Ортамызға еліне елеулі, халқына қалаулы Көктал ауылының әкімі Қаратаев Сартай Жетпісбай ұлына құттықтау сөз беріледі.
Мариям:
Ата сөзі – қасиетті киелі
Ата сөзі – жанға жайлы тиеді
Ата сөзі - өміріме өнеге
Ата сөзі – сыйластықты тілейді.
«Аталы сөз, баталы сөз»,
Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы» деген қазақта сөз бар. Ендеше бәріміз қол жайып Қыдыр атадан бата алайық. _____________________ата бата берініз .
Мариям : Бұл күн- аспан денелері өздерінің ең бастапқы жеріне келіп, күн мен түннің теңелетін , жан-жануарлар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Сондықтан қазақ елі осы күнді, «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйтқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, көңілге сыр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлеген қасиетті күн.
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып,
әнші құстарды сайратып Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Науырыз тойының шашуы