Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіздік күніне мерекелік отшашу» технологиялық картасы»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Өткізген: Каримжанова Т. К.
Топтың жас ерекшелігі: ересек топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: «Тәуелсіздік күніне мерекелік отшашу»
Мақсаты: балаларға салтанатты шарулердің мәнін түсіндіру, мерекелер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.
Міндеттері:
Кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету.
Балаларды түрлі түсті отшашуды бейнелеу арқылы мерекелі сюжет жасауға шақыру. Өздігімен материал, суреттін таңдау арқылы олардың шығармашылық дербестігін дамыту.
Өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриотыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: мерекелік отшашу көрінісі бейнеленген сурет, жай қарындаш, қылқалам мен акварель бояуы, ақ қағаз.
-Балалар, біз сәт көзімізді жұмып, көз алдымызға туып- өскен жерімізді елестетейік. (Педагог өздері тұрған аймақтың көрікті жерлері туралы қысқаша түсінік береді.) Ал енді көзімізді ашайық.
-Балалар, біздің ұлтымыз –қазақ. Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Мынау-Мемлекеттік елтаңбамыз.(Елтаңба суретін көрсетеді.)
Ондағы басты белгілер қандай?
Олар нені байқатады. (Елтаңба туралы мәліметтерді түйіндеп айтады.)
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні -16 желтоқсан. Қазақстандықтар бұл мерекені асыға күтеді, тойлайды. Біз тұратын жердің көрікті орындарын айтып беріңдерші.
Балалар педагогтың мәліметін тыңдап, түсінбеген тұста сурақтарын қойып отырады.
Бұл ең үлкен мерекелердің бірі. Балалар, болашақта Қазақстанның қандай болғаның қалайсыңдар? Соны суретпен бейнелеп көрейік.
-Канеки, еліміздің Астанасы- әсем қаламызды бейнелеп, сурет салуды бастайық. Көзге берден түсетін, аса биік «Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз?
Соңдықтан да мұндай мерекелерде отшашулар болады. Алдамен тік төртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке, төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап кетеді. Енді оның жағарғы бөлігіне дөңгелек, яғни шар тәрізді «жұмыртқа» саламыз, көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз. «Бәйтеректің» түсін өздерің таңдауларыңа болады, өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді. Сюжет, композиция сөздердің мағынасын білдіреді.
Балалар жай қарындашпен «Бәйтеректің» суретің салады. Бояумен бояйды.
Бүгін біз осы мерекеде жасалатын отшашу суретін саламыз.Ол үшін үлгі суретті қараңдар.
Педагог отшашу салу жолдарын көрсетеді.Марш екпініндегі патриоттық музыка қойылады.
-Алдымен сопақша немесе дөңгелек пішінді дөңгелек пішінді әртүрлі мерекелік шарларды салып аламыз, олардың төменгі жақтарына трапеция пішінді жіп байлайтын бөлігін және жіптерін саламыз. Ол үшін қылқаламман сүйкей жаға отырып, төменнен жоғары қарай сызықтар жүргізіп, жан-жаққа шашыратамыз, бұл сызықтар тек бір нүктеден ғана басталады. Ал ұштары жан –жаққа қарай орналасады. Осылайша қағаздың жоғарғы жақ бөлігіне бірнеше түспен отшашулар саламыз. Мерекелік шарларды түрлі түспен бояймыз. Осылай өзімізге мерекелік көңіл күй сыйлаймыз.
Балалар музыка ырғағымен мерекелік отшашуды түрлі түсті акварель бояуларын қолдана отырып салады.
Сергігу сәтті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық.
Балалар жаттығу жасайды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін «Біздің қаладағы мереке» атты көрме безендіріледі.
ІІІ. Рефлексиялық – түзетушілік
Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық.
Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: салтанатты шерулердің мән-мағынасын біледі.
Игереді: қиялдағы дүниелерді сурет арғылы беру дағдылары, жақсы көңіл күйді жеткізу ептіліктері жетіледі.
Меңгереді: түрлі түсті отшашуды бейнелеу арқылы мерекелік сюжет салуды меңгереді.