kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4 сынып о?ушыларыны? ерте?гілігі. "Аттанды? бастауыштан болаша??а".

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып о?ушыларыны? бастауыш сыныппен ?оштасу кешіне арнал?ан ерте?гілік. Б?л ерте?гілік оларды? т?рт жыл бойы ?здері о?ы?ан гимназия мектебімен, сынып жетекшісімен, п?н м??лімдерімен ?оштасып, орта??ы буын?а аттану кезе?ін суреттейді. Ерте?гілікте сыныпты? барлы? о?ушылары ?амтыл?ан. сонымен ?атар осы сынып алдында ?стаз алдынан білім алып, б?гінгі к?ні гимназияны? жо?ары сыныбында о?ып ж?рген о?ушылармен кездесу кезі де бар. Ерте?гілікте о?ушыларды? к?шімен ?йымдастырыл?ан концерттік номерлер, скетчтер, би, хор ата-аналар?а сый болып тартылды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4 сынып о?ушыларыны? ерте?гілігі. "Аттанды? бастауыштан болаша??а". »

Қостанай облысы, Арқалық қаласы

А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен білім беретін бастауыш гимназия.

Сынып жетекшісі: Абдыкасымова Г.Ж.

Аттандық бастауыштан-болашаққа!

Мақсаты: Бастауыш сыныптың қоштасу мерекесін өткізіп, жас бүлдіршіндерді бірлікке, білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зал шарлармен, қанатты сөздермен безендірілген. Сахнада «Аттандық бастауыштан - болашаққа» деп жазылған тақырыбы ілінген.

Өтілу барысы.

Сахнада сынып жетекшісі:

Қош келіпісіздер, құрметті қонақтар! Бүгінгі күн бәріміз үшін өте ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттары қатайып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз, толқып тұрмыз бәріміз де,

Мұндай күн болған, сірә, қаншаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық,

4-ші сынып түлектерін ортамызға.

(Музыка ойнап тұр. Барлығы вальс ырғағымен ораға өтіп, орналасады).

Мұғалім:

Ұстаз болу – қиынның қиыны. Шәкірттің жан дүниесін байытып, қоғамға кірпіш болып барып қалануына зор үлес қосады. Ұстаздың арманы – шәкірттің қамы. Ендеше өз ұстаздарына балауса жүрекпен айтар шәкірттеріміздің ойын тыңдайық.


1-оқушы:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.


2-оқушы:

Ұстаздар жан анамдай аялаған,

Нұрланған шуағымен саялаған.

Айналдақ мейірімді жүрегіңнен,

Шәкірттен өз бақытын аямаған.


3-оқушы:

Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстаз да, ғалым да, дана да.






4-оқушы:

Асыл ұстаз мектептің жүрегі,

Шуақ шаншар реңі.

Ұстаз деген ұлы тұлға есімді

Біз үшін өмір сүреді.


5-оқушы:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет, ұстазым, көзімді ашқан.

Біз - шәкірт, біз- Отанның болашағы.

Білімнің басқышына қадам басқан.


Ән: 1. Ұстазым, менің ұстазым . Орындайтын- Муканова Сайора

2. «Ұстазым менің» Сантимирова Разалия, Қосылбай Данияр

Мұғалім:

Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіңіздер. Мектепті, білім ордасын бағалай білуге үйрендіңіздер. Білімнің алғаш есігін ашқан бастауыш гимназиямен қоштасқалы отырсыздар.


6-оқушы:

Ия, достарым, бүгін бізде үлкен қуаныш, үлкен той.


7-оқушы:

Бүгін қуаныш, бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.


8оқушы:

«Мектеп –ғылым патшасы» емес пе? Ахмет Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияда білім алдық.


9- оқушы:

«Оқу- білім бұлағы, білім – өмір шырағы» - деген, бұл гимназия талай жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып, азамат қатарына қосып келеді.


Мұғалім:

Мектепке, өздерің оқыған Ахмет аталарыңның атындағы гимназияға деген құрметтеріңді әнмен әрлейік.

Ән: 1. « Мектебім». Орындайтын Сантимирова Разалия .

2. Би: «Қуыршақ» Қыздар тобы

10 – оқушы:

Ардақты анам , асылым,

Бүгін сені жырлаймын.

Жырымның ең асылын,

Бір өзіңе арнаймын.


11 – оқушы:

Келбетіңде ұлылық

Даладай кең пейілі.

Ана деген жылылық,

Ана деген мейірім.


12- оқушы:

Ақыл құйған санама,

Күннен артық расында.

Күн алыста , ал анам,

Ылғи менің қасымда.


13-оқушы:

Ана болсаң ана жанын ұғарсың,

Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың.

Балаң үшін кеуде керіп қуанып,

Балаң үшін биіктен де құларсың.


14 – оқушы:

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


15 – оқушы:

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

  1. Ән: «Анашым». Қали Науан, Сайын Жұлдыз

  2. Күй: «Балбұлақ». Орындайтын Бораш Темирлан

  3. Би «Қара жорға»


Мұғалім:

Бұл бастауыш патшалығының қиындығы мен қызықты сәттерін бірге өткізген пән мұғалімдерінің де еңбектері ерен. Өз балаларындай қамқорлығына алып, ыстығы мен суығына бірдей төзген апайларына айтар

сөздері бар.


16- оқушы:

Байтұрсынов атамыздың атындағы

Гимназия мекептің ұжымына

Басшы болған Раушан Едігеқызы

Рахмет сізге дейді бала жүрегі.




17 – оқушы:

Туған тілім менің – қазақ тілі білемін,

Орыс тілі сені де мен сүйемін.

Жаттықтырып, талай сабақ үйреткен,

Гүлмира мен Бибігүлдей апайларым,

Ұмытпаймын, есімде сақтап жүремін.


18 – оқушы:

Мұғалім бар сыныбымда дәріс берген,

Қыр-сырын компьютердің ашып келген.

Рахмет Медет ағай, Эльмира Уәлиханқызы

Жарқын жүзің әрқашан қуат берген.



19 – оқушы:

Шаршамай талай сайыстан,

Жеңіспен келіп шаттанған.

Дей келе : «Спорт пен білім егіз»

Тимур, Сырым ағайларым сіздерге рахмет дейміз.


20- оқушы:

Ән салып әсем дауыспен

Домбыра тілін үйреткен.

Динара апай өзіңізге,

Рахмет дейміз шын жүректен.


21 – оқушы:

Ағылшынша оқудың тілін білдік,

Дыбыстарды талдадық сырын білдік.

Соның бәрін жалықпай түсіндірген

Фанзия апай рахмет сізге шын жүректен.


22- оқушы:

Даярлап білім шыңына,

Жетелеп жол көрсеткен.

Күлаш апай сізге де

Рахмет дейміз жолыңызға.

  1. Ән: «Ардақты менің ұстазым» Мүбәрәкова Қаламқас, Тыным Диас

  2. Хор: Папурий

  3. «Жастар биі»

Мұғалім

Есейіп бүгін тұрсыңдар,

Аға боп бізге кәдімгі.

Бірінші сынып ұл-қызы,

Арнайды сыйға ән-жырды

Құтты болсын айтамыз,

Артыңнан жетіп барамыз.

Мадақтап әркез өзіңді

Жолыңды жалғап саламыз, - дегелі отырған бірінші сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

  1. Сынып оқушылары ортаға шығып тақпақтарын айтады.

  2. Ән. «Ассалаумағалейкум» Орындайтын бірінші сынып оқушысы Медет.

22- оқушы:

Жаным толқып лүпілдейді жүрегім,

Бойым өсіп, ойым өсіп түледім.

Бірі құрбі, бірі дос,

Боламыз енді жоғары сынып түлегі.


23- оқушы:

Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз,

Жақсылық пен адалдыққа құштармыз.

Еңбек пенен тіршілікке сән берсін,

Достық туын әркез биік қстармыз.


24-оқушы:

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма,

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жаным,

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.


25- оқушы:

Риза болшы ұстаз қауым ардақты,

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де,

Бастауышты орта буын жалғапты.


Мұғалім:

Өнерпаздар ортамызда әлі бар,

Әртістерше ойнап берер сәні бар:

Қошеметтеп қарсы алайық бәріміз,

Көрсететін өнерлері тағы бар.

  1. Кешегі гимназиядан білім алған Ғалия апайларыңның түлектері қонаққа келді. Ағаларының жолдарын жалғастырған осы сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар.

Сынып оқушылары КВН-нен үзінді көрсетеді.

  1. «Цыган биі» Орындайтын қыздар тобы

  2. Хор: «Соңғы қоңырау »


Мұғалім:

Шәкірттерім. . .

Өздеріңмен адымдап аспандаймын,

Сендер барда ешкімен жасқанбаймын.

Бастауышты бітірген мына сендер

Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.

Мен үшін бірдейсіңдер қарақтарым,

Орындалсын арман тілек, талаптарың.

Бәрің де қарлығаштар секілдісің

Алтын ұя мектебіңнен ұшып тұрсың

Самғаңдар биіктерге қайрылмасын,

Енді ғана қатайған қанаттарың.

Ал, шәкірттерім

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман-есен болыңдар.

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бүгінгі кеш аяқталды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
4 сынып о?ушыларыны? ерте?гілігі. "Аттанды? бастауыштан болаша??а".

Автор: Абдыкасымова Галия жумановна

Дата: 23.02.2015

Номер свидетельства: 177747


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства