Просмотр содержимого документа
«Т?спен к??іл к?йді к?рсету. Жа?ын т?стер»
Сабақтың тақырыбы: Түспен көңіл күйді көрсету. Жақын түстер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Жалпы қабілеттілікті дамыту.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілік тәрбиесін беру.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, және тағы басқа, түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, ояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сабақты оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймын:
Мына шығармалардың көңіл күйін қалай сипаттар едің? Тандап алынған гамма шығарманың көңіл күйіне калай әсер еткен?
I. Жансүгіровтің мына өлең жолдары қай шығармаға дәл келеді?
Мына шығармаларды салыстыр. Мұндағы түстер гаммасы әр түрлі. Тыныштық әсерін туғызатын жүмысты жазарда пайдаланған түстер мен реңктержақын түстердеп аталады. Ал мерекелі, қарбалас сәтті немесе көтеріңкі көңіл күйді білдіретін шығармалардағы түстердіқарама-қарсы деп атайды.
Өзіңе таныс түстер шеңберіне назар аудар. Онда қатар орналасқан түстер бір-біріне ұқсайды. Қызыл түс сәл күлгінге және қызғылт сарыға, ал қызғылт сары түс сарыға ұқсас. Бүл кездейсоқ емес, себебі қызғылт сары мен күлгін құрама түстер және олардың құрамында қызыл түс бар. Ал жасыл сарыға да, көкке де ұқсайды. Жасыл түс қандай түстерден құралғанын есіңе түсір. Түстер шеңберінде қатар орналасқан түстер бір-біріне ұқсас болады. Сондықтан оларды жақын түстер дейді. Жақын түстердің байланысын түстер реңкі (нюанс) деп те атайды.
Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып шығармашылық жұмыс орындау.
Сабақтың тақырыбы: Жапырақты бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жапырақтардағы алуан түстер мен реңктерді, бояқтарды
бір-бірімен қосу арқылы бейнелей білуге дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған
жапырақтардың әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне
түсіре алуға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Күзгі жапырақтар, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Барлық жапырақтар пішіні, түсі және көлемі жағынан алғанда әр түрлі. Дегенмен олардың ішкі құрылысында ортақ нышандар бар. Олар – жүйеленген талшықты жапырақша және оның сағағы. Ортаңғы талшық жапырақты тең екі бөлікке бөледі. Сол ортаңғы талшықтан екі жаққа ұсақ талшықшалар тарайды.
Осы негізгі сызықшалардың көмегімен жапырақтың суретін оңай салуға болады.
Сонымен қатар жапырақ суретін оның сыртқы жиек арқылы да салуға болады. Жапырақтың сыртқы жиегін бейнелеп, сызық жүргіз. Жүргізген сызығың әдемі және жапыраққа ұқсайтындай болуын қадағала.
Жапырақтың суретін түрлі түсті акварель қарындаштармен де салуға болады. Негіз ретінде кез келген қоңырқай немесе қара түсті қағазды пайдалан.
Әшекейлеу (декорация) туралы білетініңді есіңе түсір, қара түске салған кезде түрлі әшекейлеу тәсілдерін қолдансаң, суретің әсерлі болады. Өткен жылы нені әшекейлегеніңді есіңе түсір.
Тушь, қаламұш, фломастер сияқты графикалық құралдарды пайдаланып, жапырақты ақ-қара түспен бейнелеуге болады. Ал егер әшекейлеуді қолдансаң, суретің әсерлі болып шығады.
Жапырақтың суретін салмай-ақ, оның әдемі көшірмесін алуға болады. Ол үшін жапырақтың астыңғы жағына түсті гуашь жағып, оны абайлап қағаз бетіне жапсыр да, үстінен ақырын бастыр. Сонда өте әдемі көшірме алынады. Содан кейін сыртқы жиек сызығын сызып, басқа бөліктерін толықтыруға болады.
Жапырақ бейнесіне ұқсаған түрлі түсті акварель дақтарынан көшірме алып әсерлі монотипия жасауға болады.
Ол үшін палитрада қажетті түстер гаммасын даярла. Әйнек немесе қағаз бетіне қылқаламмен түрлі түсті бояу дақтарын жақ. Дақтар жайылған кезде оның бетіне ақ қағаз парағын жапсыр. Бұдан алынған көркем көшірмелерді қосымша сызықтармен сәл ғана толықтыр, сонда жапырақтың тағы бір ерекше түрі пайда болады.
Жапырақты аппликация тәсілінде де бейнелеуге болады. Ол үшін саған түрлі түсті қағаз немесе ескі түрлі түсті журналдар қажет.
Апаңнан ескі шілтер немесе перденің қиындысын сұрап ал. Олардан қиып алып жасаған жапырақтарды бір түсті матаға жапсырғанда өте әдемі әрі нәзік болып көрінеді. Күзгі жапырақтардан бүтін біркомпозиция жасауға болады. Ол үшін кез келген өзіңе ұнаған тәсілді таңда.
Үйге тапсырма беру: «Төгілген күзгі жапырақтар» тақырыбына сурет салу.
Пән аты:еңбекке баулу Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: Еңбек сабағына қажетті құрал-жабдықтар
Сабақтың мақсат:
1) Еңбек сабағына қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру