Отанды с?йюге, Ата за?ымызды ?адірлеуге, ту?ан еліне, жеріне деген с?йіспеншіліктерін артттыру. О?ушыларды саналылы??а, еліні? м?расы жал?астырушы азамат болу?а т?рбиелеу.
Мемлекетті? т?ра?тылы?ы мен г?лденуі , Ата За?ны? орындалуында. ?рбір ?аза?стан азаматы осы ойды есте са?тау керек. За??а ба?ыну – т?ртіп бар жерде т?рбие, тияна?тылы?, адамгершілік т.б.адам?а т?н ?асиеттері бар .Сол ?асиеттер ?ана ?о?амны? г?лденіп дамуыны? негізі, болаша?ымызды? алтын ар?ауы болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ата за?ы -?аза?станны? т?ра?ты г?лденуі »
«Мемлекеттік рәміздері»
Тәрбие сағатының мақсаты:Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру; Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату; Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру.
Көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. 2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Тәрбие сағатының барысы:
Мирхат : Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдына арналған деп жариялаймыз.
Арман : Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар өсіп өнген , жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы, мемлекеттік шекарасын айқындауы, төл теңгесін шығаруы сияқты аса маңызды егемендік сипаттарымен біте қайнасып жатыр. Тәуелсіз Қазақстанның рәміздерін жасау, оны халық талқысына салу, арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның сараптамасынан өткізу – жоғары маңызды міндет еді. «Туымыздың түсі қандай болады?», «Елтаңбамыздың ерекшелігі неден байқалады?», «Әнұранымыз ұлттық рух беріп тұра ма?» деп талай қазақ баласы егемендігіміздің елең-алаңында ұйқы қашырған болатын. Көне түркі дәуірлерін айтпағанның өзінде, бергі ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының да өз байрағы, байтағы, шекарасы болған. Кешегі кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде кеңестік Қазақстанның туы, елтаңбасы, әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алмайтын еді. Біз Одақтың құрамындағы, бодандық құрсауындағы ел едік. Еліміз толық тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткізді. Қазақ мемлекеті құрылды. Әлемдік қауымдастық дербес мемлекет ретінде тани бастады. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заңдармен тұңғыш рет тәуелсіз еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді, ал 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Гимніміз туралы заңға қол қойылды. Бұл мемлекеттік рәміздеріміз елдігіміздің айғағына айналды. 1996 жылғы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойылды. Яғни, мемлекеттік рәміздер бір заң аясына топтастырылды
Мирхат: Бүгінгі сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастауды жөн көрдік: : «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.
1.Арман: - Біздің туымыздың түсі қандай, не үшін көк деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар , Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы. Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп- өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек – алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.
Айжан: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның
5.Мирхат: - Мемлекеттік нышандардың бірі елтаңба,елтаңбаны кім сипаттап береді?
Жарайды өте жақсы, ендеше мен сіздерге жалпы сипаттама туралы мәлімет берейін. Елтаңба негізі –Шаңырақ . Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлдүлі,ер-азаматтың сәйгүлігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр.«Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.
6. Мереке:
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
7.Арман : Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев .
Мирхат: - Гимн кай жерлерде орындалады ж/е гимн орындалган кезде адамдар кандай арекет жасайды? Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, жаңа ғимараттар, ескерткіштер ашылғанда орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып,қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет болып саналады.
Асылхан:
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Арман :Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Еліміздің Егемендігі жасасын!
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы
Мирхат: Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін ,– деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Арман: Сынып сағатына қатысқан үшін көп-көп рахмет.Енді сендердің білімдеріңді тексерейік.
Қорытынды: Тест тапсырмаларын орындау.
Тарих тағлымы (білімдерін тексеру)
1991 жылы 16 желтоқсанда қандай оқиға болды?
Қай жылы ұлттық рәміздеріміз бекітілді?
Тудың авторы кім?
Қазақстанның ұлттық волютасы қандай?
Астана қаласының бұрынғы атауы қандай?
30-шы олимпиада ойындары қай қалада өтті?
ҚР алғашқы президенті кім?
Конституция күні қай күні атап өтіледі?
ҚР туында не бейнеленген?
Әнұран сөзінің авторлары кімдер?
Елтаңбаның авторлары?
Туған жер,Отан туралы мақал-мәтелдер айту
Отанды сүю – отбасынан басталады. Туған жер – тұғырың.Отан – оттан да ыстық
Татулық табылмас бақыт.Ырыс алды –ынтымақ.Бірлігі жоқ – ел тозадыБірлігі күшті- ел озады. т.б.Тәрбие сағатын қорытындылау.
Адамгершілік құндылықтарын анықтау.
Мақсаты: оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.
Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез-құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.
Психологиялық ойындар
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың.
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау №302007 МП
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
Қорытынды: сыналушылардың нәтижелері бойынша өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында, яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсінеді. Өмірлерінің, болашақтарының нәтижелі және белсенді іс әрекетке толы болғанын қалайды.
Психологиялық тренингтер
«Есімдер» жатығуы
Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.
Уақыты: 5 мин
Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.
Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер?
(Тақтадағы баспалдаққа қазіргі сендердің көңіл-күйлеріңді қай дәрежеде екенін белгілеңіздер.)
Кіріспе сөз
«Сәлеметсіз бе! Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.
Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, - ашл сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
дай дәстүрдің бірі ол қаланың негізгі алаңында үлкен сағаттардың орналасуы. Денсаулық серігі
Алкоголь және есірткіні қолданудың алдын алу
Алкоголизм – бұл алкоголге деген патологиялық әуестенуден, психикалық іс-әрекеттің бұзылуынан, соматикалық және неврологиялық бұзылулармен, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінен, әлеуметтік байланыстарды жоғалтудан, тұлға деградациясынан көрінетін спирттік ішімдіктерді қолдану нәтижесінде пайда болған сырқат.
Наркомания – бұл есірткілік заттар тізіміне ресми түрде енген заттарды ұлғаятын мөлшерде қолдануға деген патологиялық әуестіктен көрінетін сырқаттар тобы.
Бұл сырқаттарға психикалық, физикалық тәуелділік, толеранттылықтың (әдеттену, үйрену) өсуі, ал қолданбаған кезде – абстинентті синдром (ломка) тән.
Кез-келген психобелсенді заттарды қолдану психикалық іс-әрекет пен адамның физикалық қалпына күрделі бұзылулар әкеледі, ол өз кезегінде науқастың өзіне де, оның туған туыстарына, жалпы қоғамға зиян келтіреді.
Зейін аударыңыз!
Алкогольді қолдану тілегі туындағанда кез-келген жағдайда ойша және шын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
А) маған бұл (алкоголь) не үшін керек?
Б) алкоголді қолданғаннан мен не аламын?
В) менің алкогольді қолданғанымнан кім жеңеді және кім жеңіледі?
Г) өзім және менің отбасым бақытты болу үшін мен қандай мөлшерде алкоголь ішу керекпін?
Д) мен өзімді құрметтеймін бе?
Е) мен не үшін туғанмын?
Ж) менің алкогольді ішімдікті қолданғаным саналы әрекетке жатады ма?
Ұсынылған есірткі немесе алкогольден бас тарту кезінде ең ыңғайлы жауапты таңдаңыз:
«Рахмет, жоқ. Мен өз істеріме есеп беретіндей жағдайда болғым келеді».
«Рахмет, жоқ. Мен велосипед тепкелі жатырмын».
«Рахмет, жоқ. Мен ата-аналарыммен, мұғалімдермен кикілжіңге түскім келмейді».
«Рахмет, жоқ. Ішсем (есірткі қолдансам), өзімді билеу қабілетімнен айырыламын».
«Рахмет, жоқ. Маған алкогольдің (есірткінің) дәмі ұнамайды».
«Рахмет, жоқ. Ішімдік ішкен соң, тез шаршаймын».
«Рахмет, жоқ. Бұл менің стилімде емес».
«Рахмет, жоқ. Мен толғым келмейді (сыра – жоғарыкалориялы өнім)».
«Рахмет, жоқ. Мен спорттық жаттығуға баруым керек».
«Рахмет, жоқ. Басқа еш нәрсе ұсына алмайсың ба?».
Есірткіні таратушы адамдардың әдеттегі сөзі:
КапасоваМ.И.
КапасоваМ.И.
Факт: нашақорлар барлық өмір қызықтарынан еркін болады.
Факт: тек бір рет қана бас тартуға болады – бірінші рет. Алайда адамдардың 99%-ы үшін ол соңғы болмайды.
Факт: ол барлық өмірді күрделі мәселеге айналдырады.
Факт: айырады, бірақ өмірмен бірге. (1384)
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету бағдарламасы
Категориясы:Әдістемелік көмек
№262 мектеп-гимназия мұғалімі Ембергенова Әсем Салауатовна
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету бағдарламасы
Мақсаты – жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық түзету. Қатысушылар: 9 сыныптар Мінез – құлқында ерекшелігі бар жасөспірімдермен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың тапсырмалары:
1.Тұлғаның адамдық типтерінің қалыптасу ерекшеліктерімен жасөспірімдерді таныстыру. 2.Мінез – құлықтағы ауытқушылықтың алдын алу бағыттары мен формаларымен жасөспірімдерді таныстыру. 3.Агрессивтілік деңгейінің төмендеуі. 4.Эмоционалдық мазасыздықтың төмендеуі. 5.Қарым-қатынастың тиімді тәсілдеріне үйрету. 6.Мінез-құлықтағы акцентуация деңгейін төмендету. 7.Жасөспірімдердің тұлғалық эмоционалды аумағын түзету. 8.Рөлдік ойындардың көмегімен мінез – құлықты түзету. 9.Жасөспірімдерге өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. 10.Ауторелаксацияға оқыту.
Түзету бағдарламасын өңдеу бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ағартушылық кезеңде – жасөспірімдермен әңгімелесу, дәріс оқу.
Мақсаты – жасөспірімдерді мінез – құлықтағы ауытқушылықтың алдын алу бағыттары мен формаларымен таныстыру.
Міндеті: Жасөспірімдерді тұлғалық типтің қалыптасу ерекшеліктерімен таныстыру. Келесі кезең – жасөспірімдердің мінез – құлық деңгейінің ерекшеліктерінің көрсеткіштерін түзетуге арналған ойындар мен жаттығуларды жинақтау. Бұл кезеңнің мақсаты жасөспірімдердің тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін түзету болып табылады. Бағдарлама мектепішілік педагогикалық кеңес отырысында талқылауға ұсынылады.
Психокоррекциялық жұмыстың әдістемелік негізі: Мектеп әкімшілігі, ата-аналар, мұғалімдермен әңгімелесу барысында қазіргі таңда жасөспірімдердің мінез – құлқындағы ерекшеліктер үлкен мәселе туындатып отырғанын көріп отырмыз. Ол жасөспірімдердің дау-дамайға көп түсуі, өзін-өзі басқара алмай қалуы т.б. болып табылады. Баланың дамуы өзінің мәдени - әлеуметтік ортаға кіруімен сипатталады, яғни баланың әлеуметтенуі және бейімделуінің қалай жүріп жатқанына тәуелді. Психокоррекциялық жұмысты жүргізуді мектеп әкімшілігінен, ата – аналардан және жасөспірімдердің өздерінен рұқсат алу қажет. Кіші топта жасөспірімдер арасындағы табиғи өзара іс - әрекетте арнайы механизмдер көрініс береді; мұндай арақатынас үрдісінде жасөспірімдер бір – бірін жеткілікті түрде танып алады. Өзін және басқаларды түсінуге үйренеді, қабілеттерін көрсетеді, қандайда бір жағдайда нені іске асыру керектігін біледі. Тренингті жүргізушінің мақсаты – балалардың іс-әрекетінде тең құқықтың сақталуын қадағалау. Бағдарлама сабақтың мақсатын сақтай отырып, оның басқа бөлімдерін тапсырмаларын, жаттығуларын, материалдарын, тапсырманың өту ұзақтығын өзгертуге болатындай етіп жасалған. Жаттығулар сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін болғандықтан сабақ кестесі қысқартылған күндері таңдалынып алынғаны жөн. Әрбір сабақ балалардың эмоциялық жағдайы мен қызығушылықтарына байланысты 40 минуттан 1,5-2 сағатты қамтуы мүмкін.
Сабақ құрылымы: Барлық сабақтардың құрылымы бірдей, және олардың жеке компоненттерін ауыстыруға, орындарын өзгертуге болады.
Сабақ жалпы түрде төмендегідей беріледі: 1. Сәлемдесу, қоштасу рәсімі; 2. Әңгіме, дәріс, пікірталастар; 3. Байланыс ойындарын, психологиялық үрдістерді жаттықтыруға арналған этюдтер, әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлық үлгілерін өңдеуге байланысты этюдтер; 4. қозғалмалы ойындар және динамикалық релаксациялар; 5.психотехникалық жаттығулар; сезім мен эмоцияны өңдеуге арналған этюдтер, әртүрлі жағдайлардағы мінез – құлық үлгілерін өңдеуге байланысты этюдтер; 6. Қозғалмалы ойындар және динамикалық релаксациялар; 7. Аутогендік, тыныс алу жаттығулары, медитация; 8. Кезекпен талқылау және еркін сурет салу арқылы психотерапевттік оқиғаларды тыңдау; 9. Жеке суреттердің сюжеттерін әңгіме және пікірталас арқылы талқылау;
Қажетті құрал – жабдықтар: a.Магнитофон; b.Медитация және релаксацияға арналған әуендері бар күйтабақ; c.Сезімдер мен эмоциялар жазылған бланктар; жағдаяттар жазылған карточкалар; жағымды қасиеттер жазылған бланктар; d.Скотч, қайшы, түрлі-түсті қағаз; e.Сурет салуға арналған қағаз, түрлі –түсті қарындаштар, парақтар, қаламдар, бояу, қылқалам.
Жұмыстың эффективтілік қағидалары жасөспірімнің тұлғалық жеке қасиеттерінің дамуы, оның шығармашылық талаптарының ашылуы, ішкі дүниесінің тынышталуы, өзін - өзі бағалаудың адекваттылығы, мінез – құлық көріністерінің жағымды динамикасы, мазасыздық деңгейінің түсуі, эмоционалды кернеуінің, агрессивтілік деңгейінің төмендеуі болып табылады. Жасөспірімдердің тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін түзетуге арналған бағдарлама 6 сабақтан тұрады.
№ 1 сабақ Уақыт – 40 минут. Дәріс. Оқушылармен нағыз қазақтарға тән мінез-құлық жайында әңгімелесу. Мақсаты: қазіргі таңда жасөспірімдер мінез-құлық ерекшеліктері өзгеріп, шетелден көптеген ақпарат құралдары (интернет, теледидар) арқылы қазақ менталитетіне, мінез-құлқына жат көптеген мәліметтер алуына байланысты, алдын-алу шаралар жүргізіп, дәрістер оқу, әңгімелесу. Қоштасу рәсімі.
№ 2 сабақ Уақыты – 55 минут. Дәріс «Өз сөзімнен бастап...». Мақсаты: жасөспірімдерге сөйлеу мәдениетінің біздің өмірімізге, денсаулығымызға әсер ететіндігі жайлы мағлұмат беру.
«Эмоция теңізінде» жаттығуы Нұсқау: Қане, қайсымыз әртүрлі сезімді бейнелейтін атауларды көбірек атар екенбіз? Кезекпен сөзді айтып оны плакатқа жазып кетесіз.
Жүргізушіге кеңес: мақсатымыз қатысушылардың эмоциялық сөздік қорларын байыту. Бұл жұмысты топтар аралық жарыс не «миға шабуыл» түрінде ұйымдастыра аласыз. Жұмыстың нәтижесі ретінде – плакатқа жазылған сөздерді сабақтың барлық бөліктері барысында қолдануға болады және жұмыс барысында бұл сөздерді толықтырып отыруға болады. Бұл топтың эмоциялық сөздігі болып табылады. Талдау: аталған сезімнің қайсысы саған басқасына қарағанда көбірек ұнайды? Сеніңше, қай сезім ең ұнамсыз? Саған осы сезімдердің қайсысы (жағымды не жағымсыз) көбірек таныс? Жүргізуші бір сезімді іштей ойлап жасырады. Содан кейін тол шеңберден теріс бұрылып тұрып көрсетпей, «шурум-бурум» деген сөзді ғана сипаттайды. Қоштасу рәсімі
№3 сабақ «Сезім» жаттығуы Уақыты – 45 минут Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл – күйді, эмоцияны сезіне білуді үйрету.
Жаттықтырушы: қазіргі көңіл – күйлерін фломастермен қағаз бетіне эмоцияларды бейнелей отырып көрсетулерін тапсыру. Нұсқау: сіздің алдыңызда түрлі сезімдер келтірілген. Сөйлемді аяқтаңыз: •Менің алдымнан шыға келсе, онда мен ... сезінемін. •Кішкентай баланы көргенде, мен ... сезінемін. •Танымайтын адамды көргенде, мен ... сезінемін. •Бірге оқыған сыныптастарымды көргенде, мен ... сезінемін. •Менің танысым тоқтай қалып, қалтасына қарады, мен ... сезінемін. •Мен біреумен сәлемдескенім, бөтен болып шықты, мен ... сезінемін. •Мен ескі махаббатымды көрдім, мен .. сезінемін. Қоштасу рәсімі
№4 сабақ «Иә» жаттығуы Мақсаты: Мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету Ұзақтығы: 20 минут Мәтін: көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп елестетіңдер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындадың. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып тыныштықпен үйлесімге кел. Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын, «иә» деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін ертеңіңізге күлімдеңіз, бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылып бүкіл денеңізге хош иіс таратады. Өзіңізге айтыңыз «Мен бақытты, салмақты болғым келеді, әлі мен сондай боламын».
Қоштасу рәсімі.
№5 сабақ «Өз көңіл – күйін бейнелеу» жаттығуы Тапсырма: • Өз көңіл – күй, сезім, эмоциясын саналы басқару қабілетін дамыту. • Басқа адаммен әсерлену өз сезімі мен көңіл – күй ыңғайластыру қабілетін дамыту. • Орындау уақыты: 30 минут. • Жүргізілу барысы: балалар өз қалауындағы суретті салып, өздерінің көңіл – күйлеріне қатысты оны түрлі – түске бояйды.
№6 сабақ «Бәріне ортақ зейін» жаттығуы Мақсаты: • қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын ұштастыра білуді дамыту; • қарым-қатынас құралдары арқылы қоршағандардың зейінін аудару дағдыларын қалыптастыру. Ойынға қатысушылардың барлығына қарапайым бір тапсырманы орындау жүктеледі. Физикалық әрекеттерге жүгінбей, кез-келген құралдар арқылы қоршағандардың зейінін өзіне аудару керек. Барлық қатысушылар бұл тапсырманы бір мезетте орындайды. Соңында кім, қандай құралдар арқылы басқалардың зейінін өзіне аудара білгендігі талқыланады.
Жаттығуға 15 минут уақыт беріледі.
Әдептен озбайық.
Сабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық.
Сабақтың мақсаты: жеке адамның мінез-құлық мәдениеті туралы, мінез-құлық ережелері мен мінездің кейбір белгілері жайында түсінік қалыптастыру. Студенттер бойына шынайы адамгершілік қатынастарды – жолдастық, ынтымақтастық, ізгілік, адалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті орнықтыру. Студенттердің мінез-құлық мәдениетін дамыту. Көрнелігі: интерактивті тақта
Сабақтың эпиграфы: «Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». Чехов А.П.
Кіріспе сөз: Мінез-құлық ережелері әрқашанда гигиена талаптарын бейнелеп келді және бейнелеп отыр. Мінез-құлықты билейтін әдет-ғұрыптардың басым көпшілігі психогигиенамен тікелей байланысты. Әрбір адам өзінің айналасындағылармен қарым-қатынасын бірінші кезекте психогигиена талаптарына сүйеніп, саналы түрде реттеп отыруға тиіс. Үстел басындағы мінез-құлық ережелерінің едәуір бөлігі және жалпы мінез-құлық ережелерінің де көпшілігі гигиена талаптарына бағынады. Мысалы, біреудің түсіп кеткен қол орамалын көтеріп алып бермей-ақ иесіне ескерте салса жетеді: басқа біреудің қол орамалын қолға ұстаған жағдайда қайсыбір ауруды жұқтырып алуың немесе өз қолың арқылы ондай ауруды орамалға жұқтыруың мүмкін. (Бірақ қартайған немесе ауру адамға жас және неғұрлым дені сау адам, әрине, орамалын жерден алып береді.) Сыпайылық ережесі біздің шу көтеруімізге айналадағылардың мазасын алып, шамына тиюімізге тыйым салады. Сыпайылық сөйлегенде және іс-әрекет жасағанда ұстамды болуды талап етеді. Академик И.П.Павлов 1883 жылдың өзінде-ақ ағзаның бүкіл қызметін жоғары нерв жүйесі басқарады деп жазған болатын. Медициналық зерттеулер ми қабығындағы қозу мен тежелу әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін екенін көрсетті. Дәрігерлер тіпті біздің өзіміз де байқай бермейтін кез-келген шу миымыз бен бүкіл денемізде қозу толқынын туғызады дейді. Уақыт өте келе бұл тітіркенулер ағзада ізін қалдырып, жүйке, қан тамырларының ауруы, асқазан ауруы, қан қысымының артуы және т.б. сияқты аурулардың асқынуына себепші болады. Адамның ішкі жан-дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. Ішкі жан-дүниесі бай болса, оған мінез-құлқының жоғары мәдениеті сай келеді.
Сәлемдесу 1.Қол алысып амандасу қайдан пайда болды? Еуропа халықтарында сәлемдескенде бір-бірінің қолын қысатын болған. Бүгінгі таңда бұл дәстүр құрметтеу белгісі деп түсініледі. Ал бұл ғұрыптың тууына басқа себеп: татулық бейбіт ниетті дәлелдеу себеп болған еді. Алақанын жазып, ілгері созылған оң қол онда тас, пышақ және басқа қару жоқ екенін дәлелдеуге тиіс болатын. Егер екінші жақ та бейбіт ниетте болса, шын пейілімен қол қысып, сәлемдесетін болған. Нақ сол ойды Шығыста арабтар кеудесіне қолын қусырып, түрікмендер қолдарын ұзын жеңіне тығып білдірген, қытайларда бас игенде қолдары екі жағында салбырап тұратын болған. 2. Бас киімін алып құрмет білдіру қалай пайда болды? Бұл ғұрып бейбіт сезімнен, шайқас алаңында дулығаны шешуден басталған еді. 3. Сәлемдесу қалай оңайлатылды? Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаны тұмау сүзек індеті жайлаған кезде, дәрігерлердің бастамасымен, Сәлемдесуді оңайлату одағы пайда болды. Көптеген қалалардың көшелерінде кеудесіне ерекше белгі таққан, қол алыспай және қалпағын көтермей амандасатын адамдарды көруге болатын еді.
Мінездің ұнамды белгілері
1.Әдептілік сезімі дегеніміз не? Бұл - өзіңді әр түрлі жағдайда жалпылама мінез-құлық ережелеріне сәйкес қана емес, сонымен қатар эстетикалық және этикалық талаптарды да қанағаттандыратындай етіп ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі адамның өзге біреудің жанына бататынның немесе қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуін және басқа біреудің қажеттері мен уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады.
2. Адам бойында ең алдымен өзіне-өзі сын көзбен қарай алатындай сыншылдық негіз не үшін дамуы керек деп ойлайсың? Адамдар және олардың мінез-құлқы жөнінде пікір түйместен бұрын өзіңе сын көзбен қарай білу қажет. Сынаушы өзі айыптап отырған кемшіліктер оның өзіне де тән екенін көбінесе аңғара бермейді. Сезім мен парасат билейтін әдептілік іс-әрекеттен де, сөзден де көрінеді. Әдепті адам ешкімнің мазасын алмай, ешкімді ренжітпей, қарапайым жүріп, өзін қарапайым ұстайды.
3. Табиғилықты сақтау дегеніміз не? Өзің қандай болсаң, сондай болу деген сөз. Бұл үшін адалдық пен шыншылдық қажет. Екіжүзділіктен, қылымсудан және қулық жасаудан асқан жаман ештеңе жоқ. Қыз сияқты аңғал болып көрінуге тырысатын ересек әйел қандай күлкі келтіретін болса, ересек болып көрінуге тырысатын жас қыздар да сондай күлкі келтіреді. Өз қалпыңда көріну, мінез-құлқыңда табиғи болу, шама-шарқыңды сезіне білу – нағыз әдемілік, міне, осында, жақсы талғам деген де осы.
Мінездің жағымсыз жақтары
Мінездің ең жиренішті жақтары - өзімшілдік, күншілдік және жағымпаздық. Өзімшілдің, күншілдің және жағымпаздың мінез-құлқын жеке басының пайдасы немесе адамдардың шағын топтарының (мысалы, отбасының) пайдасы билейді. Жағымпаздың мақтауы мен жарамсақтануы оның нақты қалыптасқан жағдайда дұрыс бағдар алуына одан сайын көбірек кедергі жасайды. «Мақтау – ақымақтарға қазылған ор» деген нақыл сөз бар. Өзінің де, өз жақындарының да мінезінің жағымсыз жақтарына қарсы күресіп, оңды жақтарын дамыта түсу - әрбір адамның міндеті.
Өзін-өзі тәрбиелеу Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз - мінезді қалыптастыруға бастайтын жол, өз бойындағы бағалы адамшылық қасиеттерді саналы түрде дамыту. Академик И.П.Павлов адам дегеніміз өзін-өзі кең көлемде реттей алатын, яғни өздігінен жетіле алатын бірден-бір жүйе деп атап көрсетті. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзіне сын көзбен қарап, өз қателерін мойындауға батылы жетуі қажет. Мінездегі кемшіліктерді жойып, жақсы сипаттарды жетілдірмейінше, өзін-өзі тәрбиелеу мүмкін емес. Өнердегі сияқты, адамның бойында да форма мазмұнға сай болуы қажет. Әдетте, адамның сыртқы келбеті ішкі мәдениетін бейнелейді.
Қорытынды: Енді өз пікірлеріңізді айтыңыз.
Тақтаға жазып, дәлелдеңіздер.
Мінездің жағымды жақтары: Мінездің жағымсыз жақтары:
Мақалаға белгі:Әдептен,озбайық,тәрбие
АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Категориясы:Әдістемелік көмек
АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.
Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше.
Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу — әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.
Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. «Сөзді кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру.
«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924. Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992 Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, — 2000 ж
Сабақтың мақсаты: «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» арқылы кәсіпкер мамандығын саналы түрде таңдауға дайындау.
Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту. Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жоспарын жасау, түйіндеме жазу, жарнамалау жолдарын үйрету; Дамытушылығы: маңызды шешімдерді қабылдай алатын,жетістікке жететін,белсенді азамат болуға танымдылық қызығушылығын дамыту; Тәрбиелігі: жеке бас құндылықтары, мінез-құлықтың дамуы және іскерлік әдеп, ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тақырыбы: «Өзін-өзі тану, өмірді тану»
Шығармашылық сабақ ығармашылық сабақ Мақсаты: Оқушылардың “өзін-өзі тану, “өмір” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - Адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру? -Сыйластыққа,кішіпеілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: ведио көрініс, интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаздар Кіріспе сөз: “Өзін-өзі тану,өмірді тану” баяндама оқу Ұрпақ өнегесі,олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап,рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын “Бөбек”қорының президенті,еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның “Өзін-өзі тану” автолық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз.Бұл пәннің негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортаны танып,өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп,өзін-өзі тану негізінде ,адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру,баланың өзіндік “Менін” қалыптастыру. Бала –кең әлемде ең пәк,еңтаза асыл жан.Оның ойының тазалығы,арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ.Бала осы ортаны қалай қабылдап,танып білсе,оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Мектеп –білім ошағы, тәрбие ортасы,тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы руханилық-адамгершілік тәрбие берудің ошағы “Өзін-өзі тану” пәні десек өте орынды.Өзін-өзі тану пәнінің өзіндік ерекшеліктері “Шаттық шеңбері”, “Әңгімелесейік”, “Сергіту сәті”, “Сахналау”, “Ойын-жаттығу”, “Жүректен жүрекке” атты әдістері оқушылардың дамытушылық ортасын құруға ықпал етеді. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап,оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп,демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы,жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді,адамгершілігі мол,үнемі талпынып тұратын,өз елін,жерін,тілін,отбасын сүйетін,еңбекқор,адал адам тәрбиелеп шығаруымыз сөзсіз. Сонда ғана бала жүрегі шешек атады.Басқаға жан жылуын жеткізе алады. Бойында барын ортаға салады.Өзін танытады,өзгені де бар күнде мойындайды,кешірімді болады. Міне,осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес,болашағын сәулелі күйде елестетіп,алға ұмтылатын,арманшыл,қиялы асқақ,рухы биік азамат тәрбиелеугеболады. «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік сабағы-сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. Бақыт шеңбері - Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. «Бақыт шеңбері аясында бір-бірімізбен амандасып алайық» Нұсқау: Балалардың қолдарында түрлі-түсті қағаздар болады. Көк,сары,қызыл,ақ,жасыл. Осы түстерді балалар бір-бірлеріне беру арқылы амандасып,ол түсті не себептен бергені туралы айтып өтеді. Мысалы: Арайлым саламатсыңба? Мен саған көк түсті берген себебім аспандай ашық бол деп тілеймін. Әңгімелесу Балалар,сіздерге Данышпан ата осы кезге дейінгі өткен сабақтарыңды қалай меңгергендеріңді байқау үшін сынақ тапсырмасын беріп жіберіпті, сол сындардан сүрінбей өтсе «Өзін-өзі тану елінің көшбасшысы» атанып,биікте тұрған «Адамгершілік шыңына» шыға алады дейді.Осы сұрақтарға өз ойларыңмен жауап берулеріңе болады.Содан соң сендерді биік шыңға шығуда үнемі көмектесу үшін мына тұмарды мойындарыңа тағамын. (ата-аналарданда сұрауғаболады,өз ойларын айтуға) • Адал достық дегенді қалай түсінесің? • Ойлы бала озар деген сөзді қалай түсіндіре аласың? • Еңбекқорлық пен еріншектік • Талаптыға нұр жауар • Сабыр түбі сары алтын • Ашу – дұшпан, ақыл дос • Жақсылық жасай білейік • Құрметтей білейік деген сөздің мағынасы қандай?
Сергіту сәті Балалар,кәнекей бақыт шеңберінде тұрып,денесін бір сәт сергіту үшін «Бәрі маған байланысты» жаттығуын жасайық. Бәрі маған байланысты - Жігер деген -МЕН ! - Күш деген-МЕН! - Махаббат деген-МЕН! - Кешірім деген-МЕН! - Жастық деген –МЕН! - Денсаулық деген-МЕН! - Ақылдылық деген-МЕН! - Жарқындық деген-МЕН! - Бар ғажайып деген –МЕН! Бәрі маған байланысты БӘРІ МЕНІҢ ҚОЛЫМДА!
Шығармашылық жұмыс Балалар,сендерге өмір туралы көп нүктенің орнына тиесілі сөзді тауып, мағынасын ашуда сөз құрастырып шығуларыңыз керек. Өмір……..қызық. Өмірді…….жалғайды. Өмірді……ұзартады. Өмірдегі……қымбат кезең. Өмір…..тоқтайды Өмірде……өлмейді. Өмір…..байлық.
Бейнекөрініс Балаларға Абай Құнанбаевтың қара сөзінен үзінді көрсетіледі. Түйіндеу: «Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек» (Абай) Балалардың жауаптары тыңдалады. Дәйексөз «Адам өміріндегі ең қажетті білім-өзін-өзі тану» деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіру,ойларын отаға салып талдау тапсырылады. Дәптермен жұмыс 1 тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап жазады. 1. Мен кіммін? 2. Менің мінезім қандай? 3. Менің мінезімнің жағымдық жақтары қандай? 4. Менің мінезімнің осал жақтары қандай? 5. Мен қандай болуы керек?
«Күн жасау» жаттығуы Балалар,алдарыңызда тұрған күннің шапақтарына «Өзін-өзі тану» пәнінің авторы Сара Алпысқызына өз жүректеріңізден шыққан тілектеріңізді жазып,күнді нұрландырып жіберулеріңіз керек және де ата-аналар сіздер алтын тілектеріңізді жазып, жүрекшенің ішіне саласыздар. Слайд. Сараның суреті көрсетіліп тұрады және «Мереке» әні шырқалады.
Қорытындылау Мен бүгінгі шығармашылық сабағымда «Өмір,өмір» атты өлең шумағымен аяқтағым келеді.
Тренинг сабақтың тақырыбы: «Қарым – қатынас және адамгершілік
Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.
Н.Ә.Назарбаев
Мақсаты: балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарлату.
Ұйымдастыру кезені:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме? Көңіл-күйлерін қалай? Бүгінгі тақырыбымыз «Қарым – қатынас және адамгершілік». Біз тренингті бастамас бұрын тренинг ережесін құрып алайық.
Тренинг ережесі:
Бір – бірін тындау
Қарым – қатынастағы шыншылдық ережесі
Топтағының сыртқа шықпауы
Әр түрлі адамдардың қарым – қатынасы
Белсенді қатысу
Сөйлеушіге құрмет
Барысы:.
1)«Мен кіммін, қандаймын?! Жаттығуы Мақсаты:өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.
10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі
Мен Аселмін.
Мен әдемі, сұлу қызбын.
Мен қазақпын...
Мен ........т.с.с.
2) « Жүз доп »ойыны.
Мақсаты:балалардың зейіндерін істеген істеріне бөлу және айналадағы құрдастарымен дұрыс қарым – қатынаста болуына үйрету.
Мазмұны: балаларды шеңберге қойып. Алдын ала бір – бірімен келісіп допты лақтырады. Сол бала басқа балаға лақтырады. Сонымен ойын жалғасады.бір – бірімен сөйлеспей допты бір – біріне лақтыру жерге түсірмей. Жалғасуында бір доптың орнына бірнеше допты кіргізуге болады
Жағымсыз ерекшеліктер: -Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с.
4) Менің эмоциям және сезімім жаттығуы
Мақсаты:Адамның ішкі сезімі мен көңіл - күйінің көрініс табуы.
Көңіл-күй түрлерін жазасыз. Сол көңіл -күйді мимикамен көрсетесіз.
2-минут беріледі. Мысалы, күлу, ойлау, қиялдау, аңсау, жылау, уайымдау т.с.с. Осындай әдістемелер немесе тренинг, профилактика, кеңес, мақал-мәтел немесе аңыз айта отырып, баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету.
5)«Бәріміз бірге»
Мақсаты:балалардың бір – бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды.(әр бала допты екі қолымен ұстауы керек) жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.
Нұсқау: Мына суретте ит бейнеленген. Оның бақыты үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не? Иттің қасында барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның көңіл-күйін қалай көтересіз.
Бұл итке тура келмейді-ау, бұл оған керек емес деген ойлар сізге кедергі келтірмесін. Не қаласаңыздар, соны салыңыздар.
7) . «Саңырау телефон»
Барлық балалар шеңбер бойында отырады. Бірінші отырған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтамын. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін айтады, ең соңғы қалған оқушы естігенін дауыстап айтады. Мысалы, Мен өмірге келгеніме қуанамын, мен болашақта мықты маман боламын, ата-анамның борышын ақтаймын т.б және өз пікірлері.
8) Релаксация
«Мен бақытты баламын».
Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап,гүл бағына саяхатқа баруды ұсынамын:
- «Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр»
Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтектерін ашып, күнге күлімдейді.
- «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқиған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып, ең жақын досына сыйла»
Балалар өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді.