Сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жауардың эмоциалық жай - күйін көрсету
Сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жауардың эмоциалық жай - күйін көрсету
Күйтабақта А.Енсеповтың күйлері орындалады, оқушылар сазды әуен ырғағымен үлгіге қарап отырып графика әдісінің бір түрі – сызықтықтың көмегімен орындайды, қолданылатын құралымыз: жай карандаш пен альбомдық парақтар. Сурет салу барысында оқушылардың әрбір сызығы, әр қимылын жіті қадағалап отырамын, өйткені, сурет салудың бастапқы кезеңінде қателіктер жіберуге болмайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жауардың эмоциалық жай - күйін көрсету»
Күні:
Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 2 Сабақ №: 13
Сабақтың тақырыбы:Сызықтықтың көмегімен табиғаттың,адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету
Сабақтың мақсаты: Сызықтық графика арқылы адамның бейнесін жасау
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Сауатты сурет салу, графика өнері туралы мағлұматтар беру
Дамытушылық: Назар аудару, байқағыштық, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру. Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: мұғалім үшін: күйтабақ, суреттер.
Оқушылар үшін: альбом, қарандаш, өшіргіш т.б
Сабақтың пән – аралық байланысы: дүниетану, ән
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
Графика гректің «жазамын», «суретін саламын» деген сөзінен шыққан. Графика суреті орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Линогравюра – ақ және қара бояудан тұрады, бейне линолеумге салынады. Литография арнаулы әк тасқа салынады. Гравюра – ағашқа ойып салынады. Компьютерлік графикада бар.
Графика бұл ақ және қара таңба. Графикада қолданылатын құралдар: тущь, сангина, көмір, карандаш, бор.
Оқушылар бейнелеу өнерінде сурет салу төрт кезеңнен тұрады.
1.Қағаз бетіне дұрыс орналастыру (компоновка)
2.Тепе теңдік
3.Жарық пен көлеңке
4.Аяқталған жұмыс
Сарамандық жұмыс: Енді, балалар сабақты жақсы түсініп болсақ, сурет салуға көшейік. Күйтабақта А.Енсеповтың күйлері орындалады, оқушылар сазды әуен ырғағымен үлгіге қарап отырып графика әдісінің бір түрі – сызықтықтың көмегімен орындайды, қолданылатын құралымыз: жай карандаш пен альбомдық парақтар. Сурет салу барысында оқушылардың әрбір сызығы, әр қимылын жіті қадағалап отырамын, өйткені, сурет салудың бастапқы кезеңінде қателіктер жіберуге болмайды.
Сергіту сәті.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,
Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бiр дем алып қалайық.
Сабақты қорытындылауда оқушылар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді, әрине бұл оқушының өз ойын сонымен қатар тіл байлықтарын дамыту мақсатында.