, уақытсыз уақыттаұйықтап жұмысынан кешігеді. Сол кезден бастап талай ананың көз жасы төгілді.


Арақ пен темекінің осындай зиянын сезген ауыл адамдары оларды сотқа береді, енді сот үдерісіне назар саламыз.


Хатшы Несівелді:

Тұрыңыздар, сот келеді.

Сот Заманбек:

Отырыңыздар, сот талқылауын ашық деп жариялаймын.

Арақ пен Темекіні залға әкеліңіздер. /арақ пен темекіні алып келеді/

Хатшы, осы нақты қылмыспен кімдер келіп отырғанын баяндаңыз.

Хатшы:

Куәлар келіп отыр.

Сот: қазір қылмыстық істі баяндаймыз. Темекі ,Арақ өздеріңізді таныстырыңыздар.


Сотталушы Темекі/ Айбар/:

Менің атым –Темекі,шыққан жерім –Америка, ал ЕУропаға 1492ижылы Христофор Колумбтың экспедициясына қатысқандар әкелген.


Сотталушы Арақ /Әмір/:

Мен Египетте дүниеге келдім.


Сот :

Не үшін айыпталып отырғандарыңызды білесіздер ма? Сіз кінәңізді мойындайсыз ба?


Арақ: жоқ

Темекі: жоқ


Сот: Темекі, өз кінәңізді мойындамайсыз, өзіңізді қорғау үшін қандай дәлеліңіз бар?


Темекі: Мен өзімді айыптымын деп есептемеймін, жарнамаламаңыздар, таратпаңыздар. Қорабымның сыртына «Темекі адам ағзасына зиянды» деп жазып қойдым.


Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?


Прокурор /Дилара/:

Темекі, сіздің түтініңізге химиялық заттар кіреді екен. Никотин деген уыңыз адам ағзасын әбден бүлдіріпті. Осыны қалай түсіндіресіз?


Темекі: Түтінде 1200-ге дейін зиянды зат бар, ең зияндысы никотиннен дауыс қырылдайды, тістер сарғаяды, иіс шығады, ауыздан дәм сезуі нашарлайды, тіс тез бүлінеді. Осының бәрін біле тұра адамдар неге тартатынын білмеймін. Оған мен кінәлі емеспін.


Ана /Диана/:

13-15 жас аралығында балалардың 14,8 пайызы күн сайын темекі тартатын болса 20 жастан жоғарылар 1,5 есе көп екен. Жас баламды неге еліктірдің?


Темекі:

Балаңызға жолама деп тәрбие беруіңіз керек еді.


Дәрігер / Айымгуль/

  1. осы темекі мен арақтың кесірінен бауыр ауруы 10-15 жылда пайда болады.

  2. Қан қысымы, жүрек соғысы 70 реттің орнына 100 рет соғады.

  3. Егер үйде бір адам темекі шексе, үйдегі балалардың 60-70 пайызы, екі адам тартса 80-85 пайызы ауру болады.

  4. Темекі тартатын адамға 1 тал темекіден 20 пайыз зиян келсе, жанында отырған адам 80 пайызы зардап шегеді.

  5. 15 жастан бастап темекі тартатындардың өмірі 8 жылға қысқарады.

  6. әрбір 100 адамның өкпе ауруынан өлгендердің 75-і темекі тартатындар.

  7. Темекі шегетін адамдардан туылған балалардың ақыл-есі кем болып туады. Сондықтан арақ пен темекіні аяуға болмайды. Осының бәрі осылардың кесірінен болып отыр.


Полиция қызметкері /Алмат/:

Бұл екеуін бірінен-бірін бөліп қарауға болмайды, өйткені бұлар бірінсіз-бірі тұра алмайды. Маскүнемдердің 80-95 пайызы темекі тартқыштар.

Еліміздегі дерек бойынша арақтың кесірінен: 45 пайызы қаңғыбастар, 50-80 пайызы қылмыскерлер, 75 пайызы балалар ішіндегі қылмыс, 96 пайызы кісі өлтіру, 55 пайызы ұрлық , 69 пайызы қарақшылық болады екен.

Ал жарты жылда 70 пайыз қылмыс арақтың кесірінен болады.


Куәгер /Айжан/:

Бірнеше адамның ажалына мына екеуің кінәлісіңдер!


Ана /Нұрайлым/:

15 жастағы баламның өліміне сен екеуің кінәлісіңдер, кінәларыңды мойындаңдар.


Орманшы:

Екеулеріңнің бастарың қосылса жүрген жерлеріңді жайнап жүресіңдер, табиғаттың жауысыңдар. Қанша орман, егіс, үйлерді өртеп, адамдарды бақытсыздыққа ұшыраттыңдар.

