Просмотр содержимого документа
«"Арда?та ата-ана?ды" (кездесу)»
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Тақырыбы: «Ардақта ата-анаңды»
( кездесу)
Өткізген: Казиева Салтанат
6 «а» сынып
2015 оқу жылы
Тақырыбы:Ардақта ата-анаңды
Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы және
ата-ана баланың бас ұстазы екенін оқушыларға түсіндіру,
ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушы
ларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, қанатты сөздер.
Барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Кіріспе.
III. Үй тапсырмасы: «Менің отбасым» - эссе жазу.
IV. Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.
V. Ой қозғау.
VI. Оқушыларымның әдеби-сазы
VII. Жағдаяттар шешу.
VIII. Ертегі құрастыру.
IX. Ата-анамен жұмыс.
XI. Қорытындылау.
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Кіріспе:
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:
- Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?
Ойым емес оллаһи, біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен.....
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
....... Үміт пенен күдіктің ортасында
Ата-ананың үміті талады екен!
Міне осылайша баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды екен. Ұлы данамыз Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды».
ІІІ. Үй тапсырмасы:
Алдын ала берілген «Менің отбасым» тақырыбындағы
сынып оқушыларының жазған эсселері тыңдалады.
Мұғалім: «Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен
үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың
мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыпта-
сады. Ата-ана бала үшін еңбірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін
айнасы.
IV. Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.
«Отбасы» деген сөзді естігенде ойымызға не оралады?
Мұғалім: Әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүректері жылы
жандарды көреді екен. Ол – АТА-АНА. Балаға олардан артық, олардан
қымбат жан жоқ. Әрбір ата-ана отының өшпеуін, бақытының көшпе-