kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана- өмір гүлі Сыныптан тыс жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурызға арналған мерекелік іс-шара сценарийі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана- өмір гүлі Сыныптан тыс жұмыс»

Сахнаға 5 жігіт шығады. Әдемі әуен ойнайды.

1-ж. Жігіттер, мен сендерді мына жағдайға байланысты шақырдым. Ертең 8 наурыз, аналар мен арулардың мерекесі ғой.

2-жігіт: қалайшааа? Сегізііі?

3-жігіт: Қыс мезгілінің аяқталғаны кеше ғана емес пе? 8 наурыздың келіп қала қойғаны ма?

1-жігіт: Тыныш, жігіттер, біз бәрі бір еш нәрсені өзгерте алмаймыз.

4-жігіт: Сыйлық сыйлап, мерекемен құттықтауымыз қажет.

5-жігіт: Құттықтау қиын емес. Өткен жылғы балықшылар күніндегі құттықтау сөздерді аламыз. Тек соңына еңбекте табыс тілейміз, Ура! Ура! деп қосып жібереміз. Болды... Ал енді сыйлық жасау... Бұл енді қиындау.

2-жігіт: Мен гүл сыйлауды ұсынар едім. Әрі әдемі, әрі эстетикалық жағынан да жағымды. Қалай?

3-жігіт: Жоқ, жігіттер, олай болмайды. Мен кітап сыйлаған дұрыс деп ойлаймын. Эстетикалық көзқарас тұрғысынан алсақ кітаптың орнын ештеңе ауыстыра алмайды, практикалық тұрғыдан да солай.

4-жігіт: Дұрыс-дұрыс! Белгілі –белгілі басылымдар бар ғой. Мысалы: «Қалай тез әрі сапалы түрде кір машинаны жөндеуге болады?», немесе «Бір күн ішінде еврожөндеуді сапалы жасап береміз» деген сияқты.

5-жігіт: Жоқ-жоқ жігіттер. Мерекелік концерт ұйымдастырып, аналар мен аруларды қуаныш құшағында ұстауымыз керек. Оларға арнап әсем әндер мен өрімді өлеңдер оқылуы керек.

4-жігіт: Сіздің сөзіңіз дұрыс, жігітім. Көңіліміздің бәрін сол кісілерге аударуымыз керек. Ендеше бастаймыз ба?

Бәрі түзу тізіліп тұрады.

1-жігіт: Залға қарасам, мынандай ой келеді: қай кезде де , қай жерде де отырыстың сәні – ару әйелдер-ау шындығында.

2-жігіт: Біз сенімен келісеміз. Залға көз салайықшы. Осы жерде отырған аналар мен арулардың жайнаған жүздері, күлімдеген көздері, толқынды шаштары залға сән беріп тұрған жоқ па?

3-жігіт: Және жылы жымиыстары да.

4-жігіт: ОООойййй біздің аналар мен арулар қалай жылы жымияды. Олай болса оларға арнау сөздерін бастамаймыз ба?

5-жігіт:

Армандардың айдынын алса кемең,

Жүрек,шiркiн,соғады қанша елең.

Артық па екен, бiлмедiм,емес шығар?

Арналса да анаға қаншама өлең.




1-жігіт

Жыр дегенiң сезiмтал тамшы ғана,

Сол тамшыда жатады ар-шұғыла.

Болмаса ана жақсы жыр жазыла ма,

Болмаса олар әдемi ән шыға ма?

2-жігіт

Бас иiп табиғаттың iзгi арына,

Әсемдiктiң көз салдық бiз бағына.

Қазақтың ән өнерi, жыр өнерi,

Қарыздар ғой алдымен қыздарына.

Бәрі бірге: Мереке құтты болсын!

3-жігіт: Аналар мен қыздар қандай ерекше жандар болса, оларға сондай ерекше сыйлық жасайықшы.

4-жігіт: Бұл қалай болар екен? Аналардың, сұлулардың есту сезімін де бағалауымыз керек.

5-жігіт: Бұл мәселені шешу қиын емес. Біз күміс көмей әншілерімізді шақырайық. Олар әсем ән салсын. Біз құттықтау сөздерімізді аямайық.

Кезекпен: Қымбаттылар! Аяулы жандар! Сұлулар! Ақылдылар! Ғажап жандар! Мейірімді жандар! Жұмбақ жандар! Нәзік жандар! Шуақ шашқандар!

Бәрі бірге: Сіздерді көктемнің, жылылық пен махаббаттың мерекесі 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

1-жігіт: Ер азамат 3 жағдайда ғана тізесін бүгіп еңкейеді екен: бірінші – бұлақтан су ішкенде, екінші – сүйіктісіне арнап гүл тергенде, үшінші – өзінің аяулы анасына. Бүгін біздер мереке болғандықтан ғана емес, сіздер, аяулы аналар, бізге жарық өмірді сыйлағандарыңыз үшін,

2-жігіт: біз үшін өткізген ұйқысыз түндеріңіз үшін,

3-жігіт: еркелігіміз бен қателіктерімізді кешіргендеріңіз үшін,

4-жігіт: мейірімге толы жүректеріңіз бен аялы алақандарыңыз үшін

Бәрі бірге: Бас иеміз: (Бас иеді)

Ән: Асыл анам. Орындайтын Байменова Назгүл

1-жүргізуші:

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.
2-жүргізуші:

Мерекелік кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Құдайбергенова Мейрамгүл Аяғанқызына береміз.




1-жүргізуші:

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

2-жүргізуші.

Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы.

1-жүргізуші:

Мың бұралған биіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар.

Би:

Ойын.

Бір баланың анасынан сыртқа шыға тұруын өтінеді. Бала сахнаға шығады. Сұрақтар қойылады.

Анаңыздың туған күні.

Анаңыздың ең жақсы көретін гүлі.

Анаңыз қай мейрамды қатты жақсы көреді?

Анаңыздың көзінің түсі қандай?

Анаңыз қай жыл мезгілін ұнатады?

Қай қалада өмірге келген?

Анаңыздың сүйікті ісі.

Анаңыз демалыс уақытын қалай өткізгенді ұнатады?

Анаңыздың ең сүйікті тағамы?

Анаңыздың хоббиі?

Жүргізуші:

Енді анаңызды шақырайық. (Анасы келеді) осы сұрақтарды анасына қойып, жауаптарды салыстырады.

1-жүргізуші:

Біздің аналарымыз әр кезде де көрікті деп айтып өттік емес пе? Олар жүрген жердің бәрі құлпырып сала беретіні сөзсіз.

2-жүргізуші:

Әрине, аналар мен арулар жүрген жердің бәрі құлпыра бастайтыны шындық. Біздің әсем қаламыз Ақтөбенің де осылай жас болып жайнап тұрғаны осы жандардың арқасы деп білемін.

1-жүргізуші:

Ендеше осы көктем мерекесін пайдаланып, туған қаламыз Ақтөбенің мерейтойына арнап бір ән салсақ қалай болар екен?

2-жүргізуші:

Орайы келіп тұрған сөз екен. Ендеше тағы бір әсем ән тыңдап көрелік.

1-жүргізуші:

Сахнада әсем ән! Дамир мен Алмаздың орындауында «Ақтөбе – ару қалам».

«Әніміз көңілді» сайысы.

Жүргізуші ортаға анасы мен баласынан бірнеше жұптарды шақырады. Тапсырма:

Әуен ойнаған кезде қандай ән, кім орындайтынын табуы керек. Кім бірінші болып табады, сол жұп ұпай алады.

Әр жұп бір-біріне жылы сөздер айтып барып орындарына жайғасады. Ең көп сөз айтқан жұп ұпай алады.

1-жүргізуші:

Жалпы әйелдер қауымы сыр мен құпияға толы ғой. Оларды жұмбақ жандар деп тегін айтпаған болар.

2-жүргізуші:

Дұрыс айтасың. Ол кісілердің әр ісі сиқырға толы. Олар бағындырмайтын нәрсе жоқ. Қарапайым ғана ісімен кез келген уақытта таңғалдыра алады. Кез келген нәрседен дәмді ас дайындап, кез-келген нәрсеге еліктей қалады.

1-жүргізуші:

Ендеше сол құпияның сырын ашуға тырысып көрейікші.

2-жүргізуші:

Қалайша?

1-жүргізуші:

Қазір көресің. Мен сұрақтар берем, залда отырған көрермендер жауаптарын тауып көрсін.

Сұрақтар: (Слайдтан шығарып тұру керек)

Мыстан кемпірді Сұлуға айналдыратын нәрсе. (Бояу Косметика)

Бозбала мен бойжеткеннің қарым-қатынасына басымен жауап беретін гүл ( Ромашка)

Әйелдің бас айналдырар серігі (Хош иіс)

Әйел адамның көпшіліктің көзінше өз жолдасымен немесе басқамен құшақтасуына себеп болатын жағдай (Би)

Жігіттің жүрегі мен сақинасын қоса ұсынатын дене мүшесі (Қолы)

Аналардың сиыр мен тауықпен бірлесе әзірлейтін таңғы асы (Құймақ)

Тырнақ ғылымы (маникюр)

Әйелдің басын айналдыратын жәрмеңкелік құрал (Әткеншек)

Қыркүйекте кемпір болатын жыл мезгілі (Жаз)

Көп әйел адамдар отыратын нәрсе (Диета)

Әйелдердің ер азаматтардың жүрегіне жол салатын дене мүшесі (Асқазан)

Әйел адамның өзі сиқты өзгергіш дүние (Сән)

Бай әйелдің әмиянынан орын алатын теңгенің жасыл қарсыласы (Доллар)

1-жүргізуші:

Міне, көрдің бе, ана деген - осындай жан.

2-жүргізуші:

Ғажап екен. Құпиялары қарапайым сияқты. Бірақ біздер, ер азаматтар неге сондай бола алмаймыз?

1-жүргізуші:

Оны енді білмедім. Жауап бере алмайтын сияқтымын.

2-жүргізуші:

Жақсы, ол құпияны біз жасай алмаймыз. Себебі оны біздің әкелеріміз де жасай алмай келе жатыр емес пе.

1-жүргізуші:

Дұрыс айтасың. Бірақ мына бір жағдайға көңіл аударып көрші. Аналар қанша ақылды, сұлу, сырға толы жандар болғанымен, олардың қасында әр кезде де арқа сүйер азаматтар – біздің әкелеріміз жүретіні шындық қой.

2-жүргізуші:

Әрине, ол - шындық. Әкелер деген аналардың асыл жары, тірегі, өмірлік серігі ғой.

Сезімің неткен ыстық балаңа тым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.
Қаншама азап шектің сәби үшін
Мен саған қарыздармын жан анашым.


Іздесек сендей жанды табамыз ба,
Қартайсаң сәбидей ғып бағамыз да.
Серік боп өмір бойы анамызға
Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.

1-жүргізуші:

Ендеше, осы мерекеде әкелерімізге де бір ән арнасақ артық болмас деп ойлаймын.

2-жүргізуші:

Ешқандай артықтығы жоқ. Ендеше келесі кезекті әсем әнге берейік. «Менің әкем» әнімен Саденова Назеркені қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Рахмет Назерке. Өнерің өрлей берсін.

2-жүргізуші:

Өзіңсің, сүйікті анам, құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген махаббатты,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.


1-жүргізуші:

Бар ана туған елдің гүлі дер ем,

Анажан, қайғың болса, күңіренем.

Таусылмас тау суындай ақылың бар,

Сен барда менің әрбір күнім өлең.

2-жүргізуші:

Аналар дананы да, ғалымды да, небір өнер иелерін өмірге әкелген. Ендеше, мектебіміздегі тағы бір өнер түрін жарқыратып көрсетіп жүрген «Ерке-лайф» КВН командасын ортаға шақырамыз.


КВН


2-жүргізуші:

Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдында,
Биші қыз ғажап еді биің қандай!

Кезекті тағы да сіздерге арналған биге береміз. Қабыл алыңыздар.

Би.


1-жүргізуші:

Осы әсем қыздардың биі маған қатты ұнайды.

2-жүргізуші:

Мың бұралған қимыл мен сиқырға толы биді жақсы көрмейтін дейсің. Бірақ бидің түрі көп. Әркімге әр қилы би ұнауы мүмкін ғой. Сондықтан тағы бір биді тамашалайық. Басқа жанрдағы би өнерін 5-класс оқушылары ұсынады. Қабыл алыңыздар.

Флешмоб. 5-класс

1-жүргізуші:

Менің тағы жыр оқып, аналарымызға жүрек сезімімді жеткізгім келіп тұр.

2-жүргізуші:

Ендеше не тұрыс. Төгейік жыр жолдарын.

1-жүргізуші:

Ару – ана  өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр жырланады,
Сіздер үшін мереке шашулары.

2-жүргізуші:

Өзіңсің сүйікті ана құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.

1-жүргізуші:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

2-жүргізуші:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген –бәйтерегі өмірдің,
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

1-жүргізуші:
Ана деген-асыл жандар болаттай,
Ана десең- мөлдір жандар бұлақтай.
О адамдар қадірлей біл Ананы.
Жат қылыққа ақыл-ойдыда тоңатпай.

2-жүргізуші:

Осындай жыр шумақтарынан кейін кезекті әсем әнге береміз. Сахнада «№№№» әнімен Әбенова Сәбираны қарсы алайық.

Ән

1-жүргізуші:

Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген

Ананың орны бөлек дара екен.

2-жүргізуші:

Балаға ана еңбегі парыз деймін,

Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.

Меккеге апарса да өтелмеген,

Ұрпаққа бұл өсиет – аңыз деймін.

1-жүргізуші:

Ана- жүрек, сол жүректе құдірет те,

Ана- тірек, сол тіректі құрметте!

Ана- шыңың, ардақ тұтар биікте,

Ана- күнің, сәуле шашар жүректе-

2-жүргізуші:

Ана болса жүзіп өтер кемең бар,

Ана болса қартаймайсың деген бар

Тірі кезде қадірлесең анаңды,

Шын өкініш жауламайды санаңды.

1-жүргізуші:

Ұзақ өмір жасай берсін аналар,

Аналарын қадірлесін балалар.

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,

Аман болсын ақ жаулықты аналар!

Құттықтау сөз топпен шығады. Қолдарында шар: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН АНАЛАР

М – мейіріміңіз үшін

Е – еркелеткеніңіз үшін

Р – риясыз пейіліңіз үшін

Е – еңбеккке үйреткеніңіз үшін

К – кәусар сөздеріңіз үшін

Е – ер жеткізгеніңіз үшін

Л – лайықты тәрбиеңіз үшін

Е – ел қатарына қосқаныңыз үшін

Р – рахатты өмірді сезіндіргеніңіз үшін

І – ізгілік дәнін сепкеніңіз үшін

Ң – намысымды қайрағаныңыз үшін

І – інжу маржан сөздеріңіз үшін

З – зор махаббатыңыз үшін

Б – бақытты еткеніңіз үшін

Е – ешкімнен кем қалдырмағаныңыз үшін

Н – ниетіңіздің шексіздігі үшін

А – арайлап атқан әр таңым үшін

Н – нағыз адам етіп өсіргеніңіз үшін

А – армандауға үйреткеніңіз үшін

Л – лүпілдеген нәзік жүрегіңіз үшін

А – аналардың баршасына

Р – ризамыз

РАХМЕТ!

ХОР












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ана- өмір гүлі Сыныптан тыс жұмыс

Автор: Ажмуратова Жанагул Абубакиевна

Дата: 06.04.2019

Номер свидетельства: 506200

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Сыныптан тыс жұмыс "Туған жер" слайд"
    ["seo_title"] => string(39) "synyptan_tys_zhu_mys_tug_an_zhier_slaid"
    ["file_id"] => string(6) "389004"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486473347"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сыныптан тыс жұмыс "Жұлдызды сәт""
    ["seo_title"] => string(35) "synyptan_tys_zhu_mys_zhu_ldyzdy_s_t"
    ["file_id"] => string(6) "449372"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515689682"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Сыныптан тыс ж?мыс.Та?ырыбы:"К??ілді старт" 7 сынып."
    ["seo_title"] => string(53) "synyptan-tys-zhu-mys-tak-yryby-kon-ildi-start-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "306234"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458069190"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Сыныптан тыс ж?мыс.Білгірлер сайысы. 9 сынып."
    ["seo_title"] => string(47) "synyptan-tys-zhu-mys-bilghirlier-saiysy-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "276485"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452748031"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Б?за?ылы?  ?айдан шы?ады?/Сыныптан тыс ж?мыс/"
    ["seo_title"] => string(39) "buzakylykkaidanshygadysynyptantyszhumys"
    ["file_id"] => string(6) "306264"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458093862"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства