Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: С?ндік ?олданбалы ?нері »
Сынып: 6 ͣ
Пәні: Сурет
Күні: 5.04.2013ж
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнері Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік
қолданбалы өнердің ерекшеліктерін түсіндіру.
Сыр бойындағы қолөнер шеберлерінің
шығармаларымен таныстыру және насихаттау. ә) Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық
қолөнеріне деген қызығушылығын арттыру,
ой-қиялын дамыту. б) Тәрбиелік: Сәндік қолданбалы өнерді түсіндіре
отырып, оларға кәсіби бағдар беру. Эстетикалық
тәрбие беру. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу өнері Сабақтың көрнекілігі: Қазіргі заманғы қолөнер шеберлері
жасаған ұлттық бұйымдар: торсық, қамшы,
қалқан, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар,
аяққап, сандық, т, б. Типі: Жаңа білімді меңгеру Түрі: Дәстүрлі сабақ Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгіме,
сарамандық жұмыс, сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу ә) оқушыларды түгелдеу б) Сабаққа даярлығын тексеру 2. Өткен сабақты пысықтау. - Балалар, өткен сабақта «Мүсіндеу өнері» деген тақырыпта сабақ өткен болатынбыз. - Қане, айта қойыңдаршы, мүсіндеу өнерінің қандай түрлерін білесіңдер? 1. Жұмыр мүсіндеу 2. Рельеф мүсіндеу 1. Жұмыр мүсіндеу дегеніміз не? 2. Рельеф мүсіндеу дегеніміз не? 3. Алғашқы қазақ мүсіншісі кім? 4.Мүсіндік композиция дегеніміз не? 3. Жаңа сабақ түсіндіру. а) Баяндау Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи немесе жасанды заттар пластмассалар, гипс, жүн, мақта, балшық, т.б. Кейбір материалдар өңдеуді талап етеді. Мысалы: алтынмен, күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу және т.б. Жұмыстар. Сәндік қолданбалы өнердің кескіндеме мен мүсіндеу өнерімен тығыз байланысты. Өрнек- әшекейлерді бояудың түсіне қарай орналастырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Мысалы: көк түс-аспанның символы, қызыл түс-оттың, күн көзінің символы, сары түс-ақыл парасаттың, қайғы-мұңның символы, қара түс-жер символы, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы.
Сәндік қолданбалы өнерге түстегі шарттылық және форманың жалпыламалығы тән. Түс бұйымныңменшікті түсіне сәйкестенбей-ақ алына береді. Мысалы, қошқармүйіз өрнегі бұйымда әр түрлі түс-реңктерімен салына береді.
Зергерлік жұмыстарды орындау барысында штампылау, дәнекерлеу, балқыту, құю, безендіру сияқты бейнелеу өнері іс-әрекеттері орындалады.
Зергерлік өнерінде бейнелеп құю, бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты қиюластыру,кіріктіру, қақтау, күмістеу,тоқымалау, т.б. Әдістер қолданылады.
ә) Сарамандық жұмыс.
Түрлі түсті қағаздан сәукеле жасау. Ол үшін қажетті құралдар мен жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, сызғыш, қарындаш, қайшы. Жұмысты бастамас бұрын қол жұмысына арналған техника
қауіпсіздігі ережесін еске түсіреміз. Жұмыстың барысы: Түрлі түсті қағазды сәукеле формасында ораймыз және артық жерін қайшымен кесіп алып тастап және да, оларды түс үйлесімділігіне
қарай бір-бірімен қиюластырып көктеп тігіп аламыз. Оны
астарлық матамен біріктіріп тігеміз. Дайын болған сөмкенің
алдыңғы бөлігін артқы бөлігімен қосып тігеміз де, бау
тағамыз. (Оқушыға жұмысты көрсету барысында ретімен
түсіндіріледі)
4. Жаңа сабақты бекіту Сөзжұмбақ беріледі. Әр қатардағы сөздер дұрыс табылса,
тігінен «Сәндік қолөнер» деген сөз тіркесі шығады.
1. Ұлттық киімдер мен бұйымдар тігетін адам 2. Қазақ қыздарының бас киімі 3. Суретті тықыр кілем 4. Батырдың бас киімі 5. Жүннен жасалған бұйым 6. Аң терісінен жасалған ерлер киімі 7. Мата қалдықтарынан құрастырылып тігілген бұйым 8. Теріден жасалған сусын құятын ыдыс 9. Төсеніш бұйым 10. Ұста құралы 11. Тоқылып жасалған зат салғыш бұйым 12. Әшекей бұйымдар жасайтын адам 13. Ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам ісмер сәукеле гобелен дулыға киіз ішік құрақ торсық алаша көрік қоржын зергер шебер
а) Оқушылар еңбегін бағалау, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау ә) Үйге тапсырма беру 1. Жұмысты аяқтау. 5. Қорытынды «Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздердің және жастардың міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай, оларды қазіргі заманға лайықтап, жаңа үлгіде жасап шығару біздің парызымыз және қолөнеріміздің шарықтауына қосқан үлесіміз деп білейік.
1. Ұлттық киімдер мен
бұйымдар тігетін адам 2. Қазақ қыздарының бас
киімі 3. Суретті тықыр кілем
4. Батырдың бас киімі
5. Жүннен жасалған бұйым
6. Аң терісінен жасалған
ерлер киімі 7. Мата қалдықтарынан
құрастырылып тігілген бұйым 8. Теріден жасалған сусын
құятын ыдыс 9. Төсеніш бұйым 10. Ұста құралы 11. Тоқылып жасалған зат
салғыш бұйым 12. Әшекей бұйымдар
жасайтын адам 13. Ағаштан ойып әртүрлі
бұйымдар жасайтын адам
Тақырыбы: Сәндік-қолданбалы өнер Мақсаты: 1)Білімділік: Сәндік-қолданбалы өнер түрлері, қазақ халқының қолөнері мен шеберлері, қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері туралы білім беру. 2)Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын, әсем, көркем өнер туындыларына қызығушылығын дамыту. 3)Тәрбиелік: Өз халқының өнерін білуге, ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Оқушы құзыреттілігі: 1) Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі: Өнер түрлері, даму тарихы, ерекшеліктері туралы мәліметтерді анықтау.
2) Ақпараттық құзыреттілік: Оқулықтан, қосымша әдебиет кітаптарынан, интербелсенді тақтада көрсетілетін слайд-презентациядан ақпарат алу. 3) Коммуникативтік құзыреттілік: Жүппен, топпен жұмыс жасау қарым-қатынасы.
Сабақтың түрі: Теориялық жаңа тақырып.
Әдіс-тәсілі: Сөз әдісі (сұрақ-жауап); оқулықпен жұмыс; көрнекілік (қосымша материалдар, слайд-презентация көрсетілімі); логикалық (байқау, зерттеу, іздестіру, анықтау ). СТО стратегиялары.
Құрал-жабдықтар: оқулық, қосымша әдебиеттер, альбом, дәптер, сурет салу құралдары, сабақ жобасы жазылған парақтар.
Оқушыларды қарсы алу, журналға белгілеу. Сабақ жобасын тарату.
Оқушыларға берілетін сабақ жобасы:
1. Екі топқа бөлініп отырыңдар.
2. Тақтада жазылған «ӨНЕР» сөзіне ассоциация құрыңдар.
3. Бірінші топ оқулықтан 67-76 бетті оқып сәндік-қолданбалы өнер түрлері және ұлттық ою-өрнек түрлері туралы; екінші топ 77-83 бетті оқып қазақ халық қолөнері мен шеберлері, киіз үй мен қазақтың ұлттық киім ерекшелігі туралы мәліметтерді зерттеп анықтайды.
4. Қосымша кітаптарды зерттеп өзіңе тақырыпқа байланысты мәлімет ал.
5. Топ мүшелері 1,2-ге саналып эксперттер тобына бөлініп, әр эксперт тобындағы мүшелер өз тақырыбын түсіндіреді.
6. Эксперттер үй тобына қайтып келіп қарсы топтан алған білімдерін ортаға салады және қарсы топқа өз тобының тақырыбы бойынша сұрақтар дайындайды.
7. Слай-презентацияда берілген көрсетілімді қара.
8. Әр топ спикері жалпы топ алдында қорытындысын айтып топ жұмысын қорғайды.
9. Қарсы топ сұрақтарына жауап бер.
10. Бір-біріңді бағала.
11. Үй тапсырмасын ал: оқулықтан 67-83 бетті қайталап оқу, сәндік-қолданбалы өнерінің бір түріне эскиз салу.
Оқушыларды бағалау: Журналға және күнделіктеріне баға қою.