kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ана деген арда?ты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ана пейілі мен махабатын сезіндіру,

                                        ананы арда?тай  білуге т?рбиелеу.

                                       О?ушыларды? бойына ананы сыйлау, ??рметтеу,

                                       ?неге т?ту

                                      ?асиеттерді сі?іру, ?лкенге ізетті болуды  

                                      ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ана деген арда?ты"»

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қарашоқы ауылы

Қарашоқы орта мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Дауылбаева Аида Бейбитовна


Сабақтың тақырыбы: Ана деген ардақты


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру,

ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу,

өнеге тұту

Қасиеттерді сіңіру, үлкенге ізетті болуды

қалыптастыру.


Көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, суреттер т.б


Тәрбие сағатының барысы:


1Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылыарды сахна төріне тұрғызу.

2.Кіріспе.


Мұғалім сөзі:

Сізден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар

Тойды бүгін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық


1 жүргізуші: Тайғақбай Диас

Құрметті ұстаздар, ата-аналар сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Халықаралық әйелдер -қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық тілей отырып 6 сынып оқушыларының дайындаған «Ана деген ардақты» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.


Ортада сынып оқушыларының вальсі


Әмина:

Ана деген тіршіліктің иесі

Сыйлайтынын адал бала білсің

Өмір балын тамызарда ерніңе

Шымырлатып еріткен бар жұйесін

Кірпігімнің әр қағысын санаған

Көз аудармай күндіз түні қараған

Айналамда жүргендердің бірінен

Бар ма анамдай тірлігіме жараған

Жоқты жонып тауып бер деп мазалап

Табылмаса ылың салып жазалап

Жата қалып саз балшыққа аунаушы ем

Өз қолымды өзім тістеп қажалап

Ардақты анам мұныма да көнетін

Көнген сайын мен еркелей беремін

Тірліктегі сәтсіздіктің бәрін де

Жазығы жоқ сол анамнан көрсетім


2 жүргізуші: Ирланова Гулсім

Құрметті асыл аналар, аяулы ұстаздар, қыз қызғалдақтар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.


1 жүргізуші: Тайғақбай Диас

Сіздерге әлемнің нұрын, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қымбат ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да ананың шапағат мейіріміне жетпейді.


2 жүргізуші Ирланова Гулсім

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.


2 жүргізуші: Тайғақбай Диас

Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың.


1 жүргізуші: Ирланова Гулсім

Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін ең жақын, ең әзиз жан ол-АНАМЫЗ.


2 жүргізуші: Ирланова Гулсім

Ана. Үш-ақ әріптен құрылған. «АНА» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті, киелі ештене жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың ана жайлы тебіреніп жазып қалдырған асыл сөздері қаншама. Ендеше аналарға арналған өлең жолдарын қабыл алыңыз.


Айтбек:

Әкелетін отбасына береке ең

Әз аналар арамызда көп екен

Жыл құсындай көктем сайын оралар

Құтты болсын, нұрға толсын мерекең


Гүлназ:

Мәпелеген, әлпештеген баланы

Ардақтасаң жарасады ананы

Аналардың арқасы ғой ежелден

Елдікті ерлер сақтап жүрсе саналы

Мақсат:

Ана-бақыт, ана-байлық, ана-гүл

Осыны естен шығармайық достарым

Ана арқылы батыр және ақынбыз

Тіршілігін түрлендірген даланың

Уміт

Ана деген қамқоршы әрі қорғаның

Ана білсең ортаймайтын орманың

Аналардың алдында мен бас иіп

Ана жайлы жүректен жыр толғадым

Мағжан

Әнші біткен жүрсе оларға арнап ән

Шабыт қысып мен де өзімше толғанам

Аналармен өмір мәңгі көрікті

Тіршілікті келешекке жалғаған

Анар

Сәби үшін мұздай бесік таянған

Анаға арнап жыр жазудан аянбаған

Үйткені олар өшпестей болып мәңгілік

Жүрегімнің қақ тқрінен жай алған

Ақжол

Наурыз мейрам жұректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем

Жарығыңмен шуағыңмен күн Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем

Армангуль

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады

Сендер жазған ақындар жыр дастаны

Сендер жазған әндері самғай түсіп

Жүрегіне із тастар әр адамның

Мейрамбек

Ақ арман, аппақ арман

Өзіңсің бақта маған

Шығамын ақ сүтіңді

Қалайша ақтап анам

Дилназ

Ананың сұлуын-ай

Ақ нұрға шомылғандай

Үлпілдеп ақ жүрек

Сәбиін аялайды-ай

Еркебұлан

Ботасы қаз-қаз басса,

Бөбектер ана қандай

Күлкісі құлынының

Құлпыртар жауқазындай

Айша

Жалғансын жабырқамай

Өмір гүл ұзақ болғай

Ақ сүтін анашымның

Ақталсын мың-мың дұлғай

Нұржан

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Арайлым

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!

Елдос

Ана-біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сұріңіз

1 жүргізуші: Тайғақбай Диас

Хор. «Анашым»

2 жүргізуші: Ирланова Гулсім

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға ардагер ұстаздар келіп отыр, сіздерді мерекелеріңбен құттықтай отырып, зор денсаулық, жанұяларыңызға береке тілейміз. Сіздерге арналған сұрақтарымыз бар. Осы сұрақтарға жауап берсеңіздер.

  1. Өз өміріңіздегі болған қызықты оқиғаны баяндап берсеңіз.

  2. Бала –тілі бал дегенді қалай түсінесіз?

  3. 8-наурыз мерекесі несімен қызықты

  4. 8-наурыз мерекесіне қандай тілегіңіз бар?

  5. Балаларыңызды қалай еркелетесіз?

  6. Сіздің өміріңіздегі ең бағалы алған сыйлығыныз қандай?

  7. 8-наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

Жауаптарыңызға көп рахмет аяулы ұстаздар.

1 жүргізуші Тайғақбай Диас

Құрметті аналар сіздердің алдыларыңызда 6 сынып оқушыларының орындауында «Гүлдер» биін қабыл алыңыздар



2 жүргізуші: Ирланова Гулсім

Міне, аналарға қандай ән, қандай жыр арнасақта артық емес. Себебі, біздің асыл аналарымыз бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді. Бір қолымен сәбиінің бесігін тербетсе, бір қолымен бүкіл әлемді тербетеді дей отырып алдыларыңызда аналарға арналған өлең жолдары


Дидар

Анасыздар, әр үйге панасыздар

Бала десе от болып жанасыздар

Сәтті басса ұрпағың мерей тасып

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар

Тоғжан

Анасыздар кең байтақ даласыздар

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар

Көлеңке жоқ көңілінде қылауы жоқ

Үлбіреген жауқазын баласыздар

Ербол

Анасыздар Ақ Еділ, жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар

Маздататын жүректе от лаулататын

Әр үйдің Күні десе лайықсыздар

Гүлзана

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

Данияр

Анасыздар, әр үйге панасыздар

Бала десе от болып жанасыздар

Сәтті басса ұрпағың мерей тасып

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар

Анасыздар Ақ Еділ, жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар

Маздататын жүректе от лаулататын

Әр үйдің Күні десе лайықсыздар

Гүлдана

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

Үмітіңдей көзіме

Көп қарайсың үңіліп

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп

Қанат

Өр десек те сіздерді лайықсыздар

Төр десек те сіздерді лайықсыздар

Ер десек те сіздерді лайықсыздар

Зор десек те сіздерді лайықсыздар

Гүлназ.Б

Сені жалықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтінді өтермін

Біліп тұрсың жан анам

Міндетті үлкен ботаңның

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның

Жалғас

Өзіңсің сүйікті ана құдіретім

Жанымды жадыратып күлдіретін

Сендегі маған деген махаббатты

Нұры толы қос жанарың білдіретін

Кенже

Сіздер Күнсіз, аспанда жарқыраған

Сіздер өзен, тау суы сарқыраған

Сіздер ана, сіздер жар, сіздер қыздар

Сіздер жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Гүлназ.М

Анна десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

Анна десем, шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Анна деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады

Еркебұлан

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай


Көрініс «Ана мен бала»

Автор: Сахнада әкесі мен баласы отырады. Әкесі қайтаратын қарыздарын есептеп отырады, оны көрген баласысы бірден бөлмесіне келеді. Баласына бір ой келіп, анасына жасаған ұсақ-түйек көмегі үшін ақша сұрамақ болады.

Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағазды көріп оқиды. Онда былай деп жазылған екен.

Баласы: Анасының ұлына қарызы: дүкеннен сөмке тасығаны үшін 100 теңге, хаттарды поштаға апарғаны үшін 70 теңге, жақсы бала болғаны үшін  500 теңге, гүлдерге су құйғаны үшін  300 теңге, барлығы  970 теңге.

Келесі күні баласы үстелдің үстіндегі 970 теңгені көріп қатты қуанады. Оның қасында бір есеп қағазды көреді.

Анасы: Онда ұлымның анасына қарызы деп жазылған екен:үйде өткізген он жыл бақытты өмірі үшін ешнәрсе, он жыл ішінде ішіп жегені үшін ешнәрсе, ауырған кезде бағып күткені үшін ешнәрсе, жақсы ана болғаны үшін ешнәрсе деп жазылыпты. Оны көрген баласы ұялғаннан анасына қарай жүгіреді. Анасын құшақтап кешірім сұрайды. 970 теңгені анасына қайтарып береді.

2 жүргізуші: Ирланова Гулсім

Ананың берген тағылымымен ешқандай бақ даулетке хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды. Осындай құдіретті паш ететін ұлылардың сөз кестесіне назар аударайық.

Гулназ

А.Құнанбаев:

«Әйел сұлу болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей көңіл бөлме»

Ақжол

К.Ушинский:

«Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар»

Айша

В.Сухомолинский:

«Әйел затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттылық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін бітіретіне мен мың сан мәрте көз жеткіздім»

Еркебұлан

В.Гюго:

«Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя»

2 жүргізуші: Ирланова Гулсім

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деп абай атамыз айтқандай ұстаздарымыз жылдар бойы білім нәрімен сусындаттып, хат танытып, еңбек етуге үйретті. Сондықтан да, ұстаз аналар, сіздерге мың алғыс айтып басымызды иеміз.

1 жүргізуші: Тайғақбай Диас

Ұстаз аналарымызды әрбір айтқан сөздері терең ойлы, ұлағатқа толы. Ұстаз алдыңда мәігңлңк қарыздар екенімізді ұмытпайық дей отырып Ирланова Гулсімнің орындауында «Бала парызы» әнін қабыл алыңыздар.





2 жүргізуші Ирланова Гулсім

Ендігі кезекті «Аялы алақан» ойыны Ортаға аналарымызды шақырамыз. Әрбір ата- ана өзінің баласын сипалау арқы тауып алуы керек. Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу

1 жүргізуші: Тайғақбай Диас

Көрініс: «Ана парызы »

Автор: Бір күні бір келіншек көшеден нәрестені көріп, жанына барып, кеудесіне басады. Ары бері қарап ешкімді көрмейді. Сосын кішкене қызды үйіне алмақ болады. Ертесі күні ол дәрігерге келіп кеңес алуға келеді.

Анасы: дәрігер мына қыздың денсаулығын қарап беріңізші, мен бұл қызды асырап алайын дегенмін

Дәрігер: қыздың денсаулығы жақсы. Бірақта, оның көзі көрмейді.

Анасы: менің қолымнан қандай шара келеді? Мен өз көзімді берсем бола ма?

Дәрігер: әрине, болады.

Автор: арада бірнеше жыл өтеді. Қыз бой жетіп, әдемі қызға айналады.

Бір күні қыз анасына келіп...

Қызы: ана мен сені жек көремін. Сенің көзін көрмейді. Сен соқырсын. Мен сеннен ұяламын. Сенің керегін жоқ маған...

Автор: анасы сырқаттанып, қызы екеуі ауруханаға барады.

Дәрігер: сіздің денсаулығыңыз нашар. Сіз ауруға шалдыққансыз. Бірақта сіз жомартсыз. Жүрегіңіз кең, мейірімдісіз. Өз көзін қызыңызға беріп, ерлік жасадыңыз.

Автор: сонда қызы анасымен дәрігердің сөзін естип қояды

Қызы: анашым, мені кешіріңізші. Мен өмірде үлкен қателік жіберіппін. Кешіріңізші мені АНАШЫМ!

2 жүргізуші Ирланова Гулсім

Хор: «Анаға салем»

1жүргізуші: Ирланова Гулсім

Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі аналар. Сіздердің мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңіз бен нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Ана деген арда?ты"

Автор: Дауылбаева Аида Бейбитовна

Дата: 04.04.2016

Номер свидетельства: 314904


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства