kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Түстің көмегімен кейіпкердің мінез құлқын бейнелеу. « Портрет»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт ьььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььь ррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр ррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр ьььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььь гггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггг ккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккк

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Түстің көмегімен кейіпкердің мінез құлқын бейнелеу. « Портрет»»

Сабақтың тақырыбы: Түстің көмегімен кейіпкердің мінез құлқын бейнелеу.

« Портрет»

Оқу тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:

Сабақтың мақсаты: бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі – портрет туралы толық мәлімет бере отырып, оқушыларды сурет өнеріне қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу.

Білімділік: портрет және оның түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; қоршаған ортаға эстетикалық қарым - қатынасын қалыптастыру;
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым - қатынастың және шығармашылық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету;

Сабақтың көрнекілігі:
Мұғалім үшін: көрнекіліктер - адамдардың фотосуреттері, слайд, портрет көшірмелері; «портрет салу» кестесі, дидактикалық материалдар
Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, жай қарындаштар, өшіргіш, гуашь немесе акварель, қылқаламдар және су құюға арналған кішкене банка.
Сабақтың түрі : жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың әдісі : баяндау,практикалық .

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,геометрия.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру бөлімі

II .Үй тапсырмасын қайталау.

1 .Қызығушылығын ояту.

2 .Мағынаны тану.

3 .Ой -толғаныс.

Өткен сабақты еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қою.


Қызығушылығын ояту.

-Қане; балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен, артымызда қарағай,шетен. Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам. Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар.Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз. Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

-Портрет.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ


2) Портреттің қандай түрлерін өттік?
Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді.

1 Иық бөлігіне дейінгі портрет.

2 Бел бөлігіне дейінгі портрет.

3 Толық фигуралы портрет.


Осыған қосымша 4 қимыл-қозғалысқа арналған портрет.

5 Салтанатты портрет

6 Мінез-құлыққа арналған портрет.

7 Әзіл-сықаққа арналған портрет.

8 Топтасқан портрет»


Мағынаны тану .

3) Портрет туралы өз ойыңды айт?

«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма. Портрет француз тілінен аударғанда - “бейнелеу” дегенді білдіреді. Белгілі нақты бет әлпеті бейнелеуге арналған көркем сурет, мүсіндеу және графика жанрларының бірі портрет болып табылады. Адамды бейнелейтін суретші портретист, ал оның жұмысы портрет деп аталады. Портреттің негізгі мақсаты – адаммен ұқсастығын, сонымен қатар мінезін, көңіл күйін, денсаулығының ұқсастығын беру болып табылады. Портрет жанры бірнеше мың жылдар бұрын пайда болған. Ежелгі Египетте египеттік фараондардың алып тас мүсіндері пайда болды. Өлімнен кейін жаны оңай орнау үшін портреттік ұқсастық берілген. Портрет жанры Римде Қайта өркендеу дәуірінде көп тараған. Өткен ғасырлардың суретшілері және біздің замандастарымыз портретте тек сырттай бет әлпетін ғана емес, сонымен қатар адам мінезін, жекелігін, бай жан дүниесін беруге тырысады.

Оқушылар білімін еске түсіру, «портрет» ұғымын жүйелеу.
Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Бір тұлғалы портрет және көп тұлғалы портрет.
Портрет кескін көлеміне қарай - бас(иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді.
Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні, отбасылық портрет – отбасы мүшелерінің бейнесі, жанрлық портрет – портретте бейнелеушіні белгілі бір образда (мысалы, актрисаның портреті немесе шахтердің портретін және т. б.) беру, автпортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі.
ІІ. Жаңа сабақ.

Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез - құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.
Адамның мінез - құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек. Дененің қимыл - қозғалысы немесе тұрқы, бет ерекшеліктер арқылы адамдардың ішкі жан дүниесі мен арманын берумен қатар, өз ойын және бейнеленген адамға деген көзқарасын беруге тырысады.
Қазақ халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап, бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түседі.
Атап айтсақ, ана сүті мен ұлттық дәстүрін бойына сіңірген ұлы суретші Ә. Қастеев ана образын ерекше сомдаған. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көз жанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Бояу үндестігімен бедерленген бет әлпеттеріндегі әжімдері өмір жолын баяндап тұрғандай. Көмкерілген жаулықтың аясында тұлғасына жарасымды ақ кимешек адал жүрек, дөңгелек жүзді, қой көзді ананың келбетін ажарландыра түседі. Иығына жамылған көкшіл - күлгін түсті орамалы мен жасыл түсті шапаны дене бітіміне жарасып тұр. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде оның бет әлпеті де өзгереді. Мына суреттерден сен өз құрдастарыңның жүздерін көріп отырсың. Олар әр түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді білдіреді. Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл шындық. Сен жаңа ғана бөтен баланы танымай-ақ, оның көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет. Мимика - адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйін көрсетеді. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып күлкі шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады. Адам мұңайғанда оның бетінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене қалады.

Адам ашуланғанда қастары бір-біріне жақындап, аузы берік жымдаса түседі. Мұндай адам ешкімге ұнамайды. Мына суреттегі бет кейіпті жағымды деп айту қиын. Мұндай бет әлпет менмен адамдарда болады. Қастары жоғары көтеріліп, көздері сығырайып, аузы жымдасып, ернінің бұрыштары төмен қарап тұрады. Мұндай кейіпте болмауға тырыс, оны айналаңдағы адамдар ұната қоймайды. Адам таңырқағанда оның қастары жоғары көтеріліп, көздері шарадай болып, ал аузы көп ретте аңқиып ашылады.

-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар. Ол қандай пән деп ойлайсыздар?

-Дұрыс,ол әдебиет пәні. Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл -өлеңмен берілген портрет.

Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.

«Хамит-ұзын бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы,мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында». Міне осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.

-Енді барлығымыз да жоғардағы үлкен экранға қарайық. Қазір біз сіздермен өнер мұражайына саяхатқа шығамыз. Қане, барлығымыз әзірміз бе?

Практикалық бөлім.

-Қазір осы схема бойынша өзіміздің сыныптасымызды ортаға шақырып, сол адамның бейнесін салып көреміз.

Суретімізді салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалайық.


Портретті салу жолдары:
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз.


«Портрет» сөзжұмбағы

1.Адамдарды бейнелейтін суретші.(портретист)

2.Алғашқы нобай сурет. (Долбар)

3.Қарындаш, бояу ұстаған адам.(Суретші)

4.Қара бояу.(Тушь)

5.Портрет, пейзаж, натюрморт - бір сөзбен айтқанда... (жанр)

6.Суда еритін мөлдір бояу.(Акварель)

7.Бейнелеу өнерінің әсерлегіш құралы.(түс)


Сергіту. Дидактикалық ойын.

Әрбір суретке ат қою. Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндері берілген суреттерді көрсету. Әрбір суретке ат қою.

Суреттерге қарап, олардың көңіл күйлерін табиғатпен салыстырып айту.

Мысалы: жымиып тұрған қыз буреті- күлімдеген күндей. (қабағына өар жауған , жадыраған жаздай, жаңбыр жаумай су болды, толған айдай)

Ойын «Бет пішін»

Адамның көңіл-күйін білдіретін бет пішін.Көңілді,көңілсіз,мұңлы т.б.Осындай басқа адамның қандай көңіл-күйін білдіретін суреттер сала алар едің.Мұғалім алдын-ала сызылған қағаздарды дайындап қояды.Ойын басталарда балаларға таратып береді.Бет пішіндерді осы шеңберге бейнелейді.Салынған бейнелерге ат қояды.



Сабақты бекіту.
Біз не білдік ?

Не үйрендің

Не білгің келеді?

Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жүлдызшалар үйлестіріледі, ал қалған оқушылар ауызша мадақталады.
Үйге тапсырма: Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндер суреттерін салу.




































































































Мұғалім компьютермен алдын-ала дайындап қойған көрнекіліктерін слайдқа салып, үлкен экраннан оқушыларға көрсетеді.Слайдқа портрет жанрына байланысты көптеген дидактикалық тапсырмалар жинақталған. Әбілхан Қастеевтің суреттер жинағы кітабінан суреттер көрсету.

Практикалық бөлім.

Компьютерден бастың салу схемасын ашып оқушыларға түсіндіремін.

-Қазір осы схема бойынша өзіміздің сыныптасымызды ортаға шақырып, сол қыздың бейнесін салып көреміз. Кел, Нұргүл, шыға ғой.

Суретімізді салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалайық.














Оқушылар сурет салған кезде үнсіздікті толтыру мақсатында оқушыларға жеңіл дидактикалық тапсырма орындатып, портретке байланысты бір ойынды ойнатамын.

«Бейнені тап»-тапсырмасы және «Қожанасырдың мұрнын қондыр» ойыны.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Түстің көмегімен кейіпкердің мінез құлқын бейнелеу. « Портрет»

Автор: Амитова Рауза Адилгереевна

Дата: 18.05.2017

Номер свидетельства: 416657


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства