kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

13 мүшел жас.doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

             Сахна сыртында  «Мереке»  күйі ойналып тұрады.

   Сахнаға жүргізушілер шығады                                    

Шоң:     Шалқытып  күй  әуені  кеуделерді   

Мүшел  жас  көктемменен  келген  еді

Құттықтаймыз  бүгінгі  мерекеңмен

Туған  күн  кешімізге  келген  елді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«13 мүшел жас.doc»

Сахна сыртында «Мереке» күйі ойналып тұрады.

Сахнаға жүргізушілер шығады

Шоң: Шалқытып күй әуені кеуделерді

Мүшел жас көктемменен келген еді

Құттықтаймыз бүгінгі мерекеңмен

Туған күн кешімізге келген елді

Жарасқан: Армысыздар ата – ана, ұстаздарым!

Бүгін сізге арналар ән мен күйім,

Өрендерміз өмірге құштар жаны

Өнерменен әрленсін әсем жиын.

Шоң:

Тербеліп балалық шақ бесігінде,

Он үштің аштық бүгін есігін де.

Парыз ғой тәрбие мен білім алып,

Үлгілі ұл – қыз болып өсу бізге.

Жарасқан: Олай болса, бүгінгі мүшел жас иелерін қошеметпен ортамызға шақырайық.

Шоң: Шаттыққа толы көктемім,

Шуағын шашты көкте күн.

Қытымыр қыстың аязын

Сезбедім қалай өткенін ,- деп, көктемде дүниеге келген өрендерді ортаға шақырамыз!

Жарасқан: Жайдары жасыл жаз айы,

Думанға толы әр күні.

Жайнаған жүзбен қарайды,

Естілер оның шат үні,- деп жайдары жаздың мүшел иелерін ортаға шақырамыз.

Шоң: Алтындай түске боялған

Күзде аштық өмір есігін.

Береке толы шақ осы,

Толады сенде несібем,- деп берекелі күз айында тіршілік табалдырығын аттаған өрендерді шақырайық.

Жарасқан: Сағынтып сары аязы

Жылына келер бір рет.

Қырауға күміс малынған

Қыс кезі қандай керемет - деп ақпанның ақ шұнақ аязын ыстық демімен еріте келген өрендерді ортаға шақырамыз.

Шоң: Құрметті ата – аналар, ұстаздар! Бүгін біз үшін үлкен мереке. Бүгін біздер сәбилік бала шақтан бұлаң балдәурен болашаққа қадам басатын киелі кезең - он үш жас балалық шақ мүшелін толтырып отырмыз.

Жарасқан: Мүшел ерте заманнан келе жатқан аса маңызды кезең, уақыт есебін жүргізудің жүйесі .Қазақтың ұлтық ұғымында жас саны мүшелмен есептеледі. Халық даналығында осы қағида шын мәнінде тапқырлық санақ есебі екенін әркімдер тіпті ғылымның өзі де мойындайды.Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге өте ыңғайлы әрі бірден-бір оңай есептік жүйе.

Шоң: Әр мүшел жылдары наурыз айының 22-ші жаңасынан басталып, келер жылдың 21-ші наурызында аяқталатын болған.Осылайша 12жылдан қайырып ,адам жасын оңай шығарып алып отырған.Бұны жыл қайыру деп атаған. Халық ұғымында әр мүшел адам өмірінде қауіпті жыл деп саналып ,мүшел жасында Киім беріп , жаратушыдан саулық тілеп садақа береді .Қазақтың мұндай сақтануы негісіз де емес.

Өйткені адам ағзасында әр 12 жылда үлкен өзгерістер болып тұратынын шығыстық ғылым дәлелдеген.

Жарасқан: Сөйтіп адам жасын балалық,жастық,жігіттік, орта жас,ақсақалдық, қарттық, кәрілік мүшелдеріне бөлген.

Шоң : Адам өмірінің маңызды кезеңдері болып саналатын мүшелдер сырын ұландар тобы сипаттап берсін.

Жарасқан: «Мүшелдер шеруі»

(Сахнаға 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85 сандары жазылған бетшелер ұстаған балалар шығады)

Шоң: Олай балса, осы аталған барлық мүшелдердің ең алғашқысы, ең қымбаттысы 13 – жас – балалық мүшелге және 1994/1995 жылдары дүниеге келген құрадастарымызға оралайық.

Жарасқан: Бұл жылдар жыл санау бойынша ит және доңыз жылдарына сәйкес келеді екен.

Шоң: Ит жылы тауықтан кейін келетін жыл.Жеті қазынаның бірі. Халық үшін жайлы жыл болған. Ал доңыз жыл санаудың соңғы жылы боп саналады. Тарихта бұл жыл да жайлы, тыныштық жылы болып келген.

Жарасқан: Содан бері 13 жыл өтіп, міне осы көктемде бір мүшел жасымызды толтырып, келесі мүшел – жасымызды толтырып, келесі мүшелдің табалдырығында тұрмыз.

Шоң: Осы кезге дейін бізді аялап өсірген ата – ана, білім нәрін берген ұстаздарға басымызды иеміз. Ана жанын ана болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол биік құзар шың.

Балаң үшін кеуде керіп мақтанып,

Балаң үшін биіктерден құларсың.

Жарасқан:

Дүниенің жарық күні амалсыз,

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ, анаменен ұлымыз

Дана болсақ, анаменен данамыз – деп ақын жырлағандай, ана бізге жарық күн сыйлаған ең асыл, ең қасиетті жан.

Шоң: Ертайдың орындауында «Анаға сәлем» Қабыл алыңыздар.

Жарасқан: Айсырға Қилыбаева «Жан анам » оқитын Ерекешова Динара Шоң:

Көктем жетті көл – көсір шуақ қылып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып – деп Мұқағали ақын жырлағандай, біздің бүгінгі мүшел тойымыз шуақты көктеммен бірге келді. Олай болса, көктем күндерінің кереметін мына бір әсем бимен жеткізейік.

Би «Көктем»

Жарасқан: Көктем келді гүл төгіп қабағынан,

Тартылсын жаңа бір күй, жаңа бір ән.

Төгейік бар өнерді бойымыздан,

Келіңдер бүгін бізде «Бала - думан»

Шоң: Бүгінгі думанымызға өңшең өнерлі жастар жиналып қалған сияқты ғой.

Жарасқан: Иә, «өнерліге өріс кең» деген емес пе?

Думанымызды бастамас бұрын аналардың мүшел тойға арнап әкелген дәміне жақындайық.

1 -Көрініс: «Ит, доңыз»

Шоң: - Ау, «әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас» деген, мына мүшел тойда үнсіз тұрғанымыз не? Қане көрсетейік өнерімізді.

Жарасқан: Ал, онда Наурызбек мына думанға қандай шашумен келдің?

Наурызбек: Көктемменен мүшел жасқа мен жеттім

Он төртінші наурыз кеп.

Шалқысын бір «Адай» әуен төріңде,

Күйден тарту бермек сізге Наурызбек

«Адай» күйін қабыл алыңыздар.

Шоң: Беу, Көктем айының тамашасы таусылған ба, сірә?! Қане ,Амалқан, сенің қандай өнерің бар?

Амалқан: Мен сіздерге «Наурызым» әнін орындап берейін.

Мейрамгүл: Шығарған ақ төріме думан бүгін,

Наурыздың сегізінде туған күнім.

Аналарды, қыздарды құттықтаймын

Думанымның сәні боп тұрған бүгін!

Мен сіздерге «Қыздар, қыздар» әнін тарту етемін.

Жарасқан: Достар, енді Райымбектің өнерін көрсек қайтеді?!

Ортаға Брэк биімен Райымбекті шақырайық.

Шоң: Зеренің орындауында «Саржайлау» әнін қабыл алыңыздар

2 - көрініс «Тарту» Райымбек, Азамат

Мәрмәр: Жадырап келді жайлы, жайнаған жаз,

Еңбекпен өмір қызып, қайнаған жаз.

Тәтті үнмен гүлстанның бақшасынан

Жыл құсы – тоты, бұлбұл сайраған жаз, - деп ақын ағамыз жырлағандай, мен жайдарлы жазда, тамыз айында дүниеге келіппін.

Бүгінгі мүшел жас тойымызға арнап «Балалық шаққа саяхат» әнін алып келдім.


Жарасқан: 3- көрініс «Сот» (Қуаныш, Абай, Жиенбай, Қанағат )

Шоң: Достар, бүгін Ақтолқынның туған күні емес пе? Досымызға қандай тарту бермексіздер? Олай болса, Қуанышты тыңдайық

Қуаныштың орындауында ән «Туған күн»

Жарасқан: Қиын ба мұны жасаған,

Деп асығып айтпа кесімін.

Өнерлі аға, апаға

Еліктеп жүрсе, несі мін?!

Пародия «Мұзарт» пен Жолдасовтар тобы

Ерғалиева Ботогөз: Бүгінгі мүшел тойымызға арнап «Дариға, домбыраңды берші маған» әнін орындап берейін.

III. Көрініс(Райымбек, Азамат)

Әзиза: Наурыз - көктемнің алғашқы айы, бұл ай – тұнып тұрған мереке.

8 – наурыз, 14 – наурыз, 22 – наурыз . . . Бұл мерекелердің қай – қайсысына да жыр жазу лайықты. Осы көктем мерекелеріне арнап жыр жолдарын арнаймын. «13 жас» Арнау

Көктеммен келіп құлпырған әсем гүл мейрам,

Аналар менен арулар үшін төл мейрам.

Өзгерді қоғам, өзгерді заман бәрібір,

Бәрін де жеңіп, өзгермей қалған бұл мейрам.

8 март баяғы сол бір қалпында

Ілесе келер Наурыз мейрамы артында.

14 күні құшағын ашып көрісу,

Сақталып қалған атадан мұра салтында.

Ысырып тастап қаһарлы қыстың ызғарын,

Ысырып тастап ақпанның суық мұз, қарын.

Наурыз – думан басталып кетті елімде

Әжелер жүр алдыңа тосып тұз – дәмін.

Құшағын ашып көрісіп тума-туыстар,

Әдемі әуен естіліп жатыр сыбыстар.

Бұрыннан жүрген ұмытып өкпе – наздарын,

Барсаң да қайда, жағымды әсем дыбыстар.

Келесі жырым аналарыма арналды,

Ананың ары ата заңменен қорғалды.

Аналар деген теңеуі жоқ тұлғалар,

Еш теңеу таппай ақындар қатты толғанды.


Жаратқан ием негізгі анам Хауа – ана,

Асырап отыр киелі бізді Жер – ана.

Тіршілік біткен тәуелді сізге аналар

Олардың бәрін ауыздандырған сен ғана.

Құттықтау айттым толғау толқу аралас,

Әйелдің жүгі ерлермен бірдей шамалас.

Мереке сайын қттықтау менің парызым

Қусырып қолды отыру бізге жарамас.

Биылғы жыл біздер үшін құтты жыл,

Той думанды, алаулаған отты жыл.

Бір мүшелдік 13 жасты тойлаймыз

Біздер үшін ерекше жыл, сәтті жыл.

Әлі біздер балғын бөбек баламыз,

Көп ойлауға жетілген жоқ санамыз.

Сабақты да оқып болып жалма – жан,

Ойын қуып артық кетіп қаламыз.

Бір мүшел жас біздер үшін ғасырдай,

Достарыма шынымды айтам жасырмай.

Қуанышпен толғау жырды арнаймыз

Балалықтың бал сезімі басылмай.

Шоң: Күн салқындап, маржандай мөлдір шық түсетін күз айының керемет күндері көп емес пе? Күз құшағында көзін ашқан кімдер еді? Көрсетсін өнерін.

Ақниет :Мүшел мейрамымызға арнап «Тойға тілек» әнін орындап берейін.

Әділ:Мен дүниеге келген күз айының бірі қыркүйекте Мұхаммед Пайғамбарымыз да дүние есігін ашқан екен. Сондай – ақ, Мұхтар, Сұлтанмахмұт, Сәкен, Ыбырай, Міржақып сынды әдебиет майталмандары да осы күз айының перзенттері екен.

Жарасқан: Тағы да кімде өнер бар екен? Ортаға келсін.

Ортаға Айзатты «Ағатайым – ай» әнімен шақырамыз

Шоң:Тамараның орындауында «Ханшайым» биі

Жарасқан: Достар, бүгінгі кешке «Жігіттер» тобы келіп қалған сияқты ғой.

Пародия «Жігіттер» тобы мен Роза Әлқожа (Райымбек, Ақниет, Айзат, Орынгүл, Назерке )

Нұржауған: Достар, бүгін мына думанда балалық шағымызда, сол балдәурен кезеңді өткізіп жатқан туған жер топырағын неге жырламасқа?

М. Жұмабаев «Туған жер» өлеңін қабыл алыңыздар.

Жарасқан: Фариза Оңғарсынова «Бала ойы» Оқитын Әбдешов Шоң

Динараның орындауында қазақ биі «Жұмыр қылыш»

Шоң:Қыс айының перзенттері сендердің қандай өнерлерің бар?

Осы қыс айында Бауыржан атамыз, ақын Мұқағали, ғалым Қаныш, тіл білгірі Ахмет аталар дүние есігін ашқан екен.

Олай болса, қыс айының перзенті Ақниеттің орындауында өзбек биін тамашалаңыздар.

Жарасқан: Көрініс «Мектепте» Райымбек, Азамат

Шоң:Қазақ биі «Концерт» Орындайтын Ерғалиева Тамара

Жарасқан: Шоң, білесің бе, қазақ халқында әдет – ғұрып мызғымас заң болып есептелген. «Салт – дәстүрлі ел – мықты, әрі тұғыры берік ел»

деген бар.

Шоң: Олай болса, бүгінгі мүшел жас иелері салт- дәстүр, әдет – ғұрыптан біле ме екен , сұрақ беріп, байқап көрелік.

Сұрақтар қойылады

Қазан шегелеу деген не?

Жастар жағы өздерінің жақсы білетін үлкендерінің үйіне «қазан шегелеуге келдік» дейді. Үй иелері оларды тамақ асып, қонақ етеді.

Көген той деген қандай мейрам?

Алғашқы бие байлау, қозы көгендеу сәттерінде мал иелері желі басына барып, желіге, төл басына, көгенге ақ құйып, «мал басы өссін» деп бата тілеп, ырым жасайды. Артынан дастархан жайып, шай ішеді.

Ақсарбас деген не?

Түрлі қауіп – қатерге ұшырағанда әр қазақ баласы «Ақсарбас» деп үш рет айқайлап, Алладан «Жанымды аман қалдыра гөр» ,- деп тілек тілейді.

Ұзынсары деген ненің атауы?

Көктемде күн ұзарып, түн қысқара беретін, «жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілетін» кезді ұзынсары келді дейді.

Тоқымқағар туралы айт

Жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата – анасы тоқымқағар жасап, ауылдастарға кең дастархан жаяды. Осыны тоқымқағар деп атайды.

Бүйрек деген не?

Соғым сойған үйдің туыстарының балаларына арнап бүйрек қосылған сыбаға жіберуі осылай аталған. Бұл баланы тәрбиелеудің, сыйластықтың жолы саналған.

Ерулік деген не?

Ауылға басқа жақтан отбасы көшіп кенліп қоныстанатын болса, ауылдағылар жаңа көршіні ерулікке шақырып, қонақасы береді.

Жарасқан : Ойынсыз думанның сәні ашылған ба? Ендігі кезекті ойынға берсек.

Шоң: Мен сенің бұл ойыңа келісемін.

1 – ойын шарты.

Төрт мезгілден бір – бірден оқушы шығады. Олардың ата – анасы да шығып, оқушылардың шарфпен көзін байлап, әрі қарай оқушы өз ата – анасын табуы тиіс. Таба алмаған оқушы айыбына өз өнерлерін көрсетеді.

Осылай кезекпен тағы екі ойын ойналады.

Ойын аяқталған соң:

Шоң: Тілектер жалғасады бүгін анық,

Жүреміз әрбір сөзін ұғып алып.

Ұстаздарым ақтарсын ақ тілегін.

Тойымыздың төріне шығып алып.

Сөз кезегін Жанат апfйға, бастауышта білім дарытқан Галина, Айгүл апайларға ,Баршагүл , Раушан апайларымызға береміз.

Жарасқан :Ұл – қызын есейгенше аялаған

Ұрпағына мәңгілік сая болған.

Тыңдайықшы ананың ақ тілегін,

Бұл – ана ғой құшағын жаяр алдан.

Шоң: Олай болса, аналарымыздың арасында осы жылы мүшел жасын толтырғандар бар екен, ортамызға шақырайық. Сөз кезегін Дәмеш, Ардақ, Айгүл аналарымызға береміз.

Жарасқан : Ендігі кезекті бүгінгі мүшел жас иелеріне дәстүр бойынша бата беруге кезек берейік

Бата ----------------------------- Ботагөздің папасы


Шоң: Шоқтығын кештің көтерді,

Өнерлі өрен бүгінгі.

Мүшелден мүшел ауысып,

Тойлай бер туған күніңді,- дей отырып,

кешімізді мүшел тойымызға арнап жазылған « Он үште – ұлансың!» әнімен қорытындылаймыз.

Сөзі: М. Дүйсеновтікі , әнін жазған: Кондыбай Шалабаев.

Орындайтын «Хор»

Жарасқан: Қуанышымызды бөлісіп, кешімізге келгендеріңізге көп – көп рахмет!











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
13 мүшел жас.doc

Автор: Дуйсенова Раушан Медетовна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391816


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства