Просмотр содержимого документа
«Т?стерді? жары??а т?уелділігі»
Қызылорда қаласы
Нағи Ильясов атындағы №9 мекеп – гимназиясы
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Сайпенова Амандык Тулегеновна
Сабақтың мерзімі: 03. XII. 2015 ж.
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Түстердің жарыққа тәуелділігі
Сабақтың мақсаты
Білімдік: фотосуреттерді суретші қай мезгілде түсіргенін және олардың түс гаммасындағы айырмашылықтарын түсіндіру. Затқа қарап сурет салуға дайындау.
Дамытушылық: есте сақтап және елестетіп сурет салу.танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай алу, өз бетінше жұмыс дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: сабақта сабырлылық таныта отырып, таза, сауатты жұмыс жасай алуға баулынады.
Сабаққа қажетті жабдықтар: сурет дәптері, жай қарындаш, ұштағыш, өшіргіш, акварель, қылқалам және ішінде суы бар шағын құты.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері дүниетанумен байланысқан
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бейнелеу өнері сабағы болатын сынып бөлмесіне барған мұғалім оқушылармен сәлемдеседі. Орын – орындарына жайғасқан соң олардың сабаққа қатысулары мен жалпы дайындықтары қадағаланады.
ІІ. Негізгі бөлім
Жаңа тақырып
Балалардың назарлары жаңа сабаққа аударылады.
Түстердің жарыққа тәуелділігі
Оқулықтағы репродукцияларға назар аударылады. Камиль Писсароның Париждегі Монмарт бульварын бейнелейтін құрылымы бірдей үш туындысына талдау жасаймыз. Бірінші нұсқада тал түс, екіншісінде түнгі мезгіл, үшіншіде таңсәрі бейнеленген.
Шәкірттер өз пікірлерін ортаға салады.
Таңсәріде, күн ұясынан әлі шықпаған кезде айнала жарық болғанымен, барлық заттар қанықпағанбозғылт көгілдір түске боялады.
Күн шыққан түсте соң барлық заттар қаныққанашықтүске ие болады. Ал көлеңкеде заттардың түсі қанықпағанқоютүске боялады.
Кешке қарай күн батарда жарық та азаяды, түстер қанық реңін жоғалтып (қанықпаған), анағұрлым күңгірттартып, суық реңктерге ауыса бастайды.
Ал түнде реңін мүлде жоғалтып, пейзажда тек қою, қара реңкті түстер ғана қалады.
Демек тәулік мезгілі мен ауа райына байланысты түстердің өзгеретінін білдік.
Балалардан шамамен күтілетін жауаптар төмендегідей болмақ:
Сарғылт
Көкшіл Қызғылт
Көкшіл жасыл Таңертең Қоңырлау
Көк Сұрғылт
Қаралтым
Сары
Көгілдір Қызыл
Ашық жасыл Тал түс Қоңыр
Көкпеңбек Қызғылт сары
Қара
Сарғыш қоңыр
Күңгірт көк Қызыл қоңыр
Күңгірт жасыл Кешқұрым Қара қоңыр
Қара көк Қара сұр
Мөлт қара
Күннің үш мезгіліндегі түстік реңктер
Одан соң бүгінгі сабаққа сай арнайы слайд көрсетіледі (әдісте мелік суреттер) және талдау жасалады. Сұрақтарға жауап беріледі.
– Мына бояутақталардағы түстік реңктер қай күн мезгіліне сай?
– Табиғат көріністеріндегі бояу түстерінің ерекшеліктері туралы не айтар едіңдер?
Оқушылардың машықтану кезеңі
Тапсырма
Әр оқушының біліктілігіне қарай төмендегідей жеке – жеке тапсырма беріледі. Олар сызба суреттерге қарай отырып, түстердің жарыққа тәуелділігіне сай шығарма орындайды. Мысалға, «Таңсәрі», «Тал түс» немесе «Кешқұрым», т.б.с.с.
Оқушылар жұмыстарына кіріседі. Мұғалім жұмыс барысында бағыт бағдар беріп отырады.
Шәкірттер өз шығармаларын орындау барысында ескерілетін қағидалар:
1. Бояу қолданған кезде таза, ұқыпты болулары керек
2. Өте майда бөлшектерге тоқтамай, жалпы түстік реңктерге баса назар аударулары қажет.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Шәкірттердің салған суреттерінен сабақ соңында шағын көрме жасалады және тексеріліп, талқыға түседі.Көркем жұмыстар мақталады. Кеткен кемшіліктер болса түсіндіріледі. Артынша бағалары қойылады.