Просмотр содержимого документа
«?лтты? ою-?рнек сыры»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлттық ою-өрнек сыры»
Габдуллина М.А.
Қосымша білім беру педагогы
Теректі ауданы балалар шығармашылық үйі
Мақсаты: Білімділік: оюдың түрлері шығу тарихы тарихы туралы әңгімелеу. Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер, сөздік қорын, дүние танымын байыту.
Дамытушылық: ой-қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, халық өнерін қастерлеуге, өз халқының салт- дәстүрін мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық қю-өрнектер, буклеттер, плакаттар, ұлттық киімдер.
Тәрбие сағатының барысы
а ) кіріспе
ә) ата- баба еліне саяхат
б) қорыту
Мұғалімнің сөзі:
«Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық»- дейді халық даналығы. Қазақтың қол өнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен кқркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабалардан қалған қандай өнер, қандай қазына бар? Оның бірі - ою-өрнек. Оларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз. Ою- өрнек, оның шығу тарихы туралы білу үшін көнекөз қариялардан сұрап білейік.
«Қарты бар үйдің - қазынасы бар.»
Аружан:(ақ әже рөлінде)
Ертеде халқымыз тұтынған нәрселердің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген, ұлттық киімдерді т.б. Ою-өрнек қайдан шыққан? Ою-өрнек бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада көшіп жүріп, жер-суының қадір қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған. Халқымыздың өлең жырында, ән-күйінде, ою-өрнегінде аққудың әні, тоты құстың «тілі» жүретіні сондықтан. Ою-өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған ортамен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Оюдың қандай да бір бейнесінің, түсінің болмасын танымдық өзіндік мәні бар. Мысалы, көк түс аспанды бейнелесе, ақ түс пәк тазалық, қуаныштың, бақыттың белгісі, күлгін түс - білімнің, даналықтың, қызыл түс - оттың, күннің белгісі. Жасыл түс - жастық пен көктемнің, қара түс - жердің, берекенің нышаны деген ұғымдары бар.«Түйе оюы» кисе - киіміміз, сатсақ - ақша, жесек - тағамымыз, ең ақыры баспана үйіміз болған мал қасиетін құрмет тұта білген қазақ оларды өз қолөнеріне ісмерлік еңбегінде ( текемет, сырмақ, киіз, кілем бетінде өрнектеген). Жалпы мал бейнесін, оның тұяғымен мүйізін суреттеу арқылы молшылықты, баршылықты бейнелеген.
Түйенің ботасы қазақ халқы үшін сұлулықтың белгісі сияқты. Халқымыз ботадай сұлу, ерке болса екен деген тілекпен қыз есімін «Ботакөз» қоюы да тегін емес. Адам баласы өзі қоршаған табиғатты, түрлі құбылысты, тіпті жорғалаған құрт- құмырысқаға шейін тамашалап, сырын білуге ұмтылған ғой. Ал бюіздің халқымыз солардың да бір қылықтарын оюға пайдаланып отырған. Мәселен, «өркеш» оюымен бірге «тышқан ізі» тоқыма басқұр, алашаларда жиірек кездеседі. Оларды мән-мағынасына қарай төрт топқа бөледі.
«Әр оюдың сыры бар»
1 Өсімдік тектес оюдар.
2 Жан- жануарлар дүниесіне қатысты оюлар.
3 Геометриялық оюлар
4 Аспан әлеміне қатысты облар
Тұйық оюы қазақ халқының белгісі секілд іболып кеткен.
«Ақ найзасы болмаса,
Ерді қайдан танырсың
Ен таңбасы болмаса,
«Малды қайдан танырсың» - деп атамыз қазақ айтқандай «тұйық оюы» еліміздің көк байрағында да осы ою бейнеленген. Дәстүрлі ұғымымызда тұйық оюы бақыттың, достықтың, мәңгіліктің айғағы. Сондықтанда тұйық оюы ел қорғаған батырдың иығы мен қалқанына, дуалы ауыз билердің жауырын тұсына салынатын болған.
Мұғалім :
Міне, балалар әжейден біз ою туралы көптеген мағлұмат білдік. Осындай өнерді ұмытпай қастерлеп бізге жеткізген шебер аналарға арнап бір ән жолдайық.
«Ана» әні
Мақал- мәтел сайысы
«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең»
Өнерлі баланың он саусағы тең,
Өнерсіз баланың бір саусағы кем.
Қыз еркем, кестесімен көркем,
Ұлы еркем, өнерімен көркем.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Әр балаға қағаз бен қайшы таратылады, әркім өзінің білетін оюын ойып көрсетеді.Қиған оюының атын айтып береді.
Міне, балалар, әртүрлі ою ойдыңдар. Әр оюдың шығу тарихы әр түлі. Біреуі ұшып бара жатқан құсты, біреуі түйенің табанын бейнелейді. Ал мына сырмаққа назар аударып қарасаң өзінде бір сыр бар тәрізді.
Шағын көріністен үзінді.
Асылжан: (автордың сөзі)
Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою, өрнек, кесте, тоқыма, тігін, құйма өнерін меңгергені сонша, үйлердің іші-сырты, киім кешектері, жиқаздары түгелдей оюланған, әсемде көрікті екен. Және олар бір-біріне ою тілінде сөйлесе алатын болыпты. Сол себепті бұл ел басқарушысын Ою хан деп атапты.
Жылдардың бір жылында бөтен елдің хані соғыс ашыпты Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, ежелгі өнердің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болады.
Уа, Хан ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, - деп жөн айтқанныңда, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да оны халық Жою хан деп атапты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығыпты. Жолындағы аң атаулының бәрін жойып келе жатқанда бір үкі оның екі көзін ойып жібереді. Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатырған екен.
Тоқтар (Жою хан рөлінде):
Кімде кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын - деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармапты. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге шығады. Ою хан орманды, тау-тасты аралап келе жатып, жолда кездескен үкіден сұрапты.
-Жою ханның баласын еөрдің бе?
- Қаныпезер хан баласы жолынла кезіккен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, қодасты, жолбарысты жаралап, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта айналып келіп сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Хан баласы қазір еөл түбінде өліп жатыр, - дейді үкі. Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, оқиғаның желісін сырмақ бетіне түсіреді де әлгі сырмақты Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып , ондағы оқиғаны іштей былайша тарқатады.
Тоқтар: Балам биік- биік тауларды асып, терең-терең сулардыан өтіп, қалың жыныс орманды аралап күндіз де, түнде де талмай жүрген екен. Жүрген жолында ол ұшқан құстармен беттесіпті, бұғымен кездесіпті. Тау тағысы арқарды да кездестіріпті, алдынан қодас та жолығыпты. Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды. Сорлы балам жолбарысты да кездестіріпті, балыққа да ұшырасыпты. Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға басынан кешкендерін айтыпкқрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпедің?! Тірімісің, өлімісің?! Тоқта, мына ою не деп тұр?
Балаң екіге бөлінді – жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұрма?...
Мұғалім:
-Міне, балалар, сырмақтағы ою Жою ханға баласының басынан кешкендерін айтып беріпті. Сонымен әр оюдың өз тілі бар екен. Енді осы ою-өрнек тақырыбына арналған әдеби- музыкалық монтажын тамашалайық:
Мұғалім: - Оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұмат алдық . Оюды табиғаттан, жан-жануарлардан алған екен. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңізші!
Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз!