Просмотр содержимого документа
«?лтты? киім ?лгілерін ?а?аз бетіне т?сіру »
Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы:5
Күні: 17.02,15
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім үлгілерін қағаз бетіне түсіру.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді
оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –
өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,
ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік:Өз ұлтын отанын құрметтеуге, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, ұлттық киім үлгілері, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа, слайд.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Бағалау
Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңінде бірінші оқушыларды топқа бөлу ол үшін сабақ барысы Ақылдың алты қалпағы арқылы жүретіндіктен алты түсті таңдату арқылы топқа бөлінеді. Яғыни әр түсте сызылған ұлттық киімдер болады сол киімдерді құрастыра отырып әркім өз түсінің қалпағына отырады.
Үй жұмысын тексеру оқушылар өздері тексеріп бағасын бағалау парағына қояды
Жаңа сабақ : сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ шешу арқылы анықталады..
Сабақты слайд айқылы түсіндіремін.
Ақ қалпақтарға- мәтін таратып беремін мәтінді оқй отырып түсінгендероін постер арқылы ортады қорғайды.
Қызыл қалпақтар-ұлттық киімнің көңілді жақтарын суреттеп бейнелейді әрі дәлелдейді
Қара қалпақтар- Ұлттық киімнің кедергілерін ойлап тауып суреттеп дәлелдеп береді.
Сары қалпақтар- қара қалпақтарға қарсы шығады біз қара қалпақтарға қарсымыз себебі біз мынандай ұлттық киім сыздық ол өте ыңғайлы біз әр дайым осы ұлттық киімді киюді қалаймыз деген сияқты.
Жасыл қалпақтар- шығармашылар олар өздері ойын жинақтап шығармашыл ой туындауы тиісті әрі ойлап тапқан киім үлгісін сызып береді.
Көк қалпақтар- барлық ойды жинақтап қоытынды жасайды.
Сергіту сәті:
Сабақты бекіту: Топқа бөлінген қағаздарындағы ұлттық киімдер суретін құрастырып тақтаға іле отырып киімнің атын оны кім киетінін дәлелдейді.
Бағалау. Оқушыларға сабақтың басында бағалау парағы таратылып беріледі балдық жүйемен топ басшысы бағалайды
7. Үйге тапсырма: Басқа ұлттық киімдер туралы мәлімет іздестіру.