-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер жұмбақтың шешуін табыңдар. 1.Бет көретін айнам,тауып алдым сайдан. (ағын су) 2.Жазда сылдыр қағады,қыста тыным табады. (Өзен) 3.Еркелеп жатамын,қаңтарда қатамын (көл) 4.Күміспен апталған,теңгемен қапталған (Сазан) 5.Суда өседі,өнеді,сыртқа шықса өледі (Балық) -Балалар жұмбақтың шешуі не? -Бұлар қайда тіршілік етеді? -Жарайсыңдар балалар,балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі.Балықтар өкпе арқылы емес,желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтар суда араласқан оттегі түседі.Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе,ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Табиғаттағы әр жаратылыстың өзіне тән ерекшелігі, ешкімге ұқсамас даралығы бар. Балықтар осыдан 450 миллион жыл бұрын, тіпті динозаврлардан бұрын пайда болған делінеді. Ғалымдардың айтуы бойынша әлемде 250 мыңға жуық балық бар. Оның 15 мыңға таяуы әлі зерттелмеген. Сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, суда да, құрлықта да тіршілік ететін қосмекенділердің санын қоссаңыз балықтардың санына жетпейді екен. Әлемдегі ең үлкен балық – кит акуласы. Оның ұзындығы 20 метр, салмағы 34 тоннаға тең. Барлық акула секілді акуланың қаңқасы тұтастай шеміршектен тұрады. Алып акуланың 4 мыға жуық тісі болады. Балықтар да адамдар секілді, құстар секілді ауруды сезіне алады. Ең жылдам балық – қылыш-балық. Оның жылдамдығы – сағатына 130-140 км. Теңіз атбалықтары басқа балықтардан көлденең жүзетіндігімен ерекшеленеді. Олар өте жай жүзеді. Шамамен есептегенде 1 сағатта 1,5 метрге ғана жылжиды екен. Қорқынышты әрі тұңғиық тереңде жүзетін балықтар ешқашан жарықты көрмейді. Олар әлемдегі ең терең Мариана шұңғымасында тіршілік етеді. Жапонияда фугу балығы ерекше, алайда өте қауіпті тағам боп есептеледі. Ол өлім тудыратын тетродоксин уын бөледі. Соған қарамастан фугу өте дәмді тағам. Балықтың дәмділігі сонша, оны жапон аспаздары тәуекелге бел буып, дайындайды. Жапон аспазы мұндай тағамды дайындау үшін улы балықтардан тағам дайындау мектебінен сабақ алып, арнайы сертификат иеленуі қажет. Судың ластануынан балықтар жынысын ауыстыруы мүмкін. Мәселен, жергілікті британдық суда жүзетін балықтар суға кәріз жүйесінің төгілуінен жынысын ауыстырған.
Әлемге зер салып қарасаң, таңғаларлық нәрсе тым көп. Көз көріп, құлақ естігеннен бөлек адамзат баласы құпиясын аша алмай келе жатқан әлі қаншама дүние бар... Соның бірі мұхиттың түбі мен атауы жоқ балықтар. Мұхиттың түбін бағындыру әлі ешбір мемлекеттің қолынан келер емес. Оның астындағы жоғары қысым мен көз көрмес тұңғиығы қаншама сырды сақтап жатқандығы беймәлім. Қарасаң көз тоймайтын мөлдір судың ішінде сан мыңдаған балықтар мен жәндіктер тіршілік кешеді. Осы уақытқа дейін олардың әлі де болса жаңа түрлері кезігіп, атауын алып үлгерген. Мұнда алып киттен бастып, майда шабаққа дейін өз қорегін тауып, ұрпақ жалғастырып, өмір сүріп келеді. Бүгінгі біздің назарларыңызға ұсынар жаңалығымыз, әлемдегі ең кішкентай балықтардың түрлері. Кәсіптік жағдайдағы ең кішкентай балықтың атауы – синарапан. Филиппин аралының Лусон жағалауында өмір сүретін балықтың бұл түрін көптеген аквариумдерден көрген де боларсыз. Себебі, ұзындығы 13 миллиметрден аспайтын синарапанды қолға ұстаушылар жетерлік. Соның нәтижесінде бүгінде балықтың бұл түрі құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр. Ал, әлемдегі ең кішкентай балықтың аты – Панданка. Ең кішкентай балықтың ұзындығы 7-9 миллимертді құрайды. Тұщы суда мекендейтін панданка Үнді мұхиты, Индонезия, Суматра аралын мекендейді. Бедер-жазықтықтан сәл шығыңқы болып орындалады. Практикалық жұмыс: Оқушылар бүгін ермексазбен бедерлі балықтың бейнесін жасаймыз. Ермексазды алып жұмысты бастаймыз. Қанеки оқушылар тақтадағы көрнекілік бойынша түрлі балықтың композициясын бедерлеп ұқыпты түрде жасаңдар. Дескриптор: -Балықтың бедерлі мүсінін нақышына келтіріп мүсіндей алады; -тепе-теңдік үйлесімділігін сақтайды; -түстік үйлесімділігін әсерлі етіп бейнелейді; Жұмыс барысында таңғажайып су асты әлемі бейнетаспасы көрсетіледі. Тәжірбиелік жұмыс: Қауіпсіздік ережесін есте сақта! -Ермек сазды ауызға салмау. -Жұмыс орнынды таза ұстау. -Жұмыс аяқталған соң қолды жуу. -Орамал қолдану. Үлгімен таныстыру Ермексазбен жұмыс -Ермексазды жұмсарту -Ермексазды бөліктерге бөлу |