Б?гінгі бейнелеу ?нері ?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекеті бойынша «Шатты?» ересек топ ата- аналарыны? арасында?ы «Суреттер с?йлейді» атты шы?армашылы? сайысымыз?а ?ош келді?іздер.
Просмотр содержимого документа
«"Суреттер с?йлейді" атты шы?армашылы? сайыс »
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық
Тақырыбы: «Суреттер сөйлейді »
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Бейнелеу
Тобы: «Шаттық» ересек тобының ата- аналары
Түрі: Сайыс
Мақсаты: Ата – аналарға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты таныстыру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.Жылдамдыққа,жеңіске жетуге деген талпынысын арттыру. Әдісі: сайыс, сұрақ-жауап, құрастыру, тақырыпқа сурет салу. Көрнекілігі: құрастырма суреттер, суреттер. Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, акварель бояулары, қылқалам,балауыз шам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті қонақтар, сайысымызға қатысушы ата- аналар!
Бүгінгі бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті бойынша «Шаттық» ересек топ ата- аналарының арасындағы «Суреттер сөйлейді» атты шығармашылық сайысымызға қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
«Кім тапқыр?»(байлаулы тұрған көзбен қыз келбетін бейнелеу)
Поэзиядан бейнелеу өнеріне (берілген шығармаға иллюстрация құрау)
Жасырын сурет (түнгі қаланы балауыз шам арқылы шығару)
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
1 кезең. Ата-аналардың көздері байлаулы тұрған күйінде қыз келбетін бейнелеп,түсініксіз болған жағдайда түсіндіріп беру тапсырылады.
2 кезең.Берілген белгілі-бір шығармаға иллюстрация құрап,суретті сюжетті бейнелепшығу тапсырылады . «Күз»Міне,қыркүйек туды,күз келді.Түн қысқарып,түн ұзарды.Аспаннан бұлттар қаптап,сіркіреп жаңбыр да жауып тұр.Күн сирек көрініп ,аз жылытады.Анда санда таңертең салқын болып қояды.Өткір суық жел арық малды,жұқа киімдіні тоңдыра бастады.Жұрт,күземін алған,киізін де басып алды.Маса, шыбын,құрт- құмырсқа жоқ болып кетіпті,құстар да жылы жаққа ұша бастады.Қарлығаштар көптен көрінбейді.Аспанда тырналар да тізіліп барады.ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп,шөптер де қурап қалған.Далаға шықсаң жаздағыдай адамдар қарасы көрінбейді.Осылайша әр жыл сайын күз мезгілі қыс мезгіліне осындай ерекшеліктерімен жол береді екен. 3 кезең. Жасырын суретті субояқ көмегімен шығарып алу. Балауыз шам арқылы нобайын салу
Сайысты қорытындылау.
Жалпы ұпай сандарын шығару арқылы жеңімпаз ата –ананы анықтау.
Көңіл – күй фишкаларын тарату.
Номинациялар бойынша марапаттау.
Сіздерге көп – көп рахмет! Біздің осымен «Суреттер сөйлейді» атты шығармашылық сайысымыз өз мәресіне жетті.