kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8-наурыз мерекес3не сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

8-наурыз мерекесіне арналған іс-шараның сценарийі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8-наурыз мерекес3не сценарий»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Innovative College» мекемесі






БЕКІТЕМІН

«Innovative College» мекемесі

Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары________А.М.Касимова

«_______» ______________2018жыл









«Аналар – асылым, Арулар – жан сырым» атты мерекелік іс-шараның

СЦЕНАРИЙІ









Жауапты: «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы, жетекшісі Макаева А.С.








Семей қаласы

2018 жыл

Күні: 07.03.2018ж

Басталуы: 13.00

Жауапты: «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы, жетекшісі Макаева А.С.

Тақырыбы: «Анашым-асылым, Арулар – жан сырым»

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп, сыйлай білуге, аруларды ардақтап, аялай білуге тәрбиелеу. Оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге баулу.


(«УА-12» тобының оқушылары заманауи би)


Әдеби монтаж

Ердос:

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.


Мұқағали:

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!


Жалғас:

Ана десем шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар ажары

Ана деген тіршілікке пана боп

Әр бір үйде шуақ болып жанады.


Серіккелді:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.


Дарын:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.


Ержан:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.


Біржан:

Өмірімнің қап-қараңғы түнінде,
Еш не білмес түсім бе я өңім бе
Оң менен сол, от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде, -

Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!»
Ыстық-суық, желге-күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.


Заңғар:

Балаға арнап бар асылды жинадың,

Мейіріміңді, жүрегіңді сыйладың,

Әлем сенің табаныңда бас иер,

Беу, аналар, құтты болсын мейрамың!


(Ән: ӨҚ-33 тобының оқушысы Малхайдар Оразхан «Ана»)

Мәди:

Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын

Жалғас:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


Мәди:

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.

Аяулы ұстаздар, ардақты аналар, ару қыздар, құрметті қонақтар! Баршаңызды көктеммен ілесе келген сұлулықтың нышаны, абзал аналарымыздың мейрамы, яғни «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


Жалғас:

Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей келе «Аналар – асылым, Арулар – жан сырым» атты мерекеге арналған концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз!


Мәди:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.

Жалғас:

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.-дей келе «Innovative College» мекемесінде білім алып жатқан барша студенттер қауымы мен ұстаздар ұжымының аяулы анасындай мейірім төгіп, шуағын шаша білетін колледж директоры Уразбаева Кумыс Толеубековнаға құттықтау сөз кезегін береміз.

(К.Т.Уразбаева сөз сөйлейді)
(ӨҚ-21» тобының оқушысы Балтабай Заңғар) мәнерлеп оқу


Мәди:

Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды-дей келе «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері дайындаған КВН-ге кезек берейік.

(«Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы КВН)


Жалғас:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-дей келе колледж оқытушыларының орындауындағы «Ана туралы жыр» шашуын паш етеміз.

(ТРИО)


Мұқағали: монлог

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» десек те, түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған аналарымызды ардақтайық, ағайын!


Мәди:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,-дей келе «Қаржы-11» тобының оқушылары дайындаған флеш-моб биін зор қошеметпен қарсы алайық.

(Қаржы-11» тобының оқушылары ФЛЕШ-МОБ)

Жалғас:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың


Мәди:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - дей келе колледжіміздің өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша оқытушысы Жарықбасов Әсеттің орындауындағы «Асыл ана» әніне кезек береміз.

(Асет ән айтады «Асыл ана»)


Жалғас:

Әлемдегі ең ақылды, дана боп, 
Нұрын шашар жақсыларға пана боп. 
Кім-кім болсын сені алақанында, 
Мейірлене ешкім сүймес ана боп. 


Мәди:

Алақаны жылылықтан балқыған, 
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған. 
Бұл сезімге ие болған барша жұрт, 
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, -дей келе зор қошеметпен КВН оқытушылар құрамасын ортаға шақырамыз.

(КВН оқытушылар құрамасы)


Жалғас:

Жарты жанын бөліп беріп балаға, 
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана. 
Қиын күндер кешсе дағы басынан, 
Міндет етпей жүрген адам сол ғана. 

Мәди:

Қасиетті жұмақ кілті табылар, 
Алыс кетсең алаңдар да сағынар. 
Аналарын сыйламаған адамдар, 
Қашан болсын өз ісінен жаңылар. –дей келе ПОВТ-11 тобының оқушысының орындауындағы әсем әнге кезек береміз.


Жалғас:

Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын

Мәди:

Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей келе Қаржы-13 тобының оқушысы Семейғазы Сылдырбайдың орындауында «Қаланың қыздары» әнін қабыл алыңыздар.


Жалғас:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән менен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-дей келе «Шын ғашықтар» әнін зор қошеметпен қабыл алыңыздар.


Мәди:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.


Жалғас:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым-дей келе Азамат Берікболұлы мен Малхайдар Оразханның орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.


Мәди:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.


Жалғас:

Құрметті қонақтар, аяулы да ардақты ұстаз-аналар, ару қыздар баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Көңілдеріңіз әрдайым көтеріңкі болып, күндей күліп, жұлдыздай жарқырап, барша әлемге жылылық нұрын шашып жүре беріңіздер.

(Естелік фотосуретке түсу)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
8-наурыз мерекес3не сценарий

Автор: Макаева Алтынгуль Сапарбековна

Дата: 05.03.2018

Номер свидетельства: 460748


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства