kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналарды жиналыс?а ?алай ынталандыру керек.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналарды жиналыс?а ?алай ынталандыру керек. 
(?з т?жірибемнен).
  Мектептегі сынып жетекшісі ж?мысыны? басты ба?ыты-о?ушыларды? отбасымен ж?мыс жасау. Мектеп ж?не сынып жетекшілерді? ата-аналармен тіл табысып кетуі ?лкен проблема. Сыныпта?ы ата-аналар жиналысы, сыныпта?ы барлы? ата-аналар ?жымымыен бір мезгілде ?арым-?атынас жасауды? тиімді формасы. Кей жа?дайда кейбір ата-аналар бойында абыржу бай?алып, балам туралы не айтар екен деген ойлармен отырады. Сол себепті к?п ата-аналар мектептегі ата-аналар жиналысына келгісі келмейді. Ал мен осы ?иыны да ?ызы?ы мол маманды?та 30 жыл ?ызмет жасап ж?ріп, т?жірибелі ?стаз ретінде мектеп табалдыры?ын ал?аш басып т?р?ан жас ?стаздар?а а?ыл ке?естерім. 
  Ата-аналар жиналысын ?ткізу бірнеше кезе?нен т?ратынын б?ріміз білеміз.
1-кезе?. ?йымдастыру. Ата-аналармен м??алім арасында с?хбат.
2-кезе?. Негізгі кезе?. 
1.Сыныпта?ы о?ушыларды? т?ртібі туралы айту.
2.Сыныпта?ы о?ушыларды? о?у ?лгерімдері туралы айту.
3-кезе?.?орытынды кезе?. Ата-аналар тарапынан ?андай ?сыныстар бар.     
 Мен ата-аналар жиналысын былай ?ткіземін. Та?та?а ?р адамды ойландырар дана ойшылдарды? дана с?здерін жазып ?оямын. Мысалы: Ризауиддин Фахруддин с?зі: 
 * «?йелдері т?рбиелі бол?ан халы? – т?рбиелі, ?йелдері т?рбиесіз бол?ан халы? –т?рбиесіз».
* «Алды??ы жа?сы арт?ы жас?а т?рбие бермесе, ел болар ?айда?».

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналарды жиналыс?а ?алай ынталандыру керек. »

Ата-аналарды жиналысқа қалай ынталандыру керек.

(Өз тәжірибемнен).

Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының басты бағыты-оқушылардың отбасымен жұмыс жасау. Мектеп және сынып жетекшілердің ата-аналармен тіл табысып кетуі үлкен проблема. Сыныптағы ата-аналар жиналысы, сыныптағы барлық ата-аналар ұжымымыен бір мезгілде қарым-қатынас жасаудың тиімді формасы. Кей жағдайда кейбір ата-аналар бойында абыржу байқалып, балам туралы не айтар екен деген ойлармен отырады. Сол себепті көп ата-аналар мектептегі ата-аналар жиналысына келгісі келмейді. Ал мен осы қиыны да қызығы мол мамандықта 30 жыл қызмет жасап жүріп, тәжірибелі ұстаз ретінде мектеп табалдырығын алғаш басып тұрған жас ұстаздарға ақыл кеңестерім.

Ата-аналар жиналысын өткізу бірнеше кезеңнен тұратынын бәріміз білеміз.

1-кезең. Ұйымдастыру. Ата-аналармен мұғалім арасында сұхбат.

2-кезең. Негізгі кезең.

1.Сыныптағы оқушылардың тәртібі туралы айту.

2.Сыныптағы оқушылардың оқу үлгерімдері туралы айту.

3-кезең.Қорытынды кезең. Ата-аналар тарапынан қандай ұсыныстар бар.

Мен ата-аналар жиналысын былай өткіземін. Тақтаға әр адамды ойландырар дана ойшылдардың дана сөздерін жазып қоямын. Мысалы: Ризауиддин Фахруддин сөзі:

* «Әйелдері тәрбиелі болған халық – тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық –тәрбиесіз».

* «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәрбие бермесе, ел болар қайда?».

Платон сөзі:

  • «Ер бала тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз. Ал қыз бала тәрбиелей отырып келешек ұрпақ тәрбиелейміз».

Көбінесе мектептегі жиналыс мынадай сатыдан тұрады.





Б

Т

Ж

- -



Ж-Жиналыс Б-Байланыс Т-Тартыс.

Ал біз жиналысты былай ұйымдастыруымыз қажет.

Ж

Б

Д



+ + +



Ж-Жиналыс Б-Байланыс Д-Дос

Ата-анамен ұстаз арасында түсінушілік, достық болу керек. Жиналыс өтіп жатқан кезде мен жақсы кейіпкерді кітаптан емес, осы ауылдағы ақылды ана, асқар таулы әкені мысалға келтіремін. Сонымен қатар аудандық «Мағжан жұлдызы» газетіне мақала ретінде әр отбасы туралы ой толғаныш жазамын. Мақаламның тақырыптары:

«Ақылы келбетіне сай аналар», «Ел анасы атағы кімге лайық?», «Алдынан ай,артынан күн туған келіндер», «Абысын тату болса, ел көркі», «Көршің сырласың», «Ұстазың ақылшың», «Асқар таудай әкелер», «Әкең-тірегің, әкең-мақтанышын».

Оқу жылы соңында сынып жетекші ретінде барлық отбасындағы аналар мен әкелерді мақтаныш етіп, мектеп ұжымы атынан алғыс хат бергіземін. Қорыта келе ел аналарына мынадай атақтарды қосамын. «Ақылды Айғаным ана», «Зеректі Зере ана», «Ұлағатты Ұлпан ана», «Дәріскер Домалақ ана». Сонымен қатар мысалы отта тұрған ошақ қай уақытта мықты болады? Егер үш аяғы да болса. Осыған орай ата-ана, сынып жетекші, бала достық қарым-қатынаста болу керек.







Достық

қарым-қатынаста болу керек.

















Ата-ана Сынып жетекші Бала

Мысалы ауылымызда көптеген оқушыларымыз ардақты ата-анасынан, тәжірибиелі алтын қазыналы ата-әжесінен көргендіктен, Петропавл қаласында Ішкі Әскер институтта оқып, 7 баламыз офицер атағын алып шықты.Ол дегеніміз осы оқушылар бойында Отанға, елге, жеріне деген патриоттық сезім көрініп тұр. В.АСухомлинский сөзін мысалға алсам ол былай: «Баланың ата-анасына тек күйініш қана әкелуіне жол беруге болмайды». Керісінше балаға үлкен сенім артып, ата-анаға жақсы тілек айту керек.

Тәжірибелі ұстаз ретінде айтарым: (қазақтың 7 қасиетті санына байланысты 7 ұстаныным).

  • Жиналыс ұзаққа созылмау керек.

  • Қаншалықты оқушыға ренжіп тұрсаң да, ата-анасына білдірмеу керек.

  • Жиналысты әр уақытта тәрбиелі сөздерден бастау керек.

  • Баласын не қызын жаман демеу керек, тек тілек айту керек.

  • Бір ата-ананы асыра мақтап, екінші ата-ананың дәрежесін төмен түсірмеу керек.

  • Ата-ананың қызметіне, тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік жағдайына қарамай бәрін бірдей ұстау керек.

  • Осылардың бәрін жүзеге асыру үшін сынып жетекші не ұстаз жоғары мәдениет иесі болу керек.



Досова Ж.С


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ата-аналарды жиналыс?а ?алай ынталандыру керек.

Автор: Досова Жамила Садуовна

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 154797


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства