kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сурет.Геометриялық фигурлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                           Батыс Қазақстан облысы,

Шыңғырлау ауданы,

Балалармен мектептен тыс жұмыс

орталығының қосымша білім беру педагогы

 Есенов Нурлан Муратович

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сурет.Геометриялық фигуралар.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: штрих, натюрморт туралы түсінік беру, натюрморттың құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.

ә) дамытушылық: сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы,  заттың жарық пен көлеңкесімен, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу.

б) тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ,  суретпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қызығушылықтарын ояту, үйрету, орындату.

 Сабақтың көрнекілігі: қойылым, нұсқа  4 кезеңдік  натюрморт долбарларын салу үлгісі, әртүрлі  геометриялық денелердің үлгілері, суреттер.

Құрал-жабдықтар: А3 формат, түрлі конструктор қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа көнілдерін аудару. Заттарды өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан бірнеше теориялық  сұрақтар  қояйын.    

 ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

-Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Геометриялық денелерден құралған натюрморт». Бүгінгі сабақта екі заттан құралған натюрмортпен танысып, үш қырлы призма мен цилиндрді бейнелейміз. Сондықтан да жаңа сабақты мұқият тыңдап қатысып отырайық.

Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. XVIII ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Сондықтан натюрмортты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Қарындашты үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ) ғана ұстау керек.

 

Қағазға көлеңке түспеу үшін қарындашты суретте көрсетілгендей етіп сәл алыстау ұстаған жөн.

Сурет салатын қарындаштар қатты-жұмсақтығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 3Т, 2Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М, бұлар латынша мыналарға сәйкес келеді: 6Н, Н, НВ, 2В, 3В, 4В, т.б. Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет болған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақ пен шынашақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурет былғанбайды, өшірілмейді. Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі-сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді.

Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады. Бүгінгі біздің натюрморт екі заттан тұрады.                   

IV.Тапсырмаларды орындау.

 

1-кезең. Алғашқы кезең-заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп белгілеуден басталады, алты қырлы призманың биіктігі мен енінің өлшемі, цилиндрдің биіктігі мен енінің өлшемімен салыстырғанда қандай,бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқаны ескеріледі. 

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып  көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейміз.

 Заттар бейнесінің дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды кетіріп тастаймыз. Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады. Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады. Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады. Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы-мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих-қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие болады. Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіне қарай) сызуға болады, ал қарындаштың  ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды.

  Сурет сала отырып оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін «Артық суретті тап»ойынын ойнап жіберейік.(Оқушыларға суреттер беріледі, онда бейнеленген артық суреттерді тауып, ойларын айта кетеді).

 3-кезең. Заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешікті көлеңке дегеніміз – заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп – табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз – жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз – нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз – меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз – заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Жарық заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі ең қою көлеңке заттардың оң жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей түсіп ең жарықтанған жылт бөлігі заттардың сол жағында орналасқан. Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.

               Мұғалім балаларға сызықтар әлеміне саяхат жасауды ұсынады. Ол үшін бізге сиқырлы конверт көмектеседі. Сиқырлы конвертті ашып сызықтар түрлерімен таныстырады: бірінші түзу сызық. Конвертті ашқан сайын, сызықтар толқынды (ирек) секілді, содан кейін сынық сызықтарға айналады.

Сызықтар әлемінде суреттеу құралдары бар – ол штрих. Штрих дегеніміз — көптеген, біріктес сызықтардың жиынтығы. Оның ұзын-қысқалығы заттың көлемдік бітіміне байланысты.  Және ол заттың пішіндік құрылысына сай беріледі. Заттардың суретін салу үшін штрихтың көптеген түрлері қолданылады.

                                

 

Тірек –сызбамен жұмыс

 

                                                        Сызық түрлері

               

Тапсырма: Тірек-сызбадағы бос жерді қажетті суреттермен толтыр.

Қажетті суреттер: түзу сызық, кереге көз сызық, шимай сызық, доғал сызық, көлденең сызық, тік сызық, көлбеу сызық, ирек сызық.

     Штрих түрлерімен таныс заттармен бұйымдарды сызықтың жәрдемімен бейнеле.

       

 

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Геометриялық денелердің түсі ашық болғандықтан, штрихтау барысында  сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Штрихты нәрсе көлеміне байланысты доға және көлбеу түсіру арқылы, заттың бейнелік көлемін әрі айқындай түсуге болады. Жұмыстың соңында натюрморттың композициялық бірлігін, жарық пен көлеңкенің жарасымдылығын қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн.Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз. Ендеше оқушылар қолымыздағы қарындашты қоя тұрайық, кішкене қолымызды демалтайық, ойынға назар аударайық.                  

 V.Жаңа сабақты қорыту.

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:

Штрих дегеніміз не?

а) көптеген,біріктес сызықтардың жиынтығы ә) заттың бейнесі  б) заттың пішіні

2.Жай қарындаш түрлерін тап?

а)түрлі-түсті қарындаштар   б)жұмсақ,қаламұш,қарындаштар

в) жұмсақ,қатты қарындаштар

Сызықтын үш негізгі түрі?

а) түзу  ә) ирек   б)сынық   в) үшбұрыш

4.Тор көзді немен сызамыз?

а) қарындаш,сызғыш  б) бояу,қарындаш  в) қарындаш,бояу

5.Дұрыс  сурет  салу  үшін  не  керек?

а) түстану    б) үйлестіру    в) мүсіндеу

Оқушылар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Денелерді неше кезеңмен саламыз? Қандай штрих түрлерін пайдаландық? Бүгінгі сабақ ұнады ма?

 

VІ.Үйге тапсырма беру: Натюрмортты толық штрихтап, аяқтау.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сурет.Геометриялық фигурлар

Автор: Есенов Нурлан Муратович

Дата: 04.01.2018

Номер свидетельства: 447787


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства