К?птеген суретшілер сурет салуда т?рлі – т?сті ?арындашпен ?олдан?ан.
Т?рлі – т?сті ?арындаштарды? акварель мен гуашь бояуларынан айыр – машылы?ы – оны? ж?мыс жасау тісілі ?арапайым, ол езілмейді, арты? жа?ылып, ?а?аз бетін был?амайды. Б?л ??рал жазда пайдалану?а ?те ы??айлы. М?ны? бояулар кебу ?шін ?за? уа?ытты алатын техникалы? ?иынды?тары да болмай – ды. Т?рлі – т?сті ?арындаштар – суретшіге ?за? жолда, ж?мыста да ?ажетті ??рал. Ж?мыс істеу барысында алдын ала ж?мыс орнын дайындап, ?уреленуді? де ?ажеті жо?. Сонымен ?атар бас?а сурет ??ралдары сия?ты ?арындаштарды? да ?зіндік техникалы? ?иынды?тары болады. Мысалы, олар сулы бояу сия?ты палитра бетінде араласа алмайды, біра? та ?а?аз бетінде бір – бірімен ?осылып, бас?а т?с бере алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рлі - т?сті ?арындашпен ж?мыс »
Сабақтың тақырыбы: Түрлі – түсті қарындашпен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түрлі – түсті қарындашпен жұмыс жасау тәсілін үйрету және эстетикалық талғамдарымен шеберліктерін ұштау
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, әңгіме, суретті бақылау
Көрнекілігі: слайд, солдан салынған суреттерден көрме, үлестірме, түрлі – түсті қарындаш, альбом, түрлі бояулар т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
А. Оқушылармен сәләмдесу, сынып қатынасын, тазалығын тексеру
Ә. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй жұмысын сұрау
А. Оқушылардың үй тапсырмасын парта аралап тексеру, бағалау
Ә. Үй тапсырмасымен жаңа сабақты байланыстыру
Жаңа сабақ
Көптеген суретшілер сурет салуда түрлі – түсті қарындашпен қолданған.
Түрлі – түсті қарындаштардың акварель мен гуашь бояуларынан айыр – машылығы – оның жұмыс жасау тісілі қарапайым, ол езілмейді, артық жағылып, қағаз бетін былғамайды. Бұл құрал жазда пайдалануға өте ыңғайлы. Мұның бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтары да болмай – ды. Түрлі – түсті қарындаштар – суретшіге ұзақ жолда, жұмыста да қажетті құрал. Жұмыс істеу барысында алдын ала жұмыс орнын дайындап, әуреленудің де қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзіндік техникалық қиындықтары болады. Мысалы, олар сулы бояу сияқты палитра бетінде араласа алмайды, бірақ та қағаз бетінде бір – бірімен қосылып, басқа түс бере алады.
Түрлі – түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін бетті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн. Түрлі –түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды. Егер дайын түсті қағаз болмаса, оны өздерің дайындауларыңа болады. Ол үшін ақ қағазды планшеткетартып, акварель бояуымен, қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады.
Бояу түсі солғын әрі ашық болуы тиіс.
Түрлі түсті қарындашпен жұмыс жасаған кезде, өшіргішті аз қолдануға тура келеді. Өйткені өшіру қағаз беті түтіліп, салынған сурет әдемі көрінбейді. Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді. Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады.
График суретшілер: Ә. Қастеев, Қ. Қожықов, А. Смағұлов, Қ. Төреқұловтар т.б.
Бекіту:
Қорытынды: Түрлі – түсті қарындашпен жұмыс жасау тәсілін үйрендік.