kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: ?рнектерді? т?стері мен бояулары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Білімділігі:Ою-?рнектерді? т?рлерін ьілуге,тану?а ?йрете отырып,ою- ?рнектер ж?не оларды? т?стері туралы ал?ан білімдерін толы?тыру,ке?ейту. О?ушылар?а т?стер жайлы т?сінік беру.Т?стерді? бір-бірімен ?йлесімділігін білуге ?йрету. Дамытушылы?ы: Ою-?рнектерді? сырын т?сіне отырып,ізденуге,танымдылы? ?абілеттеріні? артуына ы?пал ету.С?йлеу м?дениетін ?алыптастыра отырып,эстетикалы? т?рбие беру. Т?рбиелігі: Хал?ымызды? асыл м?раларын,салт-д?ст?рін ??рметтей білуге,с?юге т?рбиелеу.Ма?ал-м?телдер ар?ылы жа?сылы??а,ізгілікке ?мтылдыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: ?рнектерді? т?стері мен бояулары. »

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ

Бірінші санатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Насемов Нурлан Тулегенович

Сабақтың тақырыбы: Өрнектердің түстері мен бояулары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Ою-өрнектердің түрлерін ьілуге,тануға үйрете отырып,ою- өрнектер және олардың түстері туралы алған білімдерін толықтыру,кеңейту.

Оқушыларға түстер жайлы түсінік беру.Түстердің бір-бірімен үйлесімділігін білуге үйрету.

Дамытушылығы: Ою-өрнектердің сырын түсіне отырып,ізденуге,танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып,эстетикалық тәрбие беру.

Тәрбиелігі: Халқымыздың асыл мұраларын,салт-дәстүрін құрметтей білуге,сүюге тәрбиелеу.Мақал-мәтелдер арқылы жақсылыққа,ізгілікке ұмтылдыру.

Сабақтың тиімділігі:

1.Бір-бірінің пікірін құрметтей білуге үйренеді.

2.Ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады.

3.Пәнге қызығушылығын қалыптастырады.

4.Алған білімдерін өмірге пайдалана білуге үйренеді.

5.Ұлттық ерекшеліктерімізді түсінеді.

Сабақтың түрі: Ертегіге саяхат.

Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.

Сабақтың әдісі: Ой шақыру?

Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнектер түрлері,буклеттер,суреттер,спектр шеңбері,мольберт.

Пән аралық байланыс: Әдебиет,тарих,технология,валеология,сызу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Психологиялық дайындық. Үй жұмысы: Мүсін өнері. (тест өткізу)

3.Жаңа тақырыпты мазмұндау."Ертегілер еліне саяхат".

4.Ою-өрнектердің түстермен байланыстылығы.

5.Ойын"Тапқырлар".

6.Бағалау.

7.Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Психологиялық дайындық.




Оқушылар,үстелдің үстінде геометриялық фигуралар жатыр.Өздеріңізге ұнаған түсті алыңыздар.(Топқа бөлу).

Түс-түстер топқа бөлініп тұра қойыңдар.

Неге бұл түсті таңдадыңдар? (оқушылардың жауаптары).

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Өткен күн таң-тамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр,ертегі ой.

Ертегі айтса балалар еліктіріп,

Қияға қызықтырып ертеді ғой.

Ертегіде халықтың мұң-зары бар,

Орман,тау,өрмелейтін құздары бар.

Жамандықпен алысып,жауын жеңген,

Халқымыздың ұлдары мен қыздары бар.

Жауларымен алысып,жекелеген,

Батыр ма ел намысын өтемеген.

Ертегімен халқымыз ертеңіне,

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

Кел онда ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген елтейік біз.

"Ертегі еліне"бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

3.Жаңа сабақ: "Ертегілер еліне-саяхат"

Балалар,бүгінгі біздің"Ертегілер еліне-саяхат" сабағына "Балғын бала"қонаққа келіпті. Ол сендердің ертегіні қалай білетіндеріңді және өнерлеріңді, білімдеріңді тамашалауға келіпті.

Өзімен бірге ол "Сиқырлы тақта және мольберт" ала келіпті.Оның ішінде сендерге қоятын бірнеше сауалдары бар.Онымен сабақ барысында таныс боласыңдар.

Бүгін біз сендермен ою-өрнек әлеміне жол тартамыз.

"Халқымның қол өнері аса көркем,

Таң қалмай қарап қалмас оны көрген".

Қазақтың қолөнері де өзінің даналығы.Қазақ қолөнері көркемдік мән-мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.

Бабалардан қалған қандай өнер, қандай қазына бар?

Оның бірі ою-өрнек. Оларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.

Ою-өрнек қайдан шыққан? Ою-бір нәрсенің пішінін ойып алу.

Қазақ халқы-жері, от, суы мен жайылым қуып, кең Сахарада жүріп жер-суының қадір қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол бойыптаған. Мысалы: әр халықтың ұлттық киімдерінің оюына қарап,оның ұлтын тануға болады.

Тақта арқылы: ою түрлері және атауларымен таныстыру.

Осы ұлттың, ою-өрнектің шығу тарихына байланысты, мынандай аңыз әңгіме қалыптасқан екен.

Электрондық оқулықтан қазақ күйлері (№1 Саялы өзен)

Кезекті ертегішіге берелік, сендерге балалар, назар аударып тыңдауларыңыз сұралады! (жайғана музыка жіберіліп, ертегі оқылады).

Ертеде бір әділ хан өмір сүрген екен. Ханның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте-тоқыма,бәдіз,тігін өнерлерін меңгергені сонша, үйлерінің іші-сырты,киім-жихаздары, құрал-саймандары барлығыда оюланған, әрі көрікті өрнектелген екен.

Халқы бір-бірімен ою тілінде сөйлесе алатын болыпты.Сол себептен бұл ел басқарушысы-Ою хан аталып кетіпті.

Күндердің бір күнінде,бөтен елдің ханы соғыс ашып, ою ханды орнынан алып,билікті өзі басқарады.

Ол ескі салт ,көне дәстүр, байырғы әдетпен, әдеп,ежелгі өнер белгілерінің бәрін жойып жаңаша құрмақ болыпты, бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңасы ұзаққа бармай ұмыт болыпты.

Уа, хан кеш! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз,-деп жөнін айтқанда, айтпақ болғанның да көзін жоя беріпті.

Ою ханды зынданға тастайды.

Күндердің-күнінде, Жою ханның жалғыз ұлы жолға шығады.Жолындағы аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына келгенін істеп келе жатқанында, алдынан қарсы шыққан бір үкі мұның бетіне шапшиды.Ешнәрсе көре алмай, тентіреп келе жатып, жар басынан құлап,көлге батып көз жұмады.Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді.

"Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса,соның басын аламын",-деп жарлық берген соң, ешкімнің батылы бармайды.

Мұны естіген Ою хан іздеуге өзі баратынын хабарлайды.

Ою хан жолға керектінің бәрін алып шығады.Ою хан ұзақта-қиын жол кешіп, алдына зардап шеккен жан-жануарларды кездестіріп көмегін тигізіп, ең соңында қанаты сынған үкіні кездестіріп емдейді.

Жою ханның баласын көрдің бе?-деп сұрайды.

Қатыгез хан баласы, жолында кездескеннің бәрін жойыпты.

Міне, осы көріністің бәрін, Ою хан кілемге оюлап салып, Жою ханның алдына жайыпты.Кілемдегі оюлардан Жою хан баласының жолын көріпті...

-Ал енді балалар, Жою ханның кілемнен оқығанын,өрнектеп сендер бейнелеп көріңдерші! Осы кілемге, Ою хан қандай бейнелер, оюлар салған екен?

1. Балам биік-биік тауларды асып...

2. Қалың жыныс орманды аралап...

3. Күндіз де,түнде де...

Талай жүрген екен...

4. Жүрген жолында,ол ұшқан құстармен...

5. Беттесіпті...бұғымен

6. Алдынан қодас жолығыпты...

(сүтқоректі жабайы аң)

7. Тау тағысы,Арқар да кездесіпті...

8. Қарсы келгенге ұқсайды...

Сорлы балам жолбарыспен де арпалысыпты

9. Балыққа да шыққан көрінеді...

10. Жорғалаған тышқандар да ұшырасыпты...

11. Айдын көлге де түсіпті...

12. Қайран ұлым,алып күштің иесі...

Балалар! бұл жерде кімнің суретін саламыз?

"Кім екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпедің? Тоқта! мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді-жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?

О, жаратқан, ұлымның өлгені ме, өлтірем!"-деп Ою ханға төнеді.

Сонда Ою хан:"Дат,тақсыр балаңның өлімін өзіңнен естідік, алынса сенің басың алыну керек",-дейді.Ою ханды ел-жұрты ақ киізге көтеріп, ұлан-асыр той жасайды.

Осы ертегі арқылы баланың қайғылы өлімін емес, қазақтың ұлттық қасиетін-өнерді қадірлеу, құрметтеуін көреміз.

Мұғалім:

Электрондық оқулықтан қазақ күйлері (№ 34.Ой толғау)

Енді, балалар,ою-өрнектерді есімізге мәңгі сақтау үшін, түстер арқылы әсемдейік (оқушылар өз жұмыстарына түс келтіре отырып, бояйды).

Қазыр жылдың қай мезгілі? (көктем).

Көктемде дала қандай түске енеді? (жасыл) тағы? (қызыл,сары).

Енді балалар,маған негізгі түстерді атапберіңіздерші?

Е.Гүлназ оқиды:

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгүрсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қанама?

Ал енді кезекті "Балғын балаға" берелік (Балғын бала балалармен амандасып, 1, 2, 3, сыныптағы оқулықтарды көрсете отырып, балалардың есіне, Балғын баланың суретін көрсетеді, естеріне түсіреді).

1. Сиқырлы тақтадағы оюларды көрсете отырып, түрлерге бөліп атауларын атап айтады. (интерактивті тақтамен жұмыс)

2. Қазақстанда қайсы бір түстің символдық мәні бар: (мольбертпен жұмыс)

Көк түс-аспанның символы, сары түс-оттың,күн көзінің,қайғы мұңның символы, қара-жер символы, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда, оған белгілі мән беріледі.

3. Ойын"Тапқырлар"

Ойын "Тапқырлар" деп аталады. Ойынның шарты: Сіздердің алдарыңызға ою-өрнектердің композициясы - ою, жұмбақ, мақал-мәтелдер тапсырма ретінде беріліп жазылған.

Ойыншылардың мақсаты: композицияның ішінде әр-бір жануар,немесе кейіпкерлерге өздерінің түстерін тауып, берілген тапсырманы орындап, төмендегі берілген бөлшектерді (торларды) үйлесімді түстерімен белгілеп бояу.

Қорытынды: өтілген сабақтар бойынша сұрақтар қойылады.

1.Ою түлерін ата? (геометриялық,ғарыштық,өсімдік және жануар тектес).

2."Композиция" сөзі қандай ұғымды білдіреді? (көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі "композиция" деп аталады).

3.Ертегідегі басты кейіпкер кім? (ою хан).Ол немен айналысыпты? (ою-өрнектермен).

4.Осы ертегі арқылы біз не білдік? Қазақтың ұлттық қасиетін-өнерді қадірлеу, құрметтеуін көреміз

Бағалау: Балғын баланы, ертегішіні, оқушылардың жұмыстарын бағалап мадақтау.

Үйге тапсырма: үй тапсырмасына, өздеріңіздің сүйікті ертегіңізді, ою-өрнек арқылы бейнелеп келіңіздер









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: ?рнектерді? т?стері мен бояулары.

Автор: Насемов Нурлан Тулегенович

Дата: 01.01.2015

Номер свидетельства: 149292


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства