-Ал адамның келбеті бейнеленген суретті көрсеңдер ол шығарманы-портрет деп атаймыз. Міне біз осылай алдыңғы тақырыптарды қайталай отырып, бүгінгі өтетеін сабағымыздың тақырыбын таптық. Яғни, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Портрет» деп аталады. Жалпы портрет туралы мен сендерге түсінік бере кетейін. «Портрет дегеніміз- адамның келбетін бейнеленген шығарма. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсету. Қазақтың алғаш әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев, Айша Ғалымбаева, жергілікті Семейлік суретшілер Нұрбұлан Өтепбаев, Аманбек Бейсембаев, Талғат Татиев сияқты т.б суретшілеріміз портреттің бірнеше түрлерін бейнелеген. Ол шығармаларды қаламыздағы Невзоровтар музейінен көріп,тамашалауға болады. Қазір портрет түрлерімен танысайық: Жалпы портреттің түрлері өте көп, сендерге түсініктілерін айтып өтеміз. (Слайдтан көрсетіледі) 1.Топтық портрет. Оның өзінің атында тұрғандай суретте адамдар топпен тұрады. Екі адамнан асқан , одан да көп адамдар бейнеленсе бұл портреттің түрін топтық портрет деп атайды. 2.Жұптық портрет. Бұнда да өз атында тұғандай жұптасқан адамдар бейнеленсе, яғни екі адам бейнеленсе бұл портреттің түрін жұптық портрет деп атаймыз. 3.Автопортрет дегеніміз суретшінің өзін-өзі бейнелеуі. 4.Салтанатты портрет дегеніміз- суретшінің алдына мына адам арнайы сәнді киімдерімен келген сияқты иә. Өзінің атына лайықты бұл портреттің түрі салтанатты портрет деп аталады екен. 5.Камералық портрет деп мына бір портретке қараңдаршы. Мұндағы адамдар өздерін бейнелеп жатқанын білмейтін де секілді. Оларды құдды бір суретке түсіріп алған сияқты. Міне осындай портретті камералық портрет деп атаймыз.
-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар, ол әрине Оқу және тіл дамыту. Оқу және тілдамыту пәнінде жазушы, ақын шығармаларынан адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады. «Отырған қарсы алдымда, әдемі қыз, Мөрлеген ақ қағаздай мәнеріңіз. Қиғаш қас, оймақ ауыз,нәркес көзді – Жалғанда жайнап тұрған әдемі жүз» Бұл - өлеңмен берілген портрет.
Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет. «Бұл кезде Абайдың да денесі іріленген. Жауырынды,сүйекті боп қалған екен. Бойы ортадан биіктеу. Сүйегі ірілеумен қабат, бұлшық еттері де толып,бар мүсіні балғын, кесек тартыпты. Ұзынша қырлы мұрны көтеріңкі,үлкен. Жазық биік маңдайы шекесіне таман келгенде дөңкілдене түсіп,кең көсілгендей. Отты сұлу көздерінің ақ, қарасы әлі де тап таза. Көзінің сыртқы шарасы томпақтау және ұзынша біткен.Жіп жіңішке боп кең созылған ұзын қастары мен ойшыл отты көздері Абайды өзге жұрттың ішінен оқшауырақ етіп тұрады. Әлі ұзармаса да, теп тегіс боп, тебіндеп шығып келе жатқан қоңырқай мұрты бар. Барлық тұлғасы сай келген қарасұр жігіт, сонау сұлу болмаса да ұнамды,сүйкімді» - Міне осы ұлы ақынның портретін кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға ақын бейнесін елестете аламыз. Келесі слайдтан көретініміз: -Портрет композициялық орналасуына қарай – бас ( иықтан жоғары ) , кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлері бар. (Адам басының салу схемасын түсіндіре отырып,өздерінің сыныптастарының портретін бейнелеуді тапсырамын). Портрет салу реті : 1 – бет кескінін доғалдау етіп салу. 2 – сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. 3 – доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі – мандай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз,құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі. 4 – шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек. 5 – мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз. – портрет бояуын түсіреміз . (жайлы музыкалық әуен ойналып тұрады) Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз, Құстар болып ұшамыз, Балық болып жүземіз, Бақа болып секіріп, Көбелектей қонамыз, Орнымызға отырамыз! Көрмеге салған суреттерін ілгізу. 2 топпен жарыс: Дидактикалық ойын: «Портретті тездетіп аяқта!»Алдарына таратылған қағаз беттеріндегі адам басы бейнесіндегі смайликтерге фломастермен адамның бет –пішінін жылдамадатып салып шығу.
Сөзжұмбақ «Жанр» 1.Табиғат бейнеленетін жанр түрі 2.Жануарлар бейнеленетін жанр түрі 3.Қозғалмайтын әр түрлі заттар, жемістер, т.б. бейнеленетін жанр түрі 4.Адам келбеті бейнеленетін жанр түрі
1.Сонымен бүгінгі өткен тақырып бойынша «портрет» дегеніміз не екен? 2.Портреттің қандай түрлерімен таныстыңдар? Алдарыңда жатқан смайликтермен бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша қаншалықты түсінікті болды, қаншалықты деңгейде үйрендіңдер тақтаға әкеп белгілеулеріңді сұраймын. Үйге берілетін тапсырма әр оқушы өзінің автопортретін салып келуі керек. |