Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері,қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Өткен сабақты тексеру.
Өтілген тақырыптарды қайталау:
А) Тік бұрыштап проекциялау әдісі.
Ә) Шеңбердің проекциясы.
Б) Аксонометриялық проекция.
III. Жаңа сабақ.
Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары. Шар.
Оқулықтағы 92-(а) суретте ойығы бар шардың проекциясы берілген. Оның горизонталь және профиль проекцияларын саламыз. Шардың центрі О нүктесі болса, оның горизонталь және профиль проекцияларын О2 және О3 вертикаль және горизонталь байланыс сызықтарының бойынан проекциялар айқасып кетпейтіндей етіп белгілеп аламыз. Шардың тікбұрышты проекциялары диаметрі шардың диаметріне тең дөңгелектер болады. Сызылу реті түсіндіріледі.
IY. Практикалық кезең.
Сызу жолдарын түсіндіру. Этаптарын толық сызықтыру.
Y. Сабақты бекіту.
-Бүгін біз не үйрендік?
-Сызбада сызықтың неше түрі қолданылады?
-Сызу қандай пән?
-Шардың қимасы деген не?
Жұмбақ шешу.
Қысқа таяқ діңі бар,
Шиырланған ізінде
Сайрап тұрар тілі бар. (Қарындаш)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)
Көкқұтанша ақ айдында
Бір таяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады. (Циркуль)
YI. Оқушыларды бағалау.
YII. Үйге тапсырма:
86-бет (93-сурет в) горизонталь және профиль проекциясын салу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оқулық. Сызу, 9 сынып. В.Г. Чукалин, М.М. Ахметжанов, Алматы «Атамұра» баспасы, 2013 ж.
2. Оқыту әдістеме. Сызу, 9 сынып. М.М. Ахметжанов, Алматы «Атамұра» баспасы, 2013 ж.