Саба?ты? ма?саты:
а) Білімділік: Бейнелеу ?неріні? т?рлеріні? бірі кескіндемені салу жолдарын т?сіндіру кескіндемедегі т?с, бояуларды ?олдану техникалары жайлы ма?л?мат беру.
?) Дамытушылы?: Жеке т?л?аны дамыту, талдау, салыстыра білу, айыра білу, бейнелеу жолын т?сіну ?абілеттерін дамыту. б) Т?рбиелілік: С?лулы? т?рбиесі, таби?ат пен ?нердегі с?лулы?ты т?сіне білу.
Саба?ты? ?дісі: Т?рлі плакаттармен т?сіндіріп, с?ра? – жауап, баяндау, шы?армашылы? ж?мыс, ?лестірмелер. Саба? т?рі: Аралас саба?. Саба?ты? к?рнекілігі: суретшілер шы?армалары, фотосуреттер, дидактикалы? материал, т. б.
Саба?ты? ?ту барысы:
1. ?йымдастыру кезе?і.
- с?лемдесу
- т?гендеу.
- о?ушыларды? саба??а ?ызы?ушылы?ын арттыру.
- о?ушыларды топ?а б?лу.
- ж?мыс орнын дайындау. ІІ. ?й тапсырмасын тексеру.
Кескіндеме жанрларын ата? Кескіндеме жанрларына жеке – жеке то?талып ?ту Фон дегеніміз не?
Ша?ылысу дегеніміз не?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Кескіндеме жасау техникалары»
Ш. Байбатшаев атындағы орта мектеп КММ
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Адилшаева Кулжан Алимбековна
Бейнелеу өнері пәні 5- сынып Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме жасау техникалары
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндемені салу жолдарын түсіндіру кескіндемедегі түс, бояуларды қолдану техникалары жайлы мағлұмат беру.
Ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу, айыра білу, бейнелеу жолын түсіну қабілеттерін дамыту. б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сабақтың әдісі: Түрлі плакаттармен түсіндіріп, сұрақ – жауап, баяндау, шығармашылық жұмыс, үлестірмелер. Сабақ түрі: Аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суретшілер шығармалары , фотосуреттер, дидактикалық материал, т. б.
Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. - сәлемдесу - түгендеу. - оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру. - оқушыларды топқа бөлу. - жұмыс орнын дайындау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Кескіндеме жанрларын ата? Кескіндеме жанрларына жеке – жеке тоқталып өту Фон дегеніміз не?
Шағылысу дегеніміз не?
Ш Мақсат қою кезеңі
Балалар бүгін біз кескіндеме өнерінің техникасымен танысамыз
Сендер бастауыш сыныптан бояу түрлерімен таныссыңдарТүстер негізгі және қосымша түс болып екіге бөлінеді Қосымша түстер қалай алынады?Бояулармен қалай жұмыс істеу керек ?
IV Жаңа тақырыпты түсіндіру Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады. Бейнелеу өнеріңде түрлі – түсті бояумен, акварель - мен, майлы бояумен салуды кескіндеме дейтінін бәріңде білесіңдер. Кескіндемені бейнелеудегі негізгі мақсат ,кеңістіктегі әсем де сұлу табиғатты және күнделікті заттарды көзбен көріп, көңіл - мен қабылдаған заттарды суретке салу. Кескіндеме қағазға , картонға , тақтайға , кенепке орындалады. Кескіндемені қылқаламмен және бояқтармен орындайды. Түс сурет салғанда, гравюра жасағанда кеңінен қолданылады. Суреттегі түс сурет салатын материалдармен орындалады: бистро, сия, тушь, сангина, бор, сонымен қатар олардың бір - бірімен үйлесуі және қара фонның қатысуымен шешіледі. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда ақ түсті бояу мүлде пайдаланылмайды. Ақ бояуды өзіне жағылған бояудың арасында ағарып көрінетін ақ қағаз түсі ауыстырады. Ал қажетті түстік өңді бояуларды алдын ала палитра бетінде араластыру арқылы да, алуға болады. Мейлінше ақшыл көрінетін әсер туғызу үшін, мысалы, ең жарық нүктелерде қағаздың тиісті жері мүлде боялмайды немесе аздап қана боялады. Мұндайда шығарманың колориттік шешімін табуға көмектесетін бояу ретінде ақ қағаздың өзі пайдаланылады. Майлы бояумен суреттерге түс берудің ерекшелігі – жартылай дымқыл, жартылай кепкен бояу үстіне жаңа бояу жағу арқылы жұмысты одан ары жалғастыра беруге болады, яғни кенеп бетіне жағылған бояуларды жаңа түскен күйінде дымқыл кезінде өзгертуге немесе суретті бірнеше күнге қалдырып, оны кептіріп алып, қатайған бояу қабатының үстімен жалғастыруға болады. Алғашқы боямалау бір түсті бояумен, мысалы, охрамен жасалынады. Суретті бояламағанда сұйылту үшін майдың, лак пен скипидардың қоспасы алынады. Олардың арақатынасы тәжірибеге қарай белгіленеді. Жалпы ақ түсті бояуды есептемегенде, үш бояудан артық араластырмаған жөн. Барлық кезде жарықтануы бойынша көлеңкені көлеңкелермен, жартылай өңді жартылай өңдермен, ашық өңді ашық өңдермен салыстырып отырған абзал. Боямалар кепкен кезде, оны тағы да маймен сүртеді де, суретті бірден жазуға болады.: Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. «Табиғат пен адам – егіз ұғым» деп ұлы суретші Леонардо да Винчи айтқан екен.. Адам табиғат сұлулығынан, әсемдігінен, әдемілігінен бойына қуат алады. Сол сияқты табиғат сұлулығын ақындар өлеңмен, жазушылар әдеби тілмен, суретшілер қыл қаламмен көрсеткен. Табиғат көрінісін салмас бұрын, табиғат аясында серуендей жүріп, бәрін байқап, көргендеріңді еске сақтап, сол арқылы сурет салуды үйрену керек. Табиғат көрінісін кей суретшілер қас – қағым сәтте –ақ, лезде бейне - деп салады. Бұны «Этюд» деп атайды. (суреттерді көрсету). - Балалар, алдымен мына бір өлең шумағына назар салайықшы. Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған, Сен күнсің көтерілген күліп қырдан. Сен – көлсің, Сен – армансың, Сен – бұлбұлсың, Адамға сұлулықты шын ұқтырған – дегендей табиғаттың сұлулығы, оның сыры керемет емес пе? - Қане балалар Ұлы ақынымыз Абай атамыздың төрт мезгілге арнап жазған өлеңдерінен « Күз» өлеңін еске түсіріп жатқа оқып, елестету арқылы бейнелейік Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай… алдыңа күздің күнінің құбылмалы тұрақсыз күндері адам мінезіне ұқсап кетеді. «Күздің әр күні қымбат» деп адамдар ,шаруалар егін ,терінді тез бітіруге тырысады. Күзде барлық ағаш жапырағынан айырылады, жолында сарғайған жапырақтар. Аспан біресе сұрланады, біресе жаңбыр жауады, біресе тұмандайды. Күзгі табиғат көрінісін салудан бұрын оның жекелеген бөлшектерін салып аламыз . V Сергіту сәті
VI Сабақты бекіту: Кескіндеме – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Сабақ мазмұнына байланысты, оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. - Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің? - Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар? - Сендер қандай суретшілерді білесіңдер? - Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Бүгін менің білгенім..... Мен енді жасай аламын.... Менің түсінбегенім... VII Үйге тапсырма беру: Кескіндеме өнерінің жанрларының біріне шығарма орында.
VIII Бағалау Оқушылардың жұмыстарына талдау жасатып, сабақтағы белсенділігіне байланысты бағалаймыз.
Ш. Байбатшаев атындағы орта мектеп КММ
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Адилшаева Кулжан Алимбекқызы
Бейнелеу өнері пәні 5- сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам кейпін бейнелеудің әдіс- тәсілдері
«Портрет» жанры
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Портрет түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру; Дамытушылық: адамның бет әлпетін салу шеберлігін дамыту
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым – қатынастың қалыптасуына ықпал ету.
Жүйелік -іс әрекеттік :зейінділік пен байқағыштықты , графикалық дағдылар мен шеберліктерді қолдану Сабаққа қажет материалдар: Мұғалім үшін: көрнекілік материал – адамдардың фотосуреттері және портрет түрлерінің көшірмелері; «Портрет салу» кестесі, слайдтар. Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, жай қарындаштар, өшіргіш, гуашь және акварель бояулары,
Пәнаралық байланыстар : әдебиеттік оқу , сызу
Түрі: қайталау сабақ Әдіс тәсілі: әңгімелесу, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс. I. Ұйымдастыру бөлімі: - Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, құрал жабдықтарын тексеру, оқушыларды екі топқа бөлу. 1 - топ: «Графика» тобы 2 - топ: «Кескіндеме» тобы Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Анамның жүзінен Ешкінің мүйізінен - үйрендім деп Ә. Қастеев атамыз айтқандай, бүгінгі бейнелеу өнері сабағымызды бастаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын тексерейік. II Үй тапсырмасы а/ Сұрақ -жауап ә/ Оқушылар жұмыстарын тексеру б/ Үздік жұмыстарды атап көрсетіп, көрмеге алу Сұрақ: 1/ Бастың негізгі мүшелерін ата ? 2/ көз алмасының жалпы формасын айт? 3/ Құлақ қандай қызмет атқарады? 4/ Адамға мұрын не үшін қажет ? 5/ Ауызды қандай фигураларға ұқсатып бейнелеуге болады? -Сонымен балалар, біз өткен сабақта бастың негізгі мүшелерімен таныстық бастың негізгі мүшелерінің суретін салу жолдары сіздерге түсінікті болды ма? Сендер 1-сыныптан білесіңдер адамның бет бейнесін кескін келбетін бейнелейтін жанр ол « Портрет» жанры III. Жаңа сабақ Сабақтың басында сыныпта түрлі суретші фотосуреттері мен портреттерінің көшірмелерінен көрме ұйымдастыру. Балалар сурет көшірмелерін мұқият қарап шығайық. Бұл портреттерде бейнеленген адамдардың мінез - құлықтарына анықтап қарасақ, әр түрлі екенін көреміз. Портрет – адамның бейнесі Автопортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі Портреттер кескін көлеміне қарай бас( иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді. Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді. Мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні. Тарихи - шынайы тарихи тұлғалардың бейнесі. Жанрлық портрет - портретте бейнеленушіні белгілі бір образда (мысалы актрисаның портреті, шахтердің портреті, дәрігердің портреті т. б.) беру. Оқушыларға кестенің көмегімен портретті салу ретін түсіндіру. 1/ Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен(симметрия осімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілуі үшін қарындашпен жай басып, жіңішке сызық етіп сызу арқылы салынады. 2/ Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңнен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ төменгі жағына ауыз бен иек түседі. 3/ Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілуі керек. 4/ Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз. 5/ Портрет бояуын түсіреміз. IV. Жаңа сабақты бекіту Сөзжұмбақ « Портрет»
V Сергіту сәті қимыл –қозғалыстар жасау
Сабақты қорыту шағын көрме ұйымдастыру
- Балалар анағұрлым дұрыс салынған суреттерді іріктей отырып, сыныптастарының жұмысын бағалайды. .