kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жылы т?стер ж?не суы? т?стер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кумашев Жасулан Амирханович

СОШ им.Т.Жарокова

Жанибекского района

ЗКО Республики Казахстан

Жылы т?стер ж?не суы? т?стер

Саба?ты? та?ырыбы:          Жылы т?стер ж?не суы? т?стер

Саба?ты? ма?саты:

а)о?ушыларды? бояу т?стері жайлы таным т?сінігін ке?ейту.

?)шы?армашылы? ой-?рісін дамыту

б)?демілікке,?семділікке баулу,?нерге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

К?рнекілігі:бояу т?рлері (акварель,гуашь),т?стік спектр,дидактикалы? к?рнекілік ??ралдар,?нтаспа,репродукция,иллюстрация,муляждар,?ыл?алам.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жылы т?стер ж?не суы? т?стер" »

Кумашев Жасулан Амирханович

СОШ им.Т.Жарокова

Жанибекского района

ЗКО Республики Казахстан


Жылы түстер және суық түстер



Сабақтың тақырыбы: Жылы түстер және суық түстер

Сабақтың мақсаты:

а)оқушылардың бояу түстері жайлы таным түсінігін кеңейту.

ә)шығармашылық ой-өрісін дамыту

б)әдемілікке,әсемділікке баулу,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:бояу түрлері (акварель,гуашь),түстік спектр,дидактикалық көрнекілік құралдар,үнтаспа,репродукция,иллюстрация,муляждар,қылқалам.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Жаңа білімді меңгеруге даярлау.

III.Жаңа сабақты даярлау.

IV.Меңгергенін тексеру.

V.Сөздікпен жұмыс.

VI.Өз бетінше жұмыс.

VII.Қорытынды.

VIII.Үйге тапсырма.

IX Бағалау.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлемін.

1-топ «Негізгі түс».

2-топ «Қосымша түс»

3-топ «Түс реңтері »

II.Жаңа білімді меңгеруге даярлау:

Үш топқа бейнелеу өнері жайлы сұрақтар беріледі.

1.Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді ? (Бейнелеу өнері 6 түрге бөлінеді)

2.Бейнелеу өнері түрлерін атап беріңдер. (Графика,живопись,мүсін, қолөнері, сәулет,дизайн.)

3.Осы өнер түрлерінің қайсысы бояу түрлерін көп қажет етеді ? (Бояу түрлерін живопись өнерінде қолданамыз.)

4.Суға езілетін қандай бояу түрлерін білесіңдер? (Акварель бояуы,гуашь бояуы.)

5.Бояулар түрлері қандй түстерге бөлінеді ? (Жылы және суық бояулар болып 2-ге бөлінеді.)

6.Кемпірқосақтың түстері қанша? Ретімен кім айтып береді? (Кемпірқосақ 7 түстен тұрады.Олар: қызыл, қызғылт сары, сары,жасыл, көгілдір, көк, сия көк.) Әр топ берген жауаптарына қарай өз топтарының суреттері салынған шығармаларын жинайды.

III.Жаңа сабақты меңгеру:Тақтаға мына плакаттар ілінеді.

Витраж-терезе немесе есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектерді айтамыз.


Живопись

Графика Мүсін


Бейнелеу өнері

Қолөнері Дизайн



Сәулет 1


Жылы түсті Суық түсті


Бояулар


Негізгі түстер Түссіз түстер


Қосымша түстер



Сонымен қатар түстік спектр шеңбері келтірілген плакат ілінеді.Оқушыларға бояу түстері жайлы толық мағлұмат беріледі.Негізгі түстер үшеу олар, ал қызыл, сары, көк.







Бояу түстерінің қосылыстары олар; қызыл мен сарыны қосу арқылы, қызғылтсарыны. Сары мен көкті қосу арқылы; жасыл түсті. Көкпен қызылды қосу арқылы; күлгін түсті аламыз. Түссіз бояулар; ақ, сұр, қара.



Түстердің түс шеңберінде орналасуы.Осы түстердің түс шеңберінде орналасу реті аттары, қоюлық ерекшеліктеріне қысқаша тоқталайық. Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді.Оларды; жылы және суық түстер деп атайды.

Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы дейді.Олар;қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр тағы басқалар.

Ескерту: түстерді бір-бірімен қосып езгенде тұрған реттерін ескере отырып қосса, келесі бір түстің таза түрі шығады. Егер екі түстен алынған таза бір түсті қарама-қарсы тұрған бір түске қосса, кір түс шығады. 2

Енді белгілі суретшілер жылы және суық түстерді өз жұмысында басым қолдануын қарайық.Мысалы: Әли Жүсіпов «Менің Отанымның әйелдері» көк түске басымдық берген колориті көк суық түске жеңдіргенін көріп тұрық.Екінші бір суреті «Бақытты ана» мұнда жылы түс басымдырақ беріліп боялған т.б.

Сергіту сәті:

Түрлі-түсті келбеті

Қандай әсем жер беті!

Алуан бояу баулары,

Аппақ басты таулары,

Жасыл жайлау, орманы,

Қырмызы гүл қырлары,

Сары алтындай құмдары,

Бозғылт селеу белдері,

Көкшіл мөлдір көлдері,

Сұрғылт шағыл шөлдері,

Бұйра, толқын, теңіз көк,

Ашық аспан теңбіл көк-

Түрлі-түсті келбеті!

Қандай әсем жер беті!

V.Сөздікпен жұмыс:

Сөздік дәптерлеріне мына ережені жазып алады.

Нәрсенің өзінің өңі негізгі түс (локальді)деп аталады.Негізгі түс деп нәрсенің өзіне тән,көзге айқын түсіп тұратын өңді айтады.Мысалы, алма-қызыл, сәбіз-қызғылт сары, қияр-жасыл т.б.

3


VI.Өз бетінше жұмыс:

Сарамандық жұмыс.

Бір түспен бір қалыпты бояп шығу.Қызыл, сары, көк, төртбұрыш немесе үш бұрыш, ия болмаса дөңглек т.б. қане тегіс бояйық.



Бір түсті сұйықтан қоюға дейін бояп шығу.Тоқсары, көк.

Түсті бояуларды дұрыс қабылда.Тақтадан орындап көшір.

Бояу түстерін бағаналарға өз ретімен дұрыс орналастыр.

Жылы және суық түстердің орналасу реттерін анықта.

1)Жылы түстердің ретімен орналасуы

2)Суық түстердің ретімен орналасуы

Бояу түстерінің бір-бірімен араласуын анықта.

1)қызыл+сары=? 1)қызыл+?=қызғылт сары

2)сары+көк=? 2)сары+?=жасыл

3)көк+қызыл=? 3)көк+?=сия көк

Дәптерге орында.Шыққан түсті анықта.Астына сол түстің атын жаз.

Жылы түстер қоспасы, Суық түстер қоспасы.Оны орындау.Әр топ конвертін ашып, қандай тапсырма берілгенін оқиды.

♪.Оқушылар жұмыс жасап жатқан кезде баяу ырғақты музыка ойнап тұрады.

VII.Қорытынды.

Қазақ халқы әр бояу түсіне рәміздік белгі таға білген, мысалы:Ақ-адалдық, пәктікті білдіреді, көк-аспанның, қызыл-оттың, күн көзін, сары ақыл, парасаттың, қайғының, қара-жердің, сондай-ақ жауыздық, зұлымдықтың, жасыл-жастықтың, көктемнің белгісін білдіреді деп санаған.

VIII.Үйге тапсырма.

Бір түсті екінші түспен араластыру арқылы үшінші түс шығаруға бірнеше жаттығулар жасау.

IX.Бағалау.

Жинаған шығармаларына қарай қай топтың басым түскенін анықтап, бағалаймыз.

Тыңдағандарыңызға рахмет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Жылы т?стер ж?не суы? т?стер"

Автор: Кумашев Жасулан Амирханович

Дата: 31.12.2014

Номер свидетельства: 149212


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства