Просмотр содержимого документа
«Зергерлік б?йымдар.»
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданыМерген орта жалпы білім беретін мектебі
Мұғалімі: Қажғалиев Н.С.
Пәні: бейнелеу өнері 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйымдар.
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы зергерлік өнермен таныстыру; Өрнекті орналастыру түрлерін түсіндіру; оқушыларды туған халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
а) оқушыларды Қазақстандағы зергерлік өнер туралы түсініктерін кеңейтіп, өрнекті орналастыру түрлерін түсіндіру;
ә) оқушылардың композиция сезімін шыңдай отырып,графикалық және зергерлік бұйымдар жасау қабілетін дамыту;
б) оқушыларды туған халқының зергерлік өнеріне қызығушылық сезімдерін дамыта отырып,оны құрметтеуге , өнерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютер, зергерлік бұйымдарының суреті, картон, түрлі түсті қағаз, жылтыр журналдан кесіп алынған қиындылар, фольга, жылтырақтар, жай желім мен ПВА, қайшы, жай қарындаш, өшіргіш.
Кестені пайдалана отырып,зергерлік бұйымдарда қандай ою-өрнек түрлерін кездестіріп отырғанымызды анықтаймыз.Олар дөңгелек,жолақ түрінде (білезікке бір-бірімен шынжырша жалғасқан өрнектер салынуы мүмкін), үшбұрыш және тікбұрыш түрінде болуы мүмкін.
Оқушылар осы фотосуреттердегі өрнектердің түрін атап береді.
Оқушы ізденісі стратегиясы.Оқушыларға өз бетінше зергерлік әшекей ойлап табуды ұсыну.
(Оқушылардың өз бетінше фольгадан сақина жасауды үйренеді)
Қажетті материалдар (фольга,барқыт қағаз,жылтыр картон мен жылтырақтар) пайдалану.Бұлар әшекейді сомдауға көмектеседі.
Алдымен қағазға қара қарындашпен бұйымның долбарын сызып аламыз.Содан соң зергерлік әшекейді бейнелейтін коллаж элементтерін қиып аламыз.Оларды ПВА желімімен жабыстырамыз.
ІV. Ой толғаныс сатысы.Сабақты қорыту
Оқушы ізденісі стратегиясы бойынша жасалған зергерлік әшекейлерді жылтыр сақиналарды көрсету.Шебердің қолынан шыққан бұйымдар, яғни тақтаға балалар жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру.
Осылайша, оқушылар өз жұмысын сыныптастарының жұмыстарымен салыстырып ,бағалайды.