Жылы ж?не суы? т?стер ?оспасы. Жылы ж?не суы? т?сті бояумен ж?мыс
Жылы ж?не суы? т?стер ?оспасы. Жылы ж?не суы? т?сті бояумен ж?мыс
Б?л саба? жоспарында т?стерді? т?рлері туралы ж?не оны? ерекшеліктері туралы айтыл?ан. саба?та т?рлі ?діс т?сілдер мен к?рнекі ??ралдар ?олданыл?ан. саба? барысында о?ушылар т?стерді айыра алады, ?мірде ?олдану?а ?йренеді.,fhks5 барлы?ы о?ушыларды? жас ерекшеліктеріне орай ?йымдастырыл?ан. 0jklfyekfh
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жылы ж?не суы? т?стер ?оспасы. Жылы ж?не суы? т?сті бояумен ж?мыс»
Тлеуқабылова Қарлыға Мұратқызы
Көкшетау қаласының № 10 орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Жылы және суық түстер қоспасы. Жылы және суық түсті бояумен жұмыс
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларға түстер жайлы түсіндік беру; жазықтық бетінде жұмыс жасағанда түстерді бір-бірімен үйлесімділігін таба білуге үйрету; 2) балалардың ойын, қиялын және зейінін дамыту; 3) балаларды ұқыптылық пен еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтыңкөрнекілігі: жылы және суық түстер кестесі, тақырыпққа қатысты суреттер
- Балалар, бүгін бізге қонаққа негізгі үш сиқырлы түстер келді. Олар: қызыл, сары,көк түстер. Олардың сиқыры мынада: осы түстерді қосу арқылы неше түрлі түстер пайда болады, бірақ өздері түстерді араластырғанда алынбайды.
Неліктен түстерді жылы және суық түстер деп ажыратады? Қалай ойлайсындар, қандай түстер жылы және суық деп аталады?
Кейбір түстер жылы және суық сезімді білдіретінін балаларға түсіндіру. Жылы түстер көңілді және мейрамды боп көрінеді, суық түстерге қарағанда. Олар қызыл, сары, сарғылт және т.б. түстер құрамында осы түстер болса.
Жасыл түс — өзгеше түс. Өйткені, екі түстен : жылы — сары, суық — көк түстен тұрады.
Сергіту сәті:
Балалар көздерін жұмып өздерін көбелектер ретінде елестетеді.
Мысалы: қызыл көбелек жасыл жапыраққа қонады, көк көбелек - сарғылт гүлге. Әнгімелеу.
Дидактикалық ойын: «Жылы-суық»
Педагог балаларға түстерді көрсетеді. Балалар жылы немесе суық тобына түстерді жататынын айту керек. Содан соң айналадағы түстерді ажыратуға болады.
Суретпен жұмыс:
Неше жылы және суық түстер бейнеленген?
ІІ . САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Операциялық – орындаушылық кезең.
Қағаз бетіне негізгі түстерді үлкен дақтарымен толтырынады:қызыл, сары,көк.Содан кейін осы дақтарға тағыда басқа негізгі түсті дақ түсіру.Балалар суретінде барлық алты түс болуға тиісті.
Сары даққа қызыл түс түсіру,сарғылт гвоздика шығады,көк даққа сары түсті қосу,көкпен қызыл бояуларды қосқанда күлгін түсті гүлдер пайда болады,жасыл түстермен жапырақтарын қосып бейнелеу.
ІІІ. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Рефлекциялық - бағалау кезең.
Тест
Негізгі үш түсті ата
а) сары б) көк в) жасыл г)қызыл
Қосымша түсті ата
а) сарғыл б) сары в) жасыл г) көк
Суық түстерді ата
а) көгілдір б) қоңыр в) сарғыл г) көк
Жылы түстерді ата
а)қызыл б) сары в) көк г) көлгін
Қандай түстердің қоспасынан жасыл түс пайда болады
а) қызыл және сары б) көк және сары в) күлгін және сары г) сарғыл және сары
Өзін - өзі бағалау жүйесі бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы мұғалімнің берген бағалау анықтағышына сүйене отырып, өзін-өзі бағалайды.