kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жануарларды м?сіндейміз».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Д??гелек м?сін жасау.

Жоспарлатанын н?тиже:

п?ндік: к?лемді бейнелеу ж?мысыны? ерекшеліктері туралы ??ым ?алыптастыру;

ж?йелік-?ызметтік: ?рт?рлі м?сін жасау материалдары (тас, саз, а?аш, ермексаз, ?йнек, фарфор, металл, бетон) таныстыру; суретші-м?сінші ж?мысымен таныстыру; анималистік жанр туралы ??ым ?алыптастыру; шы?армашылы? ?абілеттерді, к?ркем?нер м?дениетін дамыту.

т?л?алы?: ба?ылау ?абілетін ж?не таби?ат?а деген ?ам?орлы? сезімін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жануарларды м?сіндейміз». »

Өтілетін уақыт:

Пән: бейнелеу өнері

Сынып: 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жануарларды мүсіндейміз».

Сабақтың мақсаты: Дөңгелек мүсін жасау.

Жоспарлатанын нәтиже:

пәндік: көлемді бейнелеу жұмысының ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;

жүйелік-қызметтік: әртүрлі мүсін жасау материалдары (тас, саз, ағаш, ермексаз, әйнек, фарфор, металл, бетон) таныстыру; суретші-мүсінші жұмысымен таныстыру; анималистік жанр туралы ұғым қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерді, көркемөнер мәдениетін дамыту.

тұлғалық: бақылау қабілетін және табиғатқа деген қамқорлық сезімін дамыту.

Сабаққа арналған материалдар мен жабдықтар:

мұғалім үшін: суретші-анималистердің (В.Ватагин, Ю.Васнецов, А.Дюрер «Сұр қоян» ) суреттерінің көшірмелері, түлкі мен қоянның фотосуреттері, осы жануарларды бейнелейтін мүсіндер мен ойыншықтар.

оқушылар үшін: тақташа, ермексаз, қалақша, шүберек, суға арналған құты.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқыту.

Сабақтың барысы:

-Бүгін біз мүсін өнері және анималистикалық жанр туралы айтамыз. Латынның «sculptura» сөзі(sculpo)-«кесу, шабу, пластика» сөзінен шыққан.

Мүсінші жасаған бейненің көлемі бар, оны барлық жағынан көруге, қолмен ұстауға болады. Мүсінші қатты материалдан жасаған жұмысын кеседі, жонады, аралайды немесе жұмсақ материалдан илеп шығарады. Мүсіншінің туындысы артық массаны алып тастау немесе, керісінше, қосу арқылы массасын арттыру немесе құю арқылы жасалады. Мүсін кейде сырланған, кейде күңгірттелген болады.

Оқушыларға жануарлардың дөңгелек мүсінін жасауды ұсыну. Жануарларды бейнелеу-өнердегі өте көнеден келе жатқан ьақырып. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар үңгір жартастарына жабайы жан-жануарларды, аттарды, аңшылықты бейнелеген.

Барлық кезеңдегі суретшілер хайуанаттарды мүсіндеп, суретін салып бейнелеген. Бейнелеу өнерінің анималистикалық жанры осылай пайда болған. Бұл жанр сызу өнерінде, кескіндемеде, мүсіндеуде де бар. Анималистер құстар, жәндіктер,жануарлар өмірімен сурет салып, табиғат туралы кітаптарды олардың бейнесімен безендірген. Олар өздері бейнелеп отырған жәндіктер мен жануарлардың, құстардың тіршілігін, мінез-құлқын, түр-тұлғасын жақсы білген.

Анималист-суретшілердің жануарларды, құстарды бейнелеу барысындағы жұмыс кезеңдерін оқушыларға түсіндіріңіз:

  1. Дене мүшелерінің негізгі пішінін талдау.

  2. Оларға тән қозғалысты анықтау.

  3. Олардың жүріс-тұрысмен, қозғалу қимылымен таныстыру.

  4. Сыртқы түр-тұлғасының ерекшелігі (терісі, түгі, қауырсыны).

Оқушылармен бірге анималист-суретшілердің жүмыс кезеңдері бойынша қоян мен түлкіні бейнелеген фотосуреттері мен сурет көшірмелерін қараймыз.

Балалардан бейнеленген жануарлардың ерекшеліктері туралы айтып беруін сұрау.

Қоян мен түлкіні мүсіндеу.

Қоянды мүсіндеу.

  1. Ермексаздың (сұр, ақ) бір кесегін алып, ширатып есеміз.

  2. Оны үшке бөлеміз.

  3. Бірінші бөлігінен есу және жағу тәсілімен басы мен мойнын мүсіндейміз.

  4. Екінші бөлігінен денесін мүсіндейміз және иеміз.

  5. Үшінші бөлігінен аяғы мен құйрығын мүсіндейміз.

  6. Мүсінді көзбен, тұмсықпен, мұртшамен және т.б. толықтырамыз.





Түлкіні мүсіндеу.

  1. Сол сияқты сарғыш, қызғылт сары ермексаздан ширатпа есіп, 3-ке бөлеміз.

  2. Басы мен мойнын созып шығарып, тұмсығын үшкірлеп, танауына шар қондырамыз.

  3. Денесін тік қоямыз.

  4. Алдыңғы және артқы аяқтарын созып екі бүйіріне жапсырамыз.

Құйрығын ұшына қарай жіңішкертеміз.

  1. Құлағы, тұмсығы, көзі сияқты бөлшектерін толықтырамыз. Ақ ермексазбен құйрығын, табанын, құлағын безендіруге болады.

Оқушылармен жеке жұмыс. Ортақ қателерді талдау. Жануарлардың қалай қозғалатынын және пішінін анықтау.

Рефлексия. Оқушылармен бірге жұмыстарға қойылатын талаптарды айқындаймыз: пропорцияларды дұрыс сақтау; қозғалысты дәл беру; жалпы мәнерлілік, аяқталуы.

Қорытындылау: жұмыстарды ұжымдасып тамашалау. Жұмыстарды талқылау, бағалау және өзін-өзі бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
«Жануарларды м?сіндейміз».

Автор: Сартаева Алуа Олеговна

Дата: 14.09.2015

Номер свидетельства: 230662


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства