2. Студенттерді сабаққа қатысуын тізім бойынша тексеру.
3. Студенттерді сабаққа дайындығын, құрал жабдықтарын тексеру.
ІІ. Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімін тексеру:
1кезең « Жұзден жүйрік мыңнан тұлпар» тапқырлар сайысы
Студенттерді екі топқа бөліп
Тексеру әдісі: Сұрақ жауап.
Сұрақтар:
«Алғырлар» тобының сұрақтары
Аксонометрия сөзінің мағынасы
Сызба сызықтарының түрлерін атаңыз
Үлкейту масштабтарын атаңыз
Әлемнің 7 кереметінің ішіндегі геометриялық дене
Сызбада көрінбейтін сызықтар қандай сызықтармен сызылады
«Тапқырлар» тобының сұрақтары
А 4 Пішімінің өлшемі кандай
Өлшем және шығарма сызықтарын сызғанда қандай сызық қолданылады
Кішірейту масштабтарын атаңыз
«Циркуль» сөзінің мағынасы
Пішімнің қанша түрі бар
2кезең «Үй тапсырмасы» Берілген уй тапсырмасын тексеру
3кезең
«Адасқан әріптер». Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы сызу құралдарының аттары мен сызу негіздері пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 3 минут) Топтарға 5 сұрақтан берілген.
«Алғырлар» тобының сұрақтары
1 роятимеонаск- аксонаметрия
2 бмаасшт- масштаб
3 шызғсы-сызғыш
4 цькурил- циркуль
5 рйесанши-рейсшина
«Тапқырлар» тобының сұрақтары
1 мақал-қалам
2 шберңе-шеңбер
3 сеудтүійн-түйіндесу
4 іпшмі-пішім
5 япрцкеои-проекция
Сайысымыздың ІV кезеңі «Кім жылдам». Бұл турда оқушылар берілген сызбаны 10 минуттың ішінде болуы тиіс бірінші аяқтаған командаға жоғары 10 ұпай беріледі:
Сабақтың барысы:
Жоғарыда айтып өткендей,ажырамайтын біріктірулерді бөлшектеу осы біріктіруге кіретін тетікбөлшектерді бүлдірмей ажыратуға болмайды.Ажырамайтын біріктірулерге дәнекерлеу,пісіру, желімдеу,тігу және темір қапсырма арқылы алынған біріктірулер жатады
Пісірмелі біріктірулер техникада,әсіресе машина құрастыру және құрылыс саласында кеңінен тараған. Пісіру әдісімен тетікбөлшектері,көпірлеодің металл құрылымдары және т.б
Балқытып пісіру әдісінің ерекшелікгі –бұйымдардың біріктірілетін орындары қыздырылып ,балқытылады,балқыған металл қатайған соң бұйымның бөліктері бір-бірімен бірігіп, пісіру жапсары пайда болады
Дәнекерлеу және желімдеу арқылы біріктірулердің түрлері МЕСТ-қа сәйкес белгіленіп кескінделеді. Дәнекерлеу және желімдеу арқылы біріктірулер элементтерінің бірігу орындары қалындығы 2S тутас сызықпен сызылады, мұндағы қолданылатын шартты белгі шығарма сызығына жазылып қойылады.
Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықты пайдаланатын тіліктерде анықталмайтын тетікбөлшектер жиі кезедеседі. Мұндай жағдайларда бірнеше қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қолданылады.Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Күрделі тілікте қиюшы жазықтықтың саны екеуден кем болмайды. Осы қиюшы жазықтықтардың
өзара орналасуларына қарай, күрделі тілік сатылы тілік және сынық тілік болып екіге бөлінеді. Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады. Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына қарағандағы орындарына байланысты горизонталь, фронталь және профиль сатылы тіліктер болуы мүмкін. Тілік алу үшін берілген тетікбөлшекті ойша екі фронталь жазықтықпен қию керек. Бұл екі параллель жазақтықтың біреуі цилиндр тәрізді тесіктің осі арқылы өтеді, ал екіншісі осьтері ортақ цилиндр тәрізді ойық пен тесіктің осі арқылы өтіп, бірінші жазықтыққа параллель орналасқан. Қиюшы жазықтықтардың орны, қарапайым тіліктегідей үзік сызық және оған тірелген нұсқамалардың көмегімен көрсетіледі. Нұсқамалардың бағыты тілікке қарау бағытын көрсетеді. Қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өтетін жерлерге бұрылу белгілері қойылады. Бұрылу белгілері тік бұрыш жасап орналасқан, жуандығы үзік сызықтың жуандығындай сынық сызық түрінде орындалады. Тілікте қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өткенде пайда болатын қырлары көрсетілмейді; күрделі тілік қарапайым тілік сияқты орындалады. Сынық тілікте қиюшы жазықтықтар өзара доғал бұрыш жасап қиылысады. Осындай қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сәйкес көріністің орнына салынады.
Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар) Жаңа өтілген тақырып бойынша студентпен сұрақ жауап жүргізу.
V кезең. «Ойлан тап!» сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1 Ажырамайтын деп қандай біріктірулер аталады
2 Ажырамайтын біріктірулердің түрлерін атаңдар
3 Дәнекерлеу және желімдеу арқылы біріктірілетін орынды сызбада қандай сызықтармен белгілейді
4 Дәнекерлеу және желімдеу арқылы біріктірілерді сызбада сызбада қандай шартты белгілермен белгілейді
VІ кезең. «Бейне сұрақ» экранға назар аударайық, Сызбадағы жетіспейтін сызықтарды толықтыру дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
VІІ кезең. Деңгейлі тест сұрактары
Осымен « Жұзден жүйрік мыңнан тұлпар»атты сайысын « Өнер- ағып жатқан бұлақ,ілім –жанып турған шырақ.» Іліммен білімнің арқасында өміріңізді жарытып білім алудан шаршамаңыздар деген керемет сөзді есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз.
Қорытындылау (білім бағалау).
Студенттердің орындаған тәжирібелік жұмыстарын бағалау.
Барлық ұпайлар қосындысы
Баға
100-89% немесе 10-12 ұпай
«5»
88-75% немесе 7-9 ұпай
«4»
74-61% немесе 4-6 ұпай
«3»
61% және одан төмен немесе 3-0 ұпай
«2»
Ұпайлар санын бағаға айналдыру
100-89
жеке журнал
Ұпайлар
Аты жөні
1-ші деңгей
5 ұпай
2-ші деңгей
4 ұпай
3-ші дең-гей
3 ұп.
Сыныпта жиған ұпайы
Үй жұмы-сының ұпайы
Барлық ұпайы
Бағасы
1
2
3
4
5
1
2
3
4
1
2
VІІ. Үй тапсырмасы:
Теориялық материалды қайталау және тәжірибелік тапсырманы орындау 104 бет 119 сурет .