Просмотр содержимого документа
«С?ндік ?олданбалы ?нер т?рлері »
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Оқушыларды сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру. Қазақ халқының мәдениетін, өзіне тән әдет – ғұрпын меңгерту. Сәндік қолданбалы өнер түрлерін салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау, түсті ажырата білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық – Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту. Сәндік қолданбалы өнер түрлері туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту. Есте сақтау, көрегендік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Эстетикалық тәрбие беру, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, халықтың өнерін, салт – дәстүрін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
ІІІ - топ. Монументті - сәндік және шағын пішінді мүсіндеу
ІV - топ. Қазақстанның ежелгі мүсін өнері
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Әрбір зат тек әшекей ретінде ғана қолданылмайды. Сондай – ақ шебер өзінің дүниетанымын, өмірдегі құбылыстар туралы көзқарасын білдіріп, эстетикалық талғамы мен шеберлігін көрсете алады.
Керамика
(терракота, майолика, фаянс, фарфор)
Шыны
(ыдыстар, құмыра, мозаикалар)
Көркем оймыш
(ағаш,тас,сүйек,пластмасса)
Сәндік қолданбалы өнер түрлері
Ойыншықтар
Металдан жасалған көркемдік бұйымдар
(зергерлік бұйымдар, жиhаздар)
Тоқыма материалдары
(сәндік маталар, кілемдер)
Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады.Олар: ағаш, сүйек, тас, шыны, табиғи немесе жасанды заттар (пластмассалар, гипс, жүн, мақта, балшық). Кейбір материалдар өңдеуді талап етеді. Мысалы: алтынмен, күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу және т.б. жұмыстар.
Қыш – құмыра қолөнері
Оймыш
Тоқымашылық
Материалдарды өңдеудің тәсілдері
Аппликация
Нақыштама
Әшекейлеу
Шекімелеу
Шыңдау
ІV. Практикалық жұмыс.
Сәндік қолданбалы өнер түрлерінің суреттерін салу
V. Жаңа сабақты бекіту.
1.Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не ?
2. Сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлері бар ?
3. Керамиканың қандай түрлері бар?
4.Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін қандай материалдарды қолданамыз?
5. Қандай материалдар өңдеуді талап етеді ?
6. Материалдарды өңдеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
VІ. Үйге тапсырма беру
Сәндік қолданбалы өнер түрлері ( 67 бет ) оқып келу
Сәндік қолданбалы өнер түрлерінің суреттерін салу,аяқтау
VІІ. Қорытынды, бағалау.
№ 21 орта мектеп
Тақырыбы: « Сәндік қолданбалы өнер түрлері »
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі: Сағындықова А . О