Куәгер /Айжан/:

Менің туыстарымның өліміне екеуің кінәлісіңдер. Арақ ішіп, темекісін тартып рөлге отырған жол тәртібін сақтамай, тапа-талтүсте машинамен қағып кетті. Қамқоршы, ақылшымнан айырылдым. Екеуіне де ең ауыр жаза қолданылсын!


Әке /Азамат/:

Балам оқу озаты еді. Қалай осы темекі, арақпен достасты, сабақ ұқпайтын, жарыстарға қатыса алмайтын әлжуаз болып қалды. Кішкене жүгірсе ентігіп жөтелесін болды. Баламның өмірі қиылды, өкпе қатерлі ісігіне шалдықты. Өмірдің мәні мен сәнінен айырылдым. Шаңырағым ортасына түсті. Сондықтан қатал жаза қолданылса деп ойлаймын.


Сот:

Ал енді сотталушылардың соңғы сөзі.


Арақ:

Мен өз кінәмді мойындаймын, еш өтірік қоспай ағымнан жарылайын. Осы адалдығым үшін жеңілдік болар деген үміттенемін. Жүзімді ашытып шарап, одан арақ алып жарнама бересіздер, бұл – теріс жарнама. Не істесеңіздер де ойлап істеңіздер. Маған құнықпаңдар, ішпеңдер. өздерің аулақ болыңдар, мен ауамен баратын газ емеспін.



Темекі:

Мен кінәлі емеспін, ақшаларыңды шығарып сатып алмаңдар. Зиянын біле тұра пайдаланбаңдар. Мен өздігімнен барып ауыздарыңа қыстырылмаймын. О, ақылды адамзат, жоламаңдар мендей пәлеге! Маған жоламасаңдар өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау болады.


Қорғаушы /Аққу/:

Темекінің де, арақтың да кінәсі жоқ. Оны мадақтап Испанияға алып келген – теңіз саяхатшысы Христофор Колумб. Ол онымен де қоймай мақтап, барлық адамдарға тартуды үйретіп насихаттаған. Темекі плантацияларын көбейтіп, зауыттар ашқан. Мұның бәріне адамдар кінәлі.

Арақтан қашық жүріңіздер, ішпеңіздер. Арақтың ағасы этанолдан синтетикалық каучук, бояуыш заттар, еріткіштер, сірке қышқылын, әр түрлі күрделі эфирлер алу үшін қолданылады. Медицинада өте маңызды орны бар.


Сот:

Жауап алып болдық, сот талқылауына көшеміз. Айып сұрау ретінде мемлекеттік айыптаушы прокурорға сөз береміз.


Прокурор:

ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабына сәйкес темекі және оның құрамындағы үлы заттар ағзаға өте зиянды әсер еткен. Оның құрамындағы никотин, күйе бірлесіп ұйымдасқан түрде ауыз қуысын, жоғарғы тыныс жолдарын бүлдіре өтіп, өкпеге қонып, одан асқазанды ойрандаған. Темекі тыныс жолдарын бүлдіре өтіп, өкпеге қонып, одан асқазанды ойрандаған. Темекі тыныс жолдарын аяусыз қабындырған, соның салдарынан өкпеге, оттегі келуін азайтқан. өкпе қатерлі ісігіне шалдықтырған, жыныс бездерінің қызметін де бүлдіріп, қан айналымды әлсіреткен.


Арақ ішкен адамдардан ақыл-есі кем балалар дүниеге келді, қылмысқа итермелейді. Ағзаның жұмысқа қабілетін ойсыратты. Осы адамзат баласына қастандықтары үшін екеуіне де ең ауыр жаза қолдануды өтінемін. Барлық дәлелдер жеткілікті.


Хатшы:

Сот үкім жариялауға кетеді.


Хатшы:

Тұрыңыздар , үкім жарияланады.


Сот /үкім етті/:

Сотталушы Арақ, Темекі ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабымен кінәлі деп табылып, оларға осы көрсетілген бап бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, жазаны күн көрсетпейтін қатаң режимде ұстап, жазаны өтеу мерзімі осы күннен бастап есептелінеді және күнде ауыздарынан мына сөздер тастамасын «Бақытың да , байлығың да – денсаулық».

Арақ пен Темекінің бұлтартпау шарасымен қамау да , ұстау да өз күшінде қалды.

Сот үдерісін жабық деп жариялаймын.


Мұғалім:

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. әр адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек, өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан да құлшына кіріседі.

Отанымыздың келешегі , көркеюі, балалар, сендердің қолдарында. Сондықтан сендердің таңдауларын – салауатты өмір салтын сақтау.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ба?ыты? да , байлы?ын да – денсаулы?» атты ашы? т?рбие са?аты

Автор: Айтжанова Алтынай Хакимовна

Дата: 28.01.2015

Номер свидетельства: 163426


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства