kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Таби?атта?ы т?стерді? ?асиеті»

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?т?бе облысы, Шал?ар ауданы, "Шал?ар ауданды? к?ркемсурет лицейі" МК?К-ні? кескіндеме, сурет п?ні м??алімі ??нда?баева Тамара Т?лепберген?ызы, ІІ санат

П?ні: Кескіндеме

Саба?ты? та?ырыбы: "Таби?атта?ы т?стерді? ?асиеті"

О?ушылар?а таби?ат к?рінісін бейнелеу ?лгілерін ?йрету. Таби?ат к?рінісін ба?ылап, этюд жазу?а ?йрету. О?ушыларды ??ыптылы?пен ж?мыс жасау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Таби?атта?ы т?стерді? ?асиеті» »

Пән аты: Живопись

Сыныбы: 1 сынып 15 топ

Тақырыбы: «Табиғаттағы түстердің қасиетіне және түстік реңіне қарай айырмашылығы»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушыларға табиғат көрінісін бейнелеудің үлгілерін үйрету. Табиғат көрінісін бақылап, этюд жазуға бейімдеу.

б) Дамытушылығы: Оқушыларды қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға, оқушылар дағдысын қалыптастыру.

в) Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, үйрету, түсіндіру

Сабақтың формасы: Жеке және ұжымдық

Көрнекілігі: Тақырыбы жазылған қағаз, плакаттар, көрнекіліктер, акварель, қарындаш, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Саламатсыздар ма балалар! Оқушыларды сабаққа әзірлеу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Негізгі бөлім: Жаңа сабақты ашу, түсіндіру.


Табиғатты бейнелеуде этюд жазу - теңдесі жоқ, өте жоғары мектеп.

А.Пластов

Кіріспе.

Оқушылар біз, жаңа сабаққа қатысты тақырыпты ашу үшін, өткен сабақтарымызды сұрақ-жауап арқылы еске түсіріп өтейік.

Сұрақ:

1.Живопись дегенімізді қалай түсінеміз?

2.Хроматикалық және ахроматикалық түстерді қалай түсінеміз?

3.Түстік рең дегеніміз не?

Жауап:

1.Живопись дегеніміз - әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде орындалатын көркем шығарма. Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді.

2.-Хроматикалық түстер түс өңіне, жарықтығына, қанықтығына байланысты ажыратылады. Хроматикалық түстерге қызыл, сары, көк, жасыл, т.б. түстер және олардың қоспасы жатады.

-Ахроматикалық түстер тек жарықтың түсу деңгейімен анықталады. Ахроматикалық түстерге ақтан қараға дейінгі сұр түстер жатады.

3.Түстердің бір-бірімен дұрыс үйлестірілген түрін «түстік рең» дейміз. Түстік реңдер жылылау, суықтау, қызғылттау, көгілдір-сарылау т.б. түрлерге бөлінеді. Оларды жылы және суық түстер дейміз.

Жаңа сабақ.

Енді, балалар өткен сабағымыз түсінікті болса, алдымыздағы плакаттарға қараймыз. Соның ішінде бүгінгі сабағымыз табиғат көрінісін бейнелеу. Табиғат көрінісін бейнелеу-күрделі процесс. Табиғат көрінісін бейнелеу барысында әр алуан құбылыстарды байқауға болады. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат-кеңістіктегі сұлу табиғатты көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу. Қазақстан жері көркем табиғатқа өте бай. Өйткені елімізде асқар тау да, кең дала да, шөл де, көл де баршылық. Табиғат көрінісін бейнелеуде сыртқы жағдайлардың тигізер әсері мол болады. Ол ауа-райының өзгеруіне байланысты. Табиғат көріністерін салу үшін үлкен талап пен арнайы дайындық қажет.Бұл кезеңде оқушылардың байқау, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін жүйелі жетілдіру мәселесі қарастырылады. Табиғат көрінісін бейнелеуге үйретудегі ең басты мақсат-жылдам және әсерлі бейнелеуге дағдыны қалыптастыру. Табиғат көрінісін бейнелеу мол іс-тәжірибені қажет етеді. Яғни күн сәулесінің шағылысуы, аспанның бұлтты болуы, ауа райының өзгеруі сан алуан бояу үндестігінің өзгеруіне әкеп соғады. Ауа кеңістігін бақылауда бірқатар мүмкіндіктер ескеріледі, затты қабылдау, көру арқылы көрнекі үйлесімдік (композициялық) құрылымын табу. Бір күн өзінде табиғат көрінісі бірнеше өзгеріске ұшырайды. Мысалы: таң сәрі, түс, кешқұрым, түн мезгілдеріндегі көріністерге назар аудар. Тәулік мезгілдерінің және ауа райының өзгеруіне байланысты жарық та әртүрлі болады. Кезінде ұлы суретші А.А. Пластов табиғат көрінісін бейнелеуде «қысқа мерзімді этюд жазудың теңдесі жок, өте жоғары мектебі» деп бағалады. Табиғатты бейнелеуге баулудың негізгі міндеті оқушылардың кеңістік көрінісіндегі табиғаттың сұлулығын терең қабылдау, көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдіру болып табылады. Соның әсерінен табиғат көрінісін сәтті бейнелеуге үйренеді. Сурет салғанда, көкжиек сызығын әртүрлі, кез-келген биіктікте белгілеуге болады. Сурет салуға кіріскенде альбом парағын қалай дұрыс орналастырған дұрыс екенін тік немесе жатық па, суреттің үлкендігі қандай болу керегін, қағаз бетінде оны қай жаққа және қаншалықты жылжытқан дұрыс екендігін ойлап алған жөн. Сонымен бірге қағаз бетінде заттың өзінің сыртқы тұрпаты белгіленіп болған соң жарықтың, жартылай реңдіктің, көлеңкенің үлкен жазықтығын оңай белгілеп көрсете отырып, жарық пен көлеңкені жүргіземіз. Суретті салуды бастай отырып табиғат көрінісінің қай бөлігі этюдке кіретінін, негізгі элементтер (жер, аспан, орман, су, т.б) қалай орналасатынын айқындап алуымыз керек. Этюд жазуда жұмыс істеудің бір ізділігі алуан түрлі болуы мүмкін, кейде этюд орындау үстінде ең ашық және ең күңгірт түстерді табуға болады. Жұмыс істеу кезінде үнемі бояудың үндестігін салыстырып отыру керек. Ауа райының жиі құбылуына байланысты заттың түр-түсі ерекшелігіне назар аударып, бейнелеу дағдысын қалыптастыру қажет. Табиғат құбылысы үнемі өзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды. Табиғат көрінісін қас-қағым сәтте бейнелеу «этюд» деп аталады. Этюд орындау үш топқа бөлінеді:

а) табиғат көрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу;

б) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;

в) түстік бояу шешімін табу.

Табиғат көрінісін бейнелеуде түстік бояу құрылымын қарастыруды шартты түрде екі буынға бөлуге болады:

Біріншіден, табиғат көрінісін бейнелеуде жылы, суық түстердің арақатынасының басты ерекшелігін таба білу.

Екіншіден, табиғат көрінісіне байланысты құраушы бояулар тобын таңдап алу. Табиғат көрінісін бейнелеуде суреттің рөлі зор. Табиғатта зат неғұрлым қашық болса, ауа кеңістігі соғұрлым әсер етеді. Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығармаларға талдау жасауға үйрену керек. Картинада қай аймақтың табиғат көрінісі бейнеленген және жылдың қай мезгілін бейнелеп көрсеткен? Осы мәселелерге айрықша назар аудару керек. Табиғат көрінісін бейнелеуде оқушылар жарық күшінің өзгеруін бақылай алады, яғни табиғат бояуларының түстік және реңдік қатынасының ашық немесе солғын болуын байқайды. Таңертеңгі немесе кешкі мерзімде бейнеленген табиғат көрінісінен гөрі тал түсте орындалған көркем шығарманың түстік реңі ашық болады. Ал, бұлтты күні бейнеленген көркем шығармада түстік рең солғын болады. Себебі күн көзінен сәуле, яғни жарық ашық, айқын түспейді. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелегенде ауа райының өзгеруіне байланысты жарық күйлерінің сипатын сақтай білу керек. Жалпы табиғат көрінісін бейнелеуде ең алдымен түстік бояу үндестігін анықтамас бұрын, реңдік қатынастарды анықтау керек. Мысалы, аспан жерге қарағанда жарықтау, тау бөктеріне қарағанда басқа жер жарығырақ көрінеді. Өйткені күн көзінің сәулесі тау бөктеріне қарағанда басқа жерге тура, тіке түседі. Табиғат көрінісін бейнелеу арқылы табиғи бояу түстерін анық біле аламыз. Әсіресе атқан таң, қызарып батқан күн адам баласына айрықша әсер етеді.

Міне, балалар сендер табиғат көрінісін бейнелеуде жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау арқылы белгілі нәтижеге жетесіңдер. Табиғатқа шығып сурет салғанда алыстағы мен жақындағы дененің, биік пен аласа тұрған дененің, үлкен мен кіші денелердің ерекшеліктерін ажырата біліңдер. Салатын кеңістіктеріңді белгілеп алғаннан кейін барып қағаз бетіне орналастыруға болады, осы сабақта бастайық.

Практикалық әдіс.

Оқушылар жұмыс жасап, мұғалім нұсқау береді.

Сарамандық жұмыс.

Сөзжұмбақты шешу.

Қорытынды. Сабақты аяқтау.

Оқушылар, біз табиғат суретін салдық, келесі сабағымызда жалғастырамыз. Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау. Сабақ аяқталды. Бәріңіз де сабаққа жақсы қатыстыңыздар.

Сабақты бекіту.













«Аудандық көркемсурет лицейі» МКҚК













Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Табиғаттағы түстердің қасиетіне және түстік реңіне қарай айырмашылығы»

/кескіндеме/










Өткізген: Т.Т.Құндақбаева

Сыныбы: 1

Тобы: 15











2010-2011 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
«Таби?атта?ы т?стерді? ?асиеті»

Автор: ??нда?баева Тамара Т?лепберген?ызы

Дата: 23.02.2015

Номер свидетельства: 177597


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства