kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын күз" іс-шараның сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балаларды қамти отырып, олардың адалдық, патриотизм және қоғамға пайдалы болу сынды құндылықтарды бойларына сіңіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын күз" іс-шараның сценариі»

«Алтын күз!» атты іс-шараның сценариі


Мақсаты: Жас  ұрпаққа  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстарды және күз  кереметтілігін  нақты  айқындап  ашуға, табиғатты  сүйюге, сақтауға  үйрету.

Ұқыптылыққа, шымырда  шапшаң  ой  жүйріктілігіне,  талғампаздыққа, таза  әдемі  болуға  тәрбиелеу.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балаларды қамти отырып, олардың адалдық, патриотизм және қоғамға пайдалы болу сынды құндылықтарды бойларына сіңіру.

Қатысушылар: 7 сынып оқушылары

Іс-шара барысы:

Ислам: Армысыздар, ұстаздар!

Ералы: Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Ислам: Береке, бақ дарыған

Жомарт көңіл, жарқын жаз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз!


Ералы: Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше.


Ислам: Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Ералы: Уа, халайық, халайық!

Ислам: Мұнда назар салайық!

Ералы: Мерекесі халықтың

Ислам: Алтын күзге арналған,

Ералы: Шарамыздың бірнші кезеңін бастайық!

Ислам:Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді

-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыз  күз тақырыбына белгілі ақындардың өлеңдерінен  көркем сөз оқиды. Әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне баға береді. «Күзге сағыныш»  (белгілі ақындардың күзге арнау өлеңін мәнерлеп жатқа айту)

Ералы: Күзгі тақырыпқа қолдан жасаған бұйымдарын көрстеу.

(Бағалаймыз)

Ислам: «Бояулар құпиясы» жас суретшілер арасында «Алтын күз» сурет-пейзаж конкурсы.

Ералы: «Кім ойға жүйрік» сұрақ, жауап арқылы сайыс өткіземіз.



1-кезең: Жалпы білім және табиғат (Мен өткіземін)

1. Күз мезгілінде неше ай бар?

Жауап: 3 (қыркүйек, қазан, қараша)

2. Күзде қандай құбылыс жиі кездеседі?

Жауап: Жапырақтардың сарғайып түсуі

3. Қандай құстар күзде жылы жаққа ұшады?

Жауап: Қараторғай, тырна, қарлығаш, қаз

4. Күз мезгілінде қандай ауылшаруашылық жұмыстары жүргізіледі?

Жауап: Жинау, орақ, егін, бау-бақша өнімдерін теру

2-кезең: Мақал-мәтелдерді жалғастыр

1. Күзгі жауын — … Жауап: Көктемгі шөп

2. Күздің бір күні — … Жауап: Жылға азық

3. Ерте шыққан егін — … Жауап: Ысырап

4. Дала көркі мал (өзен көркі тал)

5.Ағаш көркі жапырақ .............................(адам көркі шүберек)

6. Қына тасқа бітеді............Білім басқа бітеді.

3-кезең: Жұмбақ шешу

1. Мойны сұрақ белгісі, бұл қандай көл құсы. (аққу)

2. Сусыз піскен ас көрдім, Домаланған бас көрдім (қауын)

3. Жайлы жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін.

Қабат қабат тоным бар

Қалай оны шешемін.(орамжапырақ)

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды. (Күз)

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркіреуі)

3-кезең: Логикалық сұрақтар

1. Күзде ағаштар жапырағын не үшін түсіреді?

Жауап: Қыста су үнемдеу және аяздан қорғану үшін

2. Күзде неге күн суытады?

Жауап: Күннің Жерге түсу бұрышы өзгеріп, жылу азаяды

  1.  Неге құстар ұшады?

Жауап: Жем іздеу, жыртқыштардан қашу және миграция үшін.

  1. Неге балықтар су ішпейді?

Жауап: Олар судың ішінде өмір сүреді.


Қосымша шығармашылық тапсырма

"Күз келбетін" 3 сөйлеммен сипаттаңыз.

(Оқушылар өз көзқарасы мен сөздік қорын қолданады.)

Енді сөз кезегін біздің мектеп кітапханашысы Асемгуль Рамазановнаға береміз. Дайындап келген сендерге керемет ойындары бар.

(Ойындарын өткізеді)



7а сыныбында «Алтын күз!» атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты: "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балаларды қамти отырып, олардың адалдық, патриотизм және қоғамға пайдалы болу сынды құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстарды және күз  кереметтілігін  нақты  айқындап  ашуға, табиғатты  сүйюге, сақтауға  үйрету. Шара ойын ретінде өткізілді. Оқушылар белсеңді қатысып,   шапшаңдық пен  ой  жүйріктілігін көрсетті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алтын күз" іс-шараның сценариі

Автор: Жуматаева Багира Дарошевна

Дата: 01.06.2026

Номер свидетельства: 686892


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства