kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?атпен сырласу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сынып

Ана  тілі                                      Саба?  №

М??алім:         

Саба?ты?   та?ырыбы:  Апама. Ана?а  сыйлаймыз.  92–94 –жатты?улар.

Саба?ты?   ма?саты:   

Білімділік                                О?ушыларды затты?  атын  білдіретін  с?здер  мен  олар?а  ?ойылатын  с?ра?тармен  таныстыру. С?йлем  ішінен  затты?  атын  білдіретін  с?здерді  с?ра?  ?ою  ар?ылы  таба  білуді  ?йрету.

Дамытушылы?:        О?ушыларды  сауатты,  м?нерлі,  ?серлі  о?у?а  баулу.  Шы?армашылы?пен  ж?мыс  істеуге  ы?пал  ету,  ойлау  шеберлігі  мен  с?йлеу  м?дениетін  дамыту.

Т?рбиелік:                    О?ушыларды?  ту?ан  жерін,  еліне  деген  с?йіспеншілігін  арттыру.Ел  егемендігін,  ?лтты?  р?міздерін  ?астарлеуге  т?рбиелеу.

Саба?ты?   типі:                         О?ушыларды?  жа?а  білімді  ме?геру  саба?ы.

?діс-т?сілдері:              ??гімелеу, т?сіндіру,  с?ра?-жауап, к?рнекілік  к?рсету  ар?ылы 

                                         т?сіндіру,жарыс,  ойын.                                                    

К?рнекілік:                   Та?ырып?а  байланысты  суреттер.

Саба?ты?   барысы:

 ?йымдастыру  кезе?і: а)     С?лемдесу,   о?ушыларды   т?гендеу.  

                                           ?)     Саба??а  ?зірлігін  тексеру,  о?у  ??ралдарын дайындау.                                          

?й  тапсырмасымен  ж?мыс: 

О?ушыларды?  білімді  белсенді  ме?геруге  дайындау  кезе?і.

Жа?а  саба?.

Саба?  та?ырыбы  мен  ма?сатымен  таныстыру.

Д?птермен  ж?мыс.  К?ркем  жазу  с?ті

------------

(?аламсапты  д?рыс  ?стау  мен  д?рыс  отыру  ескертіледі).

92–жатты?у.

1. М?тінді о?ы?дар.

2. К?ктем, а?аштар,  мал  туралы айтыл?ан с?йлемдерді к?шіріп жазы?дар.

3. Не? Нелер? С?ра?тарына жауап беретін с?здерді? астын сызы?дар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?атпен сырласу.»

ТАБИҒАТПЕН СЫРЛАСУ



Мақсаты: білімділгі -оқушыларды ойланту,өздігінен ізденіске салу,қиялын шыңдап шығармашылыққа баулу;дамытушылығы –оқушылардың таным белсенділгін арттыру,ойын,тілін дамыту;тәрбиелік –табиғатты қорғауға,елін жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:сызба,қанатты сөздер



Жоспар



I.Ұйымдастыру

II.Кіріспе.Жұмбақтар жасыру

III.Елес шақыру. «Орманға саяхат»

IV.«Жыл қарияының еңбекқор әулеті»атты ертегіден көрініс

V.Поэзия минуты

VI.Ата-бабамыздың табиғатты қорғау дәстүрі

VII.Сурет салу

VIII.Ұлттық ойын«Тақия тастамақ»




Барысы




I.Ұйымдастыру.

II.Кіріспе.

Жүргізуші:жұмбақтармен жұмыс.

Табиғат – ол біздің қоршаған орта: аспан,ай,күн,жұлдыз,ауа,күннің көзі,жылу,өзен,көл,жарық,Табиғат-байлықтаң көзі.Табиғат-тіршілік атауының құтты қоныс мекені,алтын ұя тал бесігі.Табиғат пен адам біртұтас,бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.

Табиғат деген түсінікті жұмбақ жасыру арқылы шығарып алу.


Аяғы жоқ,қолы жоқ,

Жүретұғын жолы жоқ(Жел)



Көтеріп орман тоғай,тастың бәрін

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың.(Тау)



Қарасаң көзге көрінбес,

Балтамен шапсаң білінбес(Ауа)



Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды.(Күн)



Жылт-жылт еткен

Жылғадан өткен(Су)



Төбеден төгеді,

Тамшысын төгеді.

Сол кезде ой қаулап,

Бәйшешек өнеді.(Жаңбыр)



Тоңғақты таниды.

Беті-қолын қариды.(Аяз)



Жұпар иісі еседі,

Жайнап бақта өседі.(Гүл)



Әуелі жарқылдайды.

Кейін сартылдайды(Найзағай)



Зәулім тұрағы

Тіреусіз тұрады




III.Елес шақыру.«Орманға саяхат»

Бір сәт көзімізді жұмып,музыка әуенін тыңдай отырып іштей табиғатпен сырласып көрейік

Не сезініп байқағандарыңды әңгімелеп беруді тапсырамын.

-Кім не айтқысы келеді?

IV.«Жыл қарияының еңбекқор әулеті»атты ертегіден көрініс

Жүргізуші:Ерте,ерте,ертеде«Жыл»есімді адам болыпты.Төрт баласынан өрбіген он екі немересі азамат қатарына қосынғанда ол кісі қартайып,көне көз қария араныпты.Оның балалары мен немерелері бір-біріне ұқсамаған,мінез-құлықтары әр түрлі болыпты.

Жыл қарияның ешкімге ұқсамаған баласы Көктем келеді

Көктем:Мен келгенде күн жылына бастайды.Табиғат қысқы ұйқыдан оянады.Түн қысқарып,күн ұзарады.Мен өзіммен бірге Жыл қарияның үш немересін ерте келдім.Олар:Наурыз,Сәуір,Мамыр.

1-оқушы:"Көктем"

Сарқыраған өзен гүрілдеп,

Алтын күн көктен күлімдеп.

Табиғатқа жан біткен,

Оянып бәрі дүрілдеп.

Сөйтіп жүргенді екінші баласы Жаз да немерелерімен келіп жетеді.

Жаз:Мен жер бетін гүлге орап табиғат сұлулығына рахаттандырам.

Үлкен-кішінішаттыққа бөлеймін.Мен де Жыл қарияның үш немересін ерте келдім.Олар:Маусым,Шілде,Тамыз.

2-оқушы:"Жаз"

Құйқылжып құс сайрауда,

Қозы-лақ ойнап жаулауда.

Еркіндіктің күндері

Нәрін төккен маңайға.

Жыл атайдың екінші немересінің пейіліне адамдардың көңіле талып сайраңдап жүргенде қолы кең жомарт баласы Күз де келіп жетті

Күз:менімен бірге еңбектеріңіздің жемісін көресіздер.Қам-

Баларыңыз астыққа толады.Жыл қиярының немерелері Қыркүйек,Қазан,

Қараша да келді.

3-оқушы:"Күз"

Сарғыш тартып ағаштар жапырағы,

Көңіліме көп сағыныш шақырады.

Сары алтын,сары дән қырмандағы,

Ән болып кең далада жатыр әні.

Енді қытымыр,қатал Қыс дегенбаласы келді.

Қыс:Мен сендердің төзімділіктеріңді тексеремін.Мен де Жыл қиярының Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан атты немерелерімен келдім.

4-оқушы:"Қыс"

Ағаштар кеудесіне шатыр тігіп,

Табиғат ұйықтағандай қалғып-мүлгіп.

Құттықтап күннің көзі көк жүзінен,

Ашылып жатыр кейде аспан түңлік.

Жыл қария:Міне балалар,менің төрт ұлым он екі немереммен таныстыңдар.Жылдың әр мізгілінің өз қызығы,қуанышы бар.Бұл бізге табиғаттың сыйы

Табиғатты сүйейік ,бағалайық

Сергіту сәті

Қоюланып тағы бұлт,

Жауды жаңбыр себелеп

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек.

V.Поэзия минуты

5-оқушы:

Табиғат – ол анамыз,

Табиғаттқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына

Өзенінде шомылып

Жүгіреміз жауында.

6-оқушы:

Табиғат – алтын күнім,күміс айым,

Шашылған жұлдыз меруерт жастайын

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па,жабық падап қас қабағың.

7-оқушы:

Орман,тауы,сулары,

Қандай әсем нұр таңы.

Алуан түрлі аңдары

Табиғат толы аңғары.

Мезгіл сайын өзгеріп

Далаға тұрар өң беріп.

Қыс та,көктем,жазыда,

Күзі де қандай жазира!

8-оқушы:

Әй,табиғат

Шеберсің-ау,шеберсің

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің,

Ұланғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсң.

Айың анау,күнің мынау,жер міне,

Оу,адамдар

Жетпей жатыр енді не?!

Табиғатқа таласпаңдар ,пғайын,

Асырайды ол сені,мені,елді де.

9-оқушы:

Ормандар,жап-жасыл ормандар,

Орманды отаушы болмаңдар

Отан мен орман жұп,бір ұғым,

Оманды,Отанды қорғаңдар!

10-оқушы:

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген тіршіліктің жаны емес пе?!

Су жоқ жерде өмір жоқ,ол-ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

11-оқушы:

Құстар тойын жасаймыз,

Қуанамыз тойлаймыз

Ұя жасап ұқыптап

Біз оларды қорғаймыз.

12-оқушы:

Кешкілік пе,кіндіз бе,

Өсіп тұрған гүлді үзбе.

Туған жерді далаға

Тастағалы жүрміз бе?!

Үзіп алсаң сен бір гүл,

Үзіп алсам мен бір гүл,

Не қалады сиқынан

Қызыл-жасыл жердің бұл?!

Жайнап өсіп далада,

Көздің жауын ала ма?!

Бірде-бірін жұлғызба

Қасыңдағы балаға.

13-оқушы:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол,сәніміз

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

VI.Ата-бабамыздың табиғатты қорғау дәстүрі.

1-оқушы:"Обал болады"деп егінді,шалғынды бейсауыт бастырмайды.

2-оқушы:"Көктей соласың"деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.

3-оқушы:"Қарғысы қатты"деп жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді

4-оқушы:Құмырысқаның илеуін бұзғызбайды.

5-оқушы:"Киелі құс "деп аққуды атқызбайды.

6-оқушы:"Тырна жылы жақтан ұшып келсе жаз болғаны,қаз қайтса-күз болғаны"деп есептейді.

7-оқушы:Ұзақ дейтін құс келсе-қыс аяғы ұзаққа бармайды.

8-оқушы:Көкек келсе-көктем

9-оқушы:Сауысқан келіп шықылықтаса-салқын болады.

10-оқушы:жз жауынды,күз жылы болса-қыс ұзақ болады.

11-оқушы:Мысық жылы жерді паналасы-аяз болады.

12-оқушы:Қыс аязды болса-жаз ыстық болады.

13-оқушы:Аспанда жұлдыз көп болса күн ыстық болады.

"Қызыл кітап"

Жүргізуші:Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жауарларды қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда "Қызыл кітап"

шықты.Қызыл парақтарына жойылап кету қаупі бар жануарлар енеді.Ақ парағына саны азайған өсімдіктер мен жануарлар енеді.Жасыл парағына қайтадан аяса қалпыны келлетіндер енеді.


VII.Сурет салу.

I топ:Аспан

II топ:Жер

III топ:Су

VIII.Ұлттық ойын "Тақия тастамақ"

Жүргізуші:

Ойым бар ойын бастамақ,

Аты оның-"Тақия тастамақ".

Ақырын,аспаймын,саспаймын,

Алдыңа тақия тастаймын.

Алдыны тақия тастаған бала табиғат туралы мақал-мәтел айтады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Таби?атпен сырласу.

Автор: Тасымова Баян

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297333


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства