Просмотр содержимого документа
«Алтынбаев М?хтар ?апаш?лы»
АЛТЫНБАЕВ Мұхтар Қапашұлы
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.
1945 жылы 10 желтоқсанда туған, қазақ. Білімі жоғары. Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Г.К.Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын бітірген. Әскери ұшқыш-инженер. Жоғары білімді офицер. Армия генералы. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Әуе қорғанысы авиациялық истребителдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, Перм облысындағы Әуе қорғанысы авиациялық истребителдік полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, Самарқан қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясы командирінің орынбасары, командирі, Мары қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясының командирі, Алматы облысы Борандай поселкесіндегі Әуе қорғанысы корпусының командирі, Әскери-әуе күштерінің басшысы - Қорғаныс министрінің орынбасары, Әскери-әуе күштерінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің басшысы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штаб басшылары Комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екі рет Қорғаныс министрі болып тағайындалған.
Халық қаһарманы, «Отан ордені» және Алтын жұлдызбен, ІІ дәрежелі «Барыс», «КСРО Әскери күштерінде Отанға қызметі үшін», Ресей Федерациясының «Дружбы народов», «Петр Великий» ордендерімен, жиырма жеті медальмен марапатталған.
Жеке парағы
Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев
Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев
Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев 1945 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Г.К.Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын бітірген. Әскери қайраткер, Халық қаһарманы, Әскери ұшқыш-инженер. Армия генералы. Саяси ғылымның кандидаты.
Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, Перм облысындағы Әуе қорғанысы авиациялық истребителдік полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, Самарқан қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясы командирінің орынбасары, командирі, Мары қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясының командирі, Алматы облысы Борандай поселкесіндегі Әуе қорғанысы корпусының командирі, Әскери-әуе күштерінің басшысы - Қорғаныс министрінің орынбасары, Әскери-әуе күштерінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің басшысы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штаб басшылары Комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екі рет Қорғаныс министрі болып тағайындалған. 2010 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған.
«Отан ордені» және Алтын жұлдызбен, ІІ дәрежелі «Барыс», «КСРО Әскери күштерінде Отанға қызметі үшін», Ресей Федерациясының «Дружбы народов», «Петр Великий» ордендерімен және жиырма алты медальмен марапатталған.
Осы жердесіз: Негізгі бет » Өзге тақырыптар » Өмірбаян
Көрілген: 609 Пікірлер: 0
Толығырақ: http://alashainasy.kz/omir/muhtar-kapashulyi-altyinbaev-58890/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі