kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ба?ыт г?лін терген к?н! ?лы Же?істі? 70 жылды?ына

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ой жылы жай?аса бастады.Б?л жылды? ?аза? елі ?шін ерекшелігі мол.?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы,?лы Же?істі? 70 жылды?ы,?аза?стан Ассамблеясы мен Конститициямызды? 20 жылды?ын атап ?тпекшіміз.

?лы кекшке сенген к?н

Фашистерді же?ген к?н

А?алар?а сенген к?н

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ба?ыт г?лін терген к?н! ?лы Же?істі? 70 жылды?ына »

Бекітемін:

Мектеп директоры «____» _______________

Султанова Ж.Ж.













Тәрбие сағаты

«Бақыт гүлін терген күн!»

Дайындаған: Шакенова Ж.С.





















Киров орта мектебі

2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы Жеңістің

70 жылдығына арналған тәрбие сағаты.

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

(Құрманғазы күйі ойнап тұрады.)

2015-жыл табалдырықтан аттап, қой жылы жайғаса бастады. Бұл жылдың қазақ елі үшін ерекшелігі мол. Ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтпекпіз.

«Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді, біз қазірден бастап оған тыңғылықты дайындалуымыз керек. Қазақстандық Кеңес Одағы батырларының баршасын еске алып, оларға құрмет көрсетуіміз шарт», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауында айтып кеткен.

Сол батырларды еске алып, бір минуттік үнсіздік жариалаймын.

Мұғалім:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын атамыз Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: 10 сынып оқушылары

(21-маусым. Мектеп бітіру кеші.)

Радио: (Левитан дауысы) Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

Ән «Священная война 1941-1945 гг»

І жүрг.:   Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

Монтаж: 1 — оқушы:

Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

2 — оқушы:

Таң алдында сағат төртті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды ойранды.

3 — оқушы:

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты баланы.

4 — оқушы:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші маусымында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

5 — оқушы:


Бұлт түнеріп аспаннан

Талмай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған.

6-оқушы

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.


1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075ші — атқыштар полкінің 4ші — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабуыл жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағынеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

(Видео Б. Момышұлы өз дауысы) бейнеролик

І жүрг.:  Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегеилі бетбұрыс болды.

IІ жүрг.:  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

І жүргізуші:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр ел үшін.
Әлия, Мәншүк, Хиуаз,
Жаулардың көзін жойды олар.

Ән «Әлия» (Даяна мен Жадыра)

Видео (Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында)

ІІ жүрг.:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

І жүрг.: 1945 жылы Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 5 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 27 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

IІ жүрг.:  Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 70 жыл.

70 жыл — бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні қорымен орындалады:

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орынын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп, жаңғырып!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:

Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы.

(Левитан дауысы)

Көрініс «Жеңіс»













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ба?ыт г?лін терген к?н! ?лы Же?істі? 70 жылды?ына

Автор: Шакенова Жадыра Сериковна

Дата: 26.03.2015

Номер свидетельства: 191897


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства