kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?аты. “Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым”

Нажмите, чтобы узнать подробности

- О?ушыларды? ?аза?стан туралы білімдерін ке?ейту. Отанын с?юге, байлы?ын ?ор?ау?а, елжандылы??а, ?семдікке, жауапкершілікке т?рбиелеу.?нерге деген ?абілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриотты? сезімдерін ояту.

 Ел р?міздерін тарихын білу.

- Отан алдында?ы борышын т?сіне білуге т?рбиелеу. ?аза?станны? ?рбір азаматы ?зіні? с?йікті Отаныны? ?ор?аушысы болу?а міндетті. ?скеле? ?рпа? болаша?та білімді, отанс?йгіш патриоттары болуы керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты. “Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым”»

Тақырыбы:   «Менің Қазақстаным – менің болашағым!»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел рәміздерін тарихын білу.

2.Дамытушылық: Сөз қорын, ақыл-ойын молайту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеті:

  • Туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеу

  • Еліміздің рәміздерін қастерлеу

  • Отан - отбасынан, туған жерден басталады



Көрнекілігі: интерактив тақта, Н. Ә Назарбаевтің суреті, слайдтар, қазақ елі рәміздерінің суреттері, плакатқа жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, жалау, әнұран музыкасы,

Барысы: Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Презентация ««Менің Қазақстаным – менің болашағым!»

Сабақтың жүрісі: 2 бөлімнен тұрады:

1-бөлімнің аты - “Мен туымды көкке ұстаймын”

2-бөлімнің аты - “Қазақстанның болашағы - біз”

Оқушылардың назарын сабаққа аударту,екі қатарға бөліп отырғызу. Оқушылардың мойындарында көгілдір галстук тағылған.

Қанатты сөз:

  1. Туған жер – алтын бесік.

  2. Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.

М. Мақатаев





АПАЙ: Қымбатты ұстаздар бүгінгі 7“б” сыныбының “Менің Қазақстаным – менің болашағым” атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Отан оттан да ыстық – дейді халқымыз, егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ал ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады. Еліміз аман , жұртымыз тыныш.Бейбіт заман. Қандай рақат! Осының бәрі кімнің арқасы? Әрине, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың арқасы.

Құрметті ұстаздар “Менің Қазақстаным – менің болашағым” атты тәрбие сағатын тамашалауға рұқсат етіңіздер.

Эльмира ж: Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі әнші, өзі ақын халықта

Кім айта алар болмаған деп әнұран.

Айдос ж: Сынып қатар түзеп,тік тұрайық! Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалсын!

Бәрі хормен әнұран орындайды.

Эльмира ж: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Айдос ж: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Эльмира ж: Алдымен тәрбие сағатымыздың шарттарын түсіндіріп кетейік.

Тәрбие сағатымыз 2 бөлімнен тұрады:

1-бөлімнің аты - “Мен туымды көкке ұстаймын”. Бұл бөлімде оқушылар жобалар қорғайды.

2-бөлімнің аты - “Қазақстанның болашағы - біз”. Бұл кезең топтар арасында сайыс арқылы өтеді.

1-бөлім.

Меруерт: Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт-санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата-бабаларымыз қалай аңсады десеңізші!

Мейіржан: Ия, Меруерт біз ата-бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған, көршілерімен тату –тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық айтпаймыз.

Бахтияр: Рас, сұлу табиғат, бай өлке бізде. Оны ақын жырлары да растай түскендей.

Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,

Сенбісің Қазақстан деген аймақ?

Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,

Өмірдің думан тойын жатқан тойлап

Альбина: Ата-бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біздер, бүгінгі ұрпақ қадірлеп, осы күн үшін күрескен азаматтарымызды еске алып, ертеңгі күніміз бүгінгіден де жарқын болсын деп армандаймыз!

Тәуелсіз елдің жырын жырлап ғарыштан

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан

Келешегі кең өрісті кемелді

Жайна мәңгі Қазақстан гүлстан!

Эльмира ж: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй – деп Абай атамыз айтқандай кезекті әнге береміз!

Айдос ж: Ендеше, Садыкова Анелияның орындауында “Атамекен” әнін қабыл алыңыздар! Анелияның әні - “Атамекен”

Айдос ж: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.

Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген.

Қыран құсым көк аспанда самғасын

Желбіресін көк байрағын сан ғасыр

Жас ұландар берік ұста туынды

Жарқыратып ткған елдің таңбасын - дегендей

ҚР-ның рәміздерін мақтаныш етеміз. Ендеше сол рәміздерді атайық!

Айымгүл: Батырлыққа уызынан жарыған,

                                    Ер түркіні байрағынан таныған.

                                      Өзі ақын , өзі әнші халықта ,

                                      Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.





Ақжарқын: Ту. Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

                                      Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер  де.

                                      Жаһандағы  ең жауынгер халықта

                                      Кім сенеді Ту болмады дегенге ?

Егер де Туға тұтас зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Біздің туымыз – көгілдір түсті. Көгілдір түс – бейбіт аспанның түсі.

Ту ортасында - алтын күн бейнеленген. Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.Күн астында - қыран бүркіт қалықтайды. Қыран бүркіт – қазақ халқының асқақ арманы, бостандығы мен еркіндігінің белгісі. Тудың шетінде қошқар мүйіз деп аталатын ою-өрнегі бар.

Ою-өрнек – халықтың ақыл-ойының шеберлігінің, қол өнердегіізденістің жемісі.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші.


Ақниет: Елтанба. Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

                                        Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

                                        Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

                                        Түлігіне дейін салса  ен – таңба ?!

Елтанба көгілдір және алтын түсті. Көгілдір түс – бейбітшілік, ал алтын түс – байлық символы. Елтанбаның ортасында – шаңырақ бейнеленген. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі – бүтін қазақ елінің символы. Шаңырақтан күн сәулесіндей уықтар тарайды. Алтын күн – нағыз өмір салты.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақтар шаңырақты алып,т қанаттарымен көмкеріп тұр. Ай мүйізді – қайратты, алып қанаттар- биік самғауды биік самғауды білдіреді.

Елтанбаның жоғары жағында 5 бұрышты жұлдыз,ал төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар. Авторы: белгілі суретші – Шотаман Уәлиханов, Жәнібек Мәлібеков


Эльмира ж: 2 бөлім - “Қазақстанның болашағы - біз” атты кезеңді тамашалайық.

Бұл кезең жарыс, ойын түрінде өтеді.

Сайыс шарттары:

  1. Топтың аты, ұраны. Атың - топ басшысы айтады. Ұраны хормен

  2. Білгенге маржан

  3. Көрініс

  4. Мақал – сөздің мәйегі


Эльмира ж : 1- шарты басталады

1-шарты

Бақтияр: 1-топ. Топтың аты – Атамекен. Ұраны: Атамекен – анаң екен,

Қысылғанда – панаң екен.

  1. Бақтияр

  2. Меруерт

  3. Аделя

  4. Нурдана

  5. Камила

  6. Серікболсын

  7. Альбина

  8. Ерболат

  9. Ринат

  10. Асем

  11. Азамат


Анеля: 2-топ. Тoптың аты – Туған жер. Ұраны: Туған жердей, жер болмас

Туған елдей, ел болма

  1. Анеля

  2. Дариға

  3. Индира

  4. Жақсылық

  5. Мейіржан

  6. Райымбек

  7. Айымгүл

  8. Диана

  9. Ақерке

  10. Ақжарқын

  11. Төрекен

  12. Ақниет

Айдос ж: 2-шарты. Білгенге маржан яғни ойын түрінде сұрақ – жауап

Өткен жылдар жемісі. Оқушылар өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Оқушылар слайдтағы сұрақтарға жауап береді

1-топ сұрағы

1.Тұңғыш рет Н.Назарбаев республикамыздың президенті етіп сайланды?

1991 ж 1 желтоқсан

2.Еліміз Тәуелсіздігін қашан жариялады?

1991 ж 16 желтоқсан

3.Қ.Р. Ата заңы қашан қабылданды?

1992ж 28 қаңтар

4.Жаңа Конституция қашан қабылданды?

1995ж 30 тамыз

5.Желтоқсан оқиғасы?

1986ж 16 желтоқсан


2-топ сұрағы

1.Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы жарияланды?

1997ж

2.Қай жылы БҰҰна мүше болды?

1992ж 8 маусымда

3.Қашан Қ.Р рәміздері туралы заң қабылданды?

1992ж 4 маусым

4.Тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?

1991ж 10 қазан

5.Мемлекеттік тіл жылы болып қашан жарияланды?

2007ж






  1. Шарты. КӨРІНІС

Айдос ж: Міне, 3 шартымыз Көрініс көрсету де таяп қалды. Қанекей 1-топтың көрінісін тамашалайық.


1-топ. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?

Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атын,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Есімі еш адамның өшпейді екен,

Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,

Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.

«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,

Өткендерін қалай да білесін деген.

Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих? Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.

Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстанды одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын боламын.

Атасы: Балалар, туған дерді гүлдендірер ұл - қызы, міне, сендерсіңдер. (Атасы мен немересі шығып кетеді)



Бахтияр: Өмірімізді, өткенімізді көріп,

Әнімізді, жырымызды тыңдап,

Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,

Тұқымымызды, ғұрпымызды көріп,

Өзімізді, сөзімізді тыңдап,

Оқушылар хормен: «Бұл - қазақ», - дейді.



Бахтияр көрініс соңында: Біздің бұл көріністі көрсеткен мақсатымыз:

  • Қазақ халқымыз “жеті атасын білмеген жетесіз” деп бекерге айтпаған. Кіндік қанымыз тамған туған жерімізді, және арғы ата-тегіміз қазақ екенін мәңгі ұмытпау

  • Еліміз Қазақстанды дамытуға,көркейтуге үлес қосу

  • Қазақстан туған өлкем.

Жер көп пе сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.









2-ші КӨРІНІС

Эльмира ж: 2-топтың дайындаған көрінісін тамашалайық!

2-топ.

Ақжарқын автор: Хан ордасы. Абылай хан тағында отыр, жан-жағында Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр сынды баһадүр қолбасшылар отыр. Сырттан дабырласқан дауыстар шығады.

  • Бұқар жырау кіреді. Абылай хан түрегеліп, амандасып, оң жағынан орын береді.


Бұқар жырау - (Төрекен): Армысың, Абылай!


Абылай хан - (Мейіржан): Армысыз Бұқар баба!


Бұқар жырау - (Төрекен): Армысыңдар, жарқындарым! – деп отырған 3 батырға амандасады.


Қабанбай батыр – (Ерболат), Бөгенбай батыр - (Жақсылық), Наурызбай- (Серікболсын): Армысыз Бұқар баба! – деп 3/і жауап береді


Ақжарқын автор: Бұқар жырау сәл ойланып, тұнжырап қалғандай болады, Абылайға қарап сөзін сабақтайды.


Бұқар жырау - (Төрекен): Біз бармыз-ау, хан ием. Қазақтың халін айтсаңдаршы, сол мендегі зор, сол мендегі запыран... Қандауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді. Қызымызды басыбайлы күң, ұлымды мұрны тесілген құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар, Абылай? Беркесі жоқ елдің,бірлігі жоқ. Не қылмақ ойың бар, а, Абылай?


Ақжарқын автор: Ордада үңсіздік. Бұқар Абылайдан жауап күткендей.


Бұқар ж - (Төрекен): Бар сенгеніміз сенсің, Абылай! Баста мына еліңді!


Бөгенбай – (Жақсылық): Қарт баба дұрыс айтады. Үш жүздің қазағының басын қос, баста мына еліңді.


Бұқар ж - (Төрекен): Сайдың тасындай даңықты батырларың мен қалың қазақ сені қолдамаса, маған кел.


Абылай – (Мейіржан): Ақиқатты ғана айтасың-ау, жырауым! Ақтабан шұбырындының кегі үшін ғана емес, қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырмыз.


Бөгенбай – (Жақсылық): Картаны көрсетеді. Уа, хан ием! Міне, мына жерде біз Қалдан Цереннің әскеріне соққы береміз. Бүкіл үш жүздің әскері міне, осы тұстан кеп қоршайды.

Қабанбай - (Ерболат): Көрсін сонда, қалың шүршіт осы қақпаннан құтылып!


Наурызбай - (Серікболсын) : Осы жолы біз олардың көк желкесін қиямыз!


Қабанбай - (Ерболат): *(Оң қолын кеудесіне қойып, сөз сұрайды)*. Хан ием, қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар. Құдай қаласа, қазақ жері азат болады!


3 батыр айтады: Аттанайық, Аттанайық!

Бұқар ж - (Төрекен) : Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек. Қазақтың халі қыл үстінде тұр, ағайын!


Жұрт шулап қоя береді:

- Иә, жырау!

- Табанды боламыз!

- Жауға құл болғанша өлгенңміз жақсы!

- Аттан, аттан!

Ақжарқын автор: Сары дала. Күннің алтын сәулесі жасыл даланы нұрға бөлеп, күн жоғары көтеріле береді. Төбе басында қалған Бұқар жырау күнгей жаққа әлі қарап тұр. Алыстағы белестен асып, қазақтың қалың қолы қанды жорыққа, азаттық үшін арпалысқа барады. Көкжиектен көтерілген сағымдай ойнап, Абылайдың ақ туы желбіреп барады. Азаттықтың туы, азат елдің ақ туы! Ол тудың иесі – қазақ халқы!

Анеля көрініс соңында: Біздің бұл көріністі көрсеткен мақсатымыз:

  • Міне осындай жаңашыр Жырауымыздың, қайратты батырларымыздың арқасында жеңіске қол жеткіздік.

  • Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл көрініс төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы, деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.


Эльмира ж: 4-шарты. Мақал-сөздің мәйегі. Оқушылар сендер туған жер, отан туралы мақал-мәтелдер тауып, оның бастапқы бөлігін айтасыздар, ал екінші топ оны жалғастырып айтады. Мысалы Айдос айта қойшы /Кісі еліне сұлтан болғанша, ..... Өз еліңде ұлтан бол

1-топ. Мақалдар

  1. Отан – елдің анасы,

Ер – елдің анасы

  1. Отансыз адам

Ормансыз бұлбұл

  1. Аққу көлін аңсайды

Адам туған жерін аңсайды

  1. Отанды сүю

Отбасынан басталады

  1. Отан үшін күрес

Ерге тиген үлес

  1. Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық


2-топ. Мақалдар

  1. Елінен безген оңбайды

Көлінен безген қонбайды

  1. Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық

  1. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білесің

  1. Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас

  1. Туған жердің жері де көрікті

Елі де сүйікті

  1. Туған жер – тұғырың

Туған ел – қыдырың



Қай топта жалау көбін, анықтау. Ұпай саны көп топты марапаттау.Мақтау қағазын беру.















Соңында:

Айдос ж: Міне, Эльмира, тәрбие сағатымыз да өз мәресіне жетіп қалды. Мен тәрбие сағатымыздың қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңызға ұсынамын:

Самға, қазақ, Тәуелсіздік көгінде,

Рух – жігерің таусылмайтын өмірде.

Абыроймен желбіресін жалауың

Алтын тұғыр – Астананың төрінде

Эльмира ж: Иә, Айдос дұрыс айтасың. Туған жердің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата-бабаларымыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты емес пе? Әркімнің өз жері жұмақтың төріндей ыстық, жақын болмақ. Сондықтан осынай кең байтақ, бай әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету мына біздің қолымызда. Елімізді ардақтап, жерімізді аялап өтейік!

Ата - баба жанын қиып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпағына арнаған

Қазақстан - алтын ұя Отаным

Жайнай берші, мәңгі гүлден әрқашан!

Келесі қорытындылау сөзін қадірлі ұстазымыз – Қарлығаш апайға берейік!

АПАЙ: «Ата – қоныс жер қымбат, Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда.

Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

Құрметті қонақтар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Еліміз тыныш, басымыз аман болсын!





16



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ашы? т?рбие са?аты. “Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым”

Автор: ?уантай?ызы ?арлы?аш

Дата: 12.12.2015

Номер свидетельства: 265496


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства