Сызықтарды қағаз бетіне қалай және қандай бағытта түсіруге болады?
(сызықтарды қағаз бетіне заттың формасына байланысты оң бағытта,сол бағытта және түзу сызықтармен түсіруге болады)
Штрих дегеніміз не?
(көптеген біртектес сызықтардың жиынтығы)
Жарық пен көлеңке дегеніміз не?
( көлеңке- бір заттың бір жағы жарық болса,оның екінші жарық түспейтұрған жағы.
жарық- қандайда бір затқа сәуленің мол түсіп тұрған жерін айтады)
Графика дееніміз не?
(қағаз немесе картон бетіне қарандаш,қылқаламмен,тушпен салынған суреттер)
Тұтас көру дегеніміз-
(бейнелейтін дененің қандайда болсын қырынан қарай отырып, көрінбейтін жағын толық көз алдыңа келтіру)
Графика түрлері
(станокты графика,кітап графикасы, қолданбалы графика,плакат, компьютерлік графика)
Сергіту сәті
Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын сергіту сәтінен бастайық.
Біз сабақты бастаймыз,
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз.
IV.Жаңа сабақ
Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Сурет салуды,сурет салудың заңдылықтарын және кезеңдерін меңгерту»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сауатты сурет салуға,сурет салу заңдылықтарына,сурет салу кезеңдеріне үйрету.
Сурет салуды меңгеру үшін көптеген байланыстарды орната білу керек
Заттың өзіне қарап немесе елестету арқылы сурет салу тәсілдерін меңгеру
Cурет салудың негізін білу,яғни затты және оның бейнесін бақылау.
Сурет салудың басты талаптарын қадағалау-жалпыдан дараға және дарадан жалпыға.
Қандайда бір сурет салмайық,оның барлығына ортақ белгілі бір,кезеңі болоды. Мысалы:Натюрморт
Зат бейнесінің орналасуын анықтау (компановка)
Құрлымын табу
Пішінін анықтау
Суреттің аяқталуы
Натюрморттың орындалу кезеңдері
Қағаздың ортақ нүктесін тауып,заттардың шеткі нүктелерін анықтау. Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып алу. Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау.Көлеңке жарығын белгілеу.Нұсқаның түстерін палитраның көмегімен анықтау.
Практикалық жұмыс
Натюрморт орындау
Оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауларына уақыт бөлу. Оларды сырттай бақылап отыру, 4-кезеңін бақыла.