kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?ндік ?олданбалы ?нер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:                 С?ндік ?олданбалы ?нер

Саба?ты? ма?саты:                     ?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?нері туралы 

                                                      ма?л?мат  беру. Санды?ты?  ??рылысымен 

                                                      таныстыру. Санды?ты  бейнелеуге ?йрету.

                                                      Баланы? т?с ж?не композицияны сезіну

                                                      ?абілетін, іскерлігін, к?ркемдік тал?амын дамыту,

                                                      шы?армашылы??а баулу. ?демілікке, с?лулы??а,

                                                      а?ашты ?ор?ау?а т?рбиелеу.

 

Саба?ты? ?дісі:                           С?ра?-жауап, ойын, топтастыру, к?рсету, дамыту.

 

Саба?ты? т?рі:                            Ертегі саба?

Саба?ты? к?рнекілігі:                Б?ктемелер,  т?рлі   суреттер, санды?  макеті, 

                                                     плакатта?ы схемалар

Саба?ты? барысы:                  І. ?йымдастыру:

                                                    О?ушылар?а о?у ??ралдарын алдырып, назарларын саба??а аудару. О?ушылардан интервью алу. (микрофон ?сынылады)

  • ?азір ?ай мезгіл?
  • Ауа-райы ?андай?
  • Мектепке не ?шін келеміз?
  • ?азір ?ай саба??
  • Б?гінгі саба??а ?андай дайынды?пен келді??
  • Сені? к??іл-к?йі? ?андай?

Жарайсы?дар, балалар! Ендеше ?азір біз ертегі ?леміне саяхат?а шы?амыз. Бая?ы ?ткен заманда Айс?лу деген ?ыз болыпты. Сло Айс?лу ?ыз орман?а са?ырау??ла? теруге бар?анда к?рзе?кесін ?мытып кеткен екен. Айс?лу ?ыз к?рзе?кесін іздеп жолда келе жатса, алдынан ?оян кездеседі. Айс?лу ?ыз?а жол к?рсету ?шін б?ріміз ?оянны? тапсырмасын орындап, досымыз?а к?мектесейік.

  • М?сін деген не?
  • М?сінні? т?рлерін ата?
  • М?сіндеуді? т?рлері?
  • М?сін мен суретті? айырмашылы?ы неде?
  • Рельеф неше т?рге б?лінеді?
  • Барельеф, горельеф деген не?

Сонымен Айс?лу ?ыз жолда ж?гіріп келе жатса, алдынан кірпі шы?ады. Айс?лу ?ыз?а к?мектесіп кірпіні? тапсырмасын орындайы?. Ребус шешейік.

 

(Са?атты?  ,,,                        (Нанны?                                         (Орынды?ты?

суреті)                                  ,,   суреті )                                  ,,,, суреті)

 

             Сергіту с?ті

 

 

ІІІ. Жа?а саба?

      Балалар, б?гінгі жа?а та?ырыбымызда санды? саламыз. Ол ?шін алдымен с?ндік ?олданбалы ?нер туралы ма?л?мат алайы?.

     Халы? б?рын ?ылым мен білімге ?ол  жеткізбесе де, с?лулы? пен ?семдікті та?дай білген , тал?ай білген.  ?аза? хал?ыны? ?ол ?нері халы?  т?рмысымен бірге жасасып келе жат?ан. ?аза? хал?ы шеберлікті? сан саласын ас?ан ??ыптылы?пен к?кірегінде ?астерлей білген, ?ресі биік, ?ресі ке? ?нер атаулыны? ?ай саласын болсын, жер ж?зіндегі бас?а да халы?тар сия?ты, ?аза? хал?ы да ?зіні? к?не замандардан бері келе жат?ан тамаша тарихымен ж?не бір ?зіне ?ана т?н ?айталанбастай ерекшелігімен к?зге т?седі. Ал, ?андай да болсын ?нер ж?не талант иелерін ?мірге келтірген де сол халы?. Міне, сол халы? таланттарыны? ?олынан шы??ан ?ол?нер туындылары ?ай заманда болмасын ?з ма?ызын жо?алт?ан емес.

      ?ол?нермен айналысатын адамдарды т?рт топ?а б?луге болады. Оларды сызба ар?ылы т?сіндіремін.

?ол?нермен айналысатын адамдар

  • Ісмер -?лтты? киімдер тігеді;
  • Шебер-а?аштан ?р т?рлі б?йым жасайды;
  • Зергер- сыр?а, білезік, ал?а, ?шекейлі б?йым жасайды;
  • ?ста – ?ару-жара? , ер т?рман, сауыт-сайман жасайды;

К?рнекіліктермен ж?мыс. Б?ктемелер

?ол?нермен айналысатын адамдар ?здеріні? б?йымдарын ою-?рнек т?рлерін пайдаланылатынын айтып ?тіп, 4 т?ріне то?таламын.

 

Ою-?рнек т?рлері 

  • Жануарлар
  • Геометриялы?
  • ?сімдіктер
  • ?арышты?

  Е? к?п тара?ан а?аш ??деу ?нері. А?аш ??деу ?нерімен шеберлер айналысады. Шеберлерді т?рт топ?п б?ліп ?арастырамыз. Сызба салын?ан плакатпен таныстырамын.

1.Киіз ?й с?йегін жасайтын адам – ?йші

2 Кебеже, санды?   ж?кая?   жасайтын  адам  - Оймашы

3. ?айы?, шана, арба жасайтын адам – Балташы

4. Шыбы?тан сабат, ыдыс – ая? то?итын адам – То?ушы

Практикалы? іс-?рекет немесе Сараманды? ж?мыс. Міне, балалар б?гінгі салатын н?рсеміз – санды?.

Плакатта?ы санды?ты салу жолымен таныстырып, т?сіндіремін.

Сергіту с?ті:

Тербеледі а?аштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене а?аштар,

?п-?лкен боп ?седі.

     Балалар, бізді? Айс?лу ?ызды? к?рзе?кесіне ?олы жеткенше а? ?а?аз?а санды?ты бейнелетемін. Бала ж?мысын аралап, ба?ыт-ба?дар беремін. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?ндік ?олданбалы ?нер »

Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы

мағлұмат беру. Сандықтың құрылысымен

таныстыру. Сандықты бейнелеуге үйрету.

Баланың түс және композицияны сезіну

қабілетін, іскерлігін, көркемдік талғамын дамыту,

шығармашылыққа баулу. Әдемілікке, сұлулыққа,

ағашты қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, топтастыру, көрсету, дамыту.


Сабақтың түрі: Ертегі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Бүктемелер, түрлі суреттер, сандық макеті,

плакаттағы схемалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:

Оқушыларға оқу құралдарын алдырып, назарларын сабаққа аудару. Оқушылардан интервью алу. (микрофон ұсынылады)

  • Қазір қай мезгіл?

  • Ауа-райы қандай?

  • Мектепке не үшін келеміз?

  • Қазір қай сабақ?

  • Бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен келдің?

  • Сенің көңіл-күйің қандай?

Жарайсыңдар, балалар! Ендеше қазір біз ертегі әлеміне саяхатқа шығамыз. Баяғы өткен заманда Айсұлу деген қыз болыпты. Сло Айсұлу қыз орманға саңырауқұлақ теруге барғанда кәрзеңкесін ұмытып кеткен екен. Айсұлу қыз кәрзеңкесін іздеп жолда келе жатса, алдынан қоян кездеседі. Айсұлу қызға жол көрсету үшін бәріміз қоянның тапсырмасын орындап, досымызға көмектесейік.

  • Мүсін деген не?

  • Мүсіннің түрлерін ата?

  • Мүсіндеудің түрлері?

  • Мүсін мен суреттің айырмашылығы неде?

  • Рельеф неше түрге бөлінеді?

  • Барельеф, горельеф деген не?

Сонымен Айсұлу қыз жолда жүгіріп келе жатса, алдынан кірпі шығады. Айсұлу қызға көмектесіп кірпінің тапсырмасын орындайық. Ребус шешейік.


(Сағаттың ,,, (Нанның (Орындықтың

суреті) ,, суреті ) ,,,, суреті)



Сергіту сәті





ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымызда сандық саламыз. Ол үшін алдымен сәндік қолданбалы өнер туралы мағлұмат алайық.

Халық бұрын ғылым мен білімге қол жеткізбесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай білген , талғай білген. Қазақ халқының қол өнері халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан. Қазақ халқы шеберліктің сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей білген, өресі биік, өресі кең өнер атаулының қай саласын болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты, қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал, қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтірген де сол халық. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан қолөнер туындылары қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтқан емес.

Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Оларды сызба арқылы түсіндіремін.

Қолөнермен айналысатын адамдар

  • Ісмер -ұлттық киімдер тігеді;

  • Шебер-ағаштан әр түрлі бұйым жасайды;

  • Зергер- сырға, білезік, алқа, әшекейлі бұйым жасайды;

  • Ұста – қару-жарақ , ер тұрман, сауыт-сайман жасайды;

Көрнекіліктермен жұмыс. Бүктемелер

Қолөнермен айналысатын адамдар өздерінің бұйымдарын ою-өрнек түрлерін пайдаланылатынын айтып өтіп, 4 түріне тоқталамын.



Ою-өрнек түрлері

  • Жануарлар

  • Геометриялық

  • Өсімдіктер

  • Ғарыштық

Ең көп тараған ағаш өңдеу өнері. Ағаш өңдеу өнерімен шеберлер айналысады. Шеберлерді төрт топқп бөліп қарастырамыз. Сызба салынған плакатпен таныстырамын.

1.Киіз үй сүйегін жасайтын адам – Үйші

2 Кебеже, сандық жүкаяқ жасайтын адам - Оймашы

3. Қайық, шана, арба жасайтын адам – Балташы

4. Шыбықтан сабат, ыдыс – аяқ тоқитын адам – Тоқушы

Практикалық іс-әрекет немесе Сарамандық жұмыс. Міне, балалар бүгінгі салатын нәрсеміз – сандық.

Плакаттағы сандықты салу жолымен таныстырып, түсіндіремін.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Балалар, біздің Айсұлу қыздың кәрзеңкесіне қолы жеткенше ақ қағазға сандықты бейнелетемін. Бала жұмысын аралап, бағыт-бағдар беремін.

Балалар, біздің Айсұлу қызымыз кәрзеңкесін іздеп бел асып, ұзақ тағы бір































































































































«Дамыта оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру» тақырыбында –өткен мектепішілік семинар-кеңес есебі

Қазан айының 26-сы күні Әйтеке би атындағы орта мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Дамыта оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру» тақырыбында –өткен мектепішілік семинар-кеңес өткізілді.

Семинар мақсаты: Мектептегі пән мұғалімдеріне шығармашылық жұмыстарымызды таныстырып, білім-біліктілігімізді өзара қарым-қатынаста одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу.

Семинарға мектептегі 9 бірлестіктен 12 мұғалім және мектеп директорының орынбасарлары қатысты. Семинар – кеңесте 3 ашық сабақ, 3 сыныптан тыс жұмыс, 1 баяндама өтілді. Атап айтқанда;

2 «А» сынып мұғалімі А. Ибраева математика пәнінен «Жақшалы өрнектер» тақырыбында саяхат сабағында өткен сабақты пысықтау барысында перфокартамен жұмыс жүргізді. Ребус шешкізу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығарды, мысалдарды шығарта отырып, оқушылардың шығармашылығын дамытты.

Математика пәнінің мұғалімі Г. Мұстафаева 5-сыныппен «Есептер шығару» атты саяхат сабақ өтті. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы жақсы. Түрлі дамыту әдістері арқылы оқушыларды пәнге қызықтырды. Оқушылармен жеке жұмысты көптеп, тиімді жүргізді. Логикалық тапсырмалар беру арқылы танымдық қабілеттерін дамытты.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Қ.Молдабаева 6-сыныппен «Однокоренные слова» атты саяхат сабақ өтті. Саяхат сабақ арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы арттырды. Сөздікпен жұмыс жасата отырып, шығармашылығын арттырды. Жұмбақтар, ребустар шешкізу арқылы белсенділіктерін дамытты.

Тарих пәнінің мұғалімі Г.Тоқмейлова 11-сыныппен «Құқықтық білім сайысы» атты интеллектуалды ойын өткізді. Интеллектуалды ойынға 11-сыныптың 8 оқушысын қатыстырды. Оқушылар сыныптан тыс жұмыста белсенділік танытты. Дамытпалы, ой қозғайтын сұрақтар көп берілді. Сыныптан тыс жұмыс өте тартысты болды.

Информатика пәнінің мұғалімі Г. Сапарбаева 9-сыныппен «Жас информатик» атты сыныптан тыс жұмыс өтті. Мұғалімнің дайындап әкелген сұрақтары оқушыларға қызғылықты болды. Оқушылардың белсенділігі артты.

География пәнінің мұғалімі А. Елгелдиева 10-11 сыныптармен «География көшбасшысы» атты сайыс түрінде сыныптан тыс жұмыс өтті. Мұғалім сыныптан тыс жұмысқа 11-сыныптың 6 оқушысын қамтыды. Сұрақтарын жан-жақты алған. Пәнаралық байланыс жақсы көрініс тапты. Оқушыларды дамыту жағына көп көңіл бөлген.Сыныптан тыс жұмыс өте тартысты. Оқушылар белсенділігі жоғары болды. Мұғалім оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә. Абажанова «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» атты баяндамасы тыңдалды. Баяндамада қазақ тілі сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау туралы жан-жақты айтылды.Сонымен бірге зерттеу міндеттері, әдістері, күтілетін нәтиже туралы да айтылды.

Семинар-кеңесте өткізілген сабақтар мен сыныптан тыс жұмыс, баяндамаларда дамыта оқыту әдісі кең көлемде қолданылды. Семинар-кеңесте өткізілген жұмыстарда дамыта оқыту әдісі арқылы оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыруға жүргізілген жұмыстар көп болды. Дамыта оқыту әдісі арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.

Семинарды талқылау, тәжірибе алмасу мақсатында пікір-талас өтті. Өтілген іс-шаралар мазмұны жағынан талапқа сай. Семинарға қатысушылар сабақтардың деңгейі жоғары деп бағалады.



Анықтаманы дайындаған:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Амзеева



















«Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың білім сапасын арттырудың тәсілдері» тақырыбында –өткен мектепішілік семинар-кеңес есебі

Желтоқсан айының 13-і күні Әйтеке би атындағы орта мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың білім сапасын арттырудың тәсілдері» тақырыбында мектепішілік семинар-кеңес өткізілді.

Семинар мақсаты:

  • Үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;

  • Үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Үлгерімі төмен оқушыларға мемлекеттік білім стандартын меңгерту үшін жүргізілетін жұмыс түрлерімен тәжірибе алмасу;

Семинарға мектептегі 9 бірлестіктен 24 мұғалім және мектеп директорының орынбасарлары қатысты. Семинар- кеңесті мектептің педагог-психологы А. Икежанов «Баланың жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» деген халық даналығымен бастады. Семинар – кеңесте 2 баяндама, 2 панорамалық сабақ тыңдалды. Атап айтқанда;

Бастауыш сынып мұғалімі С. Стахантегі «Үлгерімі төмен оқушылардың білімін диагностикалау» атты баяндама жасады. Онда қосымша сабаққа арнап дайындаған күнтізбе жоспары бойынша мониторинг жүргізу жолдары, күнделікті сабақ кезінде алынған жазба жұмыстар мен қосымша сабақ кезінде алынған жазба жұмыстарды диагностикалау әдістері жайлы жан-жақты айтып өтті.Мұндай диагностикалаудың пайдасы үлгерімі төмен оқушыда ілгерілеушіліктің бар, жоғын дер кезінде байқап, ол оқушыға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетіп отыру екенін, осындай әдістер арқылы ол оқушыны алға қарай жылжуына түрткі болуға болатынын баса айтты.

Бастауыш сынып мұғалімі Р. Нохатова «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдері» атты баяндама жасады.

Онда үлгерімі төмен оқушыларды қалай анықтауға болатынын, оларға арналған жұмыс жоспары мен қосымша сабақ кестесін тиімді етіп ыңғайластыру, әрбір оқушыға күнделік жүргізу, қосымша сабаққа күнтізбе жоспарын құрастыру, сол күнтізбе жоспары бойынша қосымша сабақтар өткізу, қосымша сабақтарда жүргізілген жұмыс дәптерлері, ата-аналармен жүргізілетін байланыс түрлері және олардан шығатын нәтиже жайлы айтып өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Икежанова мен биология пәнінің мұғалімі А. Малдыбаевалар панорамалық сабақтар үлгісін көрсетті. Бұл екі мұғалім өз панорамалық сабақтарында үлгерімі төмен оқушылармен сабақ үстінде жүргізетін жұмыс түрлерін яғни тест түрлерін, ойын түрлерін, қима қағаздармен жұмыс, суретпен жұмыс, танымдық сұрақтармен жұмыс түрлерін көрсетті. Осындай жұмыстар арқылы үлгерімі төмен оқушыларды пәнге қызықтырып, білім сапасын арттыруға болатынын айтты.

Семинарды талқылау, тәжірибе алмасу мақсатында пікір-талас өтті. Өтілген іс-шаралар мазмұны жағынан талапқа сай. Семинарға қатысушылар тыңдалған баяндамалар мен панорамалық сабақтар негізінде тәжірибе алмасты. Семинарда көрсетілген жұмыстар деңгейі жоғары деп бағаланды.



Анықтаманы дайындаған:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Амзеева

Бірлестік жетекшісі: Ералиева Т.

















Әйтеке би атындағы орта мектептің әдістемелік кеңесіне 2 «А,Ә,Б» сынып оқушыларының білім, білік, жағдысын жан-жақты тексеру барысы жайлы Анықтама

2 «А,Ә,Б» сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру барысында мектеп директорының «___ » ________ № бұйрығын басшылыққа ала отырып, төмендегідей тексеру тобы құрылды.

1. Амзеева Гүлайым – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары, топ жетекшісі;

2. Ибраева Ақмарал – бастауыш сынып пән бірлестігінің жетекшісі, топ

мүшесі;

3. Жанәбілова Ақерке – бастауыш сынып мұғалімі, топ мүшесі;



2-сыныптарда барлығы 52 оқушы бар. Оның 24 ұл, 28 қыз бала. 5 оқушы психикалық даму деңгейі тежелген бағдарламамен оқытылады. 2 «А» сынып мұғалімі С. Стахантегі І санатты, 2 «Ә» сынып мұғалімі Ибраева Ләззат ІІ санатты мұғалім, 2 «Б» сынып мұғалімі Жаппарова Ләйлә І санатты мұғалім. Үш мұғалім де тәжірибелі мамандар. Тексеру кезінде 2-сынып мұғалімдерінің бірнеше сабақтарына қатыстық. Атап айтқанда 2 «А» сынып мұғалімі С. Стахантегінің қазақ тілінен өткен «Мәтін» тақырыбын аралас сабақ түрінде өтті. Сабақта дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырды. Мұғалімнің сабақ беру әдістемесі жоғары. Оқушылармен қарым-қатынасы жоғары. Оқушыларды кез-келген пәнге қызықтыра алады. Сабақта қолданған көрнекіліктері эстетикалық талғаммен жасалған. Түрлі сюжетті суреттер пайдалана отырып, оқушылардың тіл байлықтарын арттырды. Сабақта дүниетану, бейнелеу өнері пәндерімен байланыс жасады.

Сонымен бірге пән мұғалімінің математикадан «21 – ден 100-ге дейінгі сандар» тақырыбына қатыстық. Оқушылар ондық, бірліктерді жақсы меңгерген. Барлық есептер, мысалдар шығарылды. Барлық оқушы сабақта қамтылды. Оқушылардың пәнге қызығушылығы жоғары. Сабақта түрлі таратпалы дидактикалық материалдар қолдану арқылы оқушылардың логикалық қабілетін арттырды.

2 «Ә» сынып мұғалімі Ибраева Л қазақ тілінен «Дауыссыз н мен ң» тақырыбын өтті. Сабақта ұйымдастыру кезеңі жақсы өтілді. Оқушыларды күз туралы өлең шумағын кірістіре отырып, бір нүктеге шоғырландыра алды. Өткен сабақты пысықтау кезінде «Кубизм» стратегиясын қолдана отырып, сұрақ-жауап, дамыту әдістерін тиімді қолданды. Сабақта дауыссыз н мен ң дыбысын ажыратуға байланысты түрлі ойындар ұйымдастыра отырып сабақты бекітті. Сөздікпен жұмыс жасата отырып, тіл байлықтарын дамытты.

Математикадан «Өткенді пысықтау» тақырыбын өтті. Сабақты жарыс түрінде кері, тура санау арқылы оқушыларды пәнге қызықтыра алды. Сабақ ойын түрінде өтілді. Сергіту сәті кезінде қызықты қимылдар арқылы оқушыларды сергітті. Сабақта шартты есептерді өздері шығара білді. Ондық, бірліктерді ажырату кезінде тиімді әдістерді қолданды.

2 «Б» сынып мұғалімі Жаппарова Л математикадан «Екі таңбалы сандарды ондықтар құрамы» тақырыбын өтті. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясын тиімді жүргізді. Сабақта ондық, бірліктерді ажыратқызды. Қима қағаздар, плакаттар пайдалана отырып, оқушыларды пәнге қызықтырды. Түрлі көрнекілікті тиімді қолдана алды. Дегенмен оқушылар баяу қимылдайды.

Қазақ тілінен «Мәтін» тақырыбын өтті. Сыныпты топқа бөліп, оқушыларға қима қағаз таратып, бірнеше сұрақтарға жауап алды. Мәтін түрлерін сұрады. Оқушыларға мәтін түрлеріне сөйлем құратып, талдатты. Сабақта барлық оқушыны қамту жағы әлсіз болды.

Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатыса отырып, бақылау жұмысы, диктант, оқу машығы тексерілді. Жазба жұмыстар алу кезінде сын жұмысын мүлдем жаза алмайтын, есепті шығара алмайтын мына оқушылар болды. Олар: Бейсенова Қ, Ибрагимов Е, Сағындық Ә, Құдайбергенов Р, Ермекова А . ( Нәтижесі қосымша кестелерде берілген)

Тексеру кезінде төмендегідей кемшіліктер кездесті;

  • Сабақтарда көркем жазу сәтін үнемі назардан тыс қалдыру;

  • Үлгерімі төмен оқушылармен нақты жұмыстар жүргізілмейді;

  • Оқушылардың жазу кезінде партада отыруына назар аударылмайды;

  • Уақытты тиімді пайдалана алмайды;

Осындай кемшіліктерді сараптай келе төмендегідей ұсыныс жасаймыз:

Ұсыныс:

1. 2 «А,Ә,Б» сынып оқушыларының қазақ тілі мен математика пәнінің

оқытылуы үнемі назарда ұсталынсын.

2. 2 – сынып оқушыларының жазу каллиграфиясына, партада отыруына

назар аударып отыру пән мұғалімдеріне тапсырылсын. (С. Стахантегі,

Л. Ибраева, Л. Жаппарова)

3. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізу күшейтілсін және

өткізілуін қадағалап