kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы:Сиқырлы пішіндер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаттары :

  • Психоэмоционалдық әрекет арқылы балалардың  шығармашылық ой- өрісін дамыту.
  • Әдемілікті сезім арқылы қабылдауды дамыту;
  • Түрлі- түсті пішіндер арқылы балалардың эмоцияларын қалыптастыру;
  • Геометриялық пішіндер туралы мәлімет беру, оларды бір-бірінен ажырата білуді үйрету;
  • Балалардың ойын, тілін, танымдық әрекетін дамытып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • Балалардың  шығармашылық фантазиясын  дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Сиқырлы пішіндер.»

Сиқырлы пішіндер

Тақырыбы:Сиқырлы пішіндер.


Жұмыс түрі: пішіндер әлеміне саяхат.


Мақсаттары :

  • Психоэмоционалдық әрекет арқылы балалардың шығармашылық ой- өрісін дамыту.

  • Әдемілікті сезім арқылы қабылдауды дамыту;

  • Түрлі- түсті пішіндер арқылы балалардың эмоцияларын қалыптастыру;

  • Геометриялық пішіндер туралы мәлімет беру, оларды бір-бірінен ажырата білуді үйрету;

  • Балалардың ойын, тілін, танымдық әрекетін дамытып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • Балалардың шығармашылық фантазиясын дамыту.


Көрнекіліктер:проектор; пішіндер жайлы мультфильм; Дараның қуыршағы, түрлі- түсті гофрқағаздардан жасалған пішіндер; тақтайшалар; «сиқырлы аяқкиімдер»; қапшықтағы пішіндердің макеттері.


І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәнеки, қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар: Саламатсыздар ма!

-Жарайсыңдар, балалар. Енді бізге шапағатын шашып, аспанда жарқырап тұрған күнмен сәлемдесейік.

Балалар:Сәлем! Сәлем! Сәлем!


-Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге

Күн сәулесін төгеді.


-Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.


Шаттық шеңберіне шақыру.


Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Биде айналған жақсы ма?

Жақсы! (алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма?

(бас бармақтарын көрсетеді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Көңіл- күйіміз жақсы ма?

Жақсы! (алақандарын соғады).


ІІ. Жаңа тақырып

«Пішіндер»

-Ал, балалар, енді осы жақсы көңіл- күйімізбен сабағымызды бастаймыз деп ойлағанмын. Бірақ бізге бір хат келгенін байқадым.

-Балалар, бұл кім екенін білесіңдер ме? (Дараның суреті көрсетіледі)

Балалар: Бұл Дара!

-Дұрыс айтасыңдар. Дара бәріміз жақсы көретін мультфильмнің кейіпкері.

Ол бәріне көмектеседі және ешкімнің көңілін қалдырмайды. Ал, кәзір, балалар, Дараның өзіне көмек керегіп тұр екен. Алаяқ түлкі Дараны қалың ормандағы ағаштың түбіне байлап қойыпты. Не істейміз, балалар?

-Дараны құтқарамыз!

-Жарайсыңдар. Бірақ Дараны құтқару үшін біз біраз еңбектенуіміз керек: Алаяқ дайындаған бірнеше тапсырманы орындап, кедергілерден өткеннен кейін сол орманға жетеді екенбіз. Дайынбыз ба?

-Дайынбыз!

Тапсырмалар:

1.«Сиқырлы тақтайшалар»

2.«Пішіндерді тап»

3.«Ғажайып қапшық»

4.«Сиқырлы пішіндер»

(Балалар әр тапсырманы орындаған сайын, мұғалім белгілеп тұрады).\

2 тапсырмадан кейін:

Сергіту сәті.

«Аяқпенен топ топтоп»

3 тапсырмадан кейін:

-Балалар, біз тапсырмаларды жақсы орындап келе жатырмыз, бірақ уақыт аз қалды. Дараға апаратын «сиқырлы пішіндерге» жету үшін, біз «сиқырлы аяқкиімдерді» киіп, тез жүгірейік.

(Балалар саусақтарына «сиқырлы аяқкиімдерді» киіп, столдың үстінде саусақтарды жүргізеді).

-Ал, балалар, сиқырлы пішіндер көрінеді ме?

-Иә!

-Жақсы болды. Орманда қателеспеу үшін, кәзір біз пішіндерді қайталап жіберейік. (Балалар мұғалім көрсеткен пішіндердің түрлерін айтады: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек).

-Ал, енді бізді тағы бір жұмбақ күтіп тұр: мына пішіндердің қайсысы Дараға апарады?

-Түрлі түсті пішіндер!

-Тағы дадұрыс таптыңдар, балалар. Ендеше, Дараны құтқару үшін соңғы кедергіден өтейік. (Балалар сиқырлы пішіндердің үстімен жүріп, оларды анықтайды: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек).

-Балалар, біз бұл тапсырманы да жақсы орындадық: Дараны босатуымыз ғана қалды

(Дараны балалар босатады).

-Енді орындарыңа отыруларыңды сұраймын.

-Балалар, біз бүгін Алаяқтың дайындаған қиын тапсырмаларын орындап, кедергілерден өтіп, Дараны босатқанымыз үшін, ол рахметін айтып, сендерге жемістер беріп жіберіпті. Бұл қандай жеміс?

-Алма!

-Оның пішіні қандай екен?

-Дөңгелек!

-Алманың түсі қандай екен?

-Қызыл!

-Дұрыс айтасыңдар. Енді біз бүгінгі сабағымызға келген қонақтарымызға да рахмет айтып, сау болыңыздар дейік.

-Сау саламат болыңыздар!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тақырыбы:Сиқырлы пішіндер.

Автор: Шалабаева Светлана Хамидуллаевна

Дата: 15.11.2016

Номер свидетельства: 359195


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства