Просмотр содержимого документа
«5-сынып Сыныптан тыс іс-шара»
Сабақтың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Мұғалім: Армысыздар , құрметті қонақтар,оқушылар, ұстаздар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Мен өз Отанымның патриотымын!»атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК кешегі тарих беттеріне қызыл қанмен жазылып, ақ найзаның ұшымен қорғалған, ақ білектің күшімен жеткен бабалар аманаты! Азапқа толы бұл азаттық бізге оңай келген жоқ! «Абылайлап» атой салып атқа қонған, қасық қаны қалғанша ұлтарақтай жерін қорғап өткен бабаларымыз, ғасырлар бойы азаттық үшін күресті, елім деп еңіреді, жерім деп күңіренді, қазағым деп қайғырды, Алаш деп аһ ұрды, жанын пида етті, ақ қар көк мұз жастанып, Отан деп от кешті. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашанда мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.
Тәуелсіздік алғанға дейін халқымыз неше түрлі кезеңді басынан өткерді: ХVІІІ ғасырдағы Қазақ тарихындағы жоңғар шапқыншылығының зардабынан Ресей империясының қарамағына өткен кезі, 1931 - 1933 жж. ашаршылық, сталиншіл әкімшіл – әміршіл жүйенің 1937 - 1939жж. озбырлығы, 1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ халқының саны және кешегі 1986 жылдың ызғары тарих беттерінде азаттық үшін күрестің куәсі болып қалды. Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа жауап беріп өткеніміз жөн болар
Оқушылардың ой талдауы тыңдалады.
Мұғалім Патриот,Отан сөздерінің анықтамасын береді
Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Ал оқушылар,Отан, туған жер,Тәуелсіздік тақырыбында қандай өлең жырларды білеміз?
Елікбай Айым «Желтоқсан»
Шубай Жанел « Отан»
Есенгельдина Алина «Үш бақытым»
- Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстан неше елмен шектеседі? 5 мемлекетпен шектеседі.
Жақсы балалар,олай болса тәрбие сағатымыздың 2 бөліміне өтеміз.
Партада әр оқушының алдында 7 түсті стикерлер бар.Қызыл,жасыл,сары,көк,күлгін,қара,қоңыр .Стикерлерді қолдарыңызға аламыз.Енді маған қызыл түсті стикерді таңдаған оқушылар 1-топқа «Қазақстан» тобына жайғасамыз.Жасыл түсті таңдаған оқушылар 2-топқа «Болашақ» тобына,сары түсті таңдаған балалар 3-топқа «Тәуелсіздік» тобына отырамыз.
Енді сіздерді 3 топқа бөліп, топ жетекшілерімен таныстырып өтейік.
1-топ : « Қазақстан»
2-топ : «Тәуелсіздік»
3-топ : «Болашақ»
1 кезең: «Суреттер сөйлейді » сайысы (сурет бойынша мақал-мәтелдер құру)
2 кезең: «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап)
3 кезең: «Постер қорғау»
1 кезең «Суреттер сөйлейді»
Отан оттан да ыстық
2)Отанды сүю отбасынан басталады.
Отбасы –шағын мемлекет
3)Отансыз адам,ормансыз бұлбұл
4)Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды.
5)Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
6) Туған жер алтын бесік
2-кезең
2-кезең: «Сен білесің бе?» слайдтағы сұрақтарға жауап береді:
3-кезең «Постер қорғау»
Қазақстан тобы «Қазақстанның патриоттары»
Болашақ тобы « Болашақ Қазақстан»
Желтоқсан тобы «Желтоқсан құрбандары»
Еліміздің намысын қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды Риода желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан ұтқан медальдар саны-17.2012-жылғы Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегері, жеңіл атлет Ольга Рыпаковабұл жолы қола медаль алды. Боксшы Василий Левит күміс медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль ұтып алды. Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына Данияр Елеусінов тарту етті. Еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың қола медалін иеленді.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды. Қазақстан спортшылары Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті, мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз керек
Ән:Төлеубаев Бақберген «Алға,қазақ жігіттері»
Күй: Манарбекқызы Сымбат
Рақмет балалар.
Көрермендермен жұмыс «Әріптер сыры »
А – Биыл елімізде қай қаланың 1000 жылдығы тойланды? (Алматы)
Х – Қайрат Рысқұлбекоқке берілген атақ («Халық қаhарманы»)
Б – Астана қаласының символы (Бәйтерек)
П – Жоғары Заң шығарушы орган (Парламент)
Н-Елбасының 2014 ж 11 қарашада жолдаған жолдауы (Н ұрлы жол- болашаққа бастар жол)
Р – Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры (Рақымжан)
Ш – Тудың авторы (Ш.Ниязбеков)
Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел (Түркия)
Ы – Қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы (Ыбырай)
Топтарды тыңдау.Постер қорғайды.
Жеңімпаз топ марапатталады.
Рефлексия. Көңіл –күй смайликтері арқылы ,оқушылардың сабақ соңындағы көңіл күйін бақылау
Ән. Жаңбыршы Томирис «Қазақстан»
Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Атазаңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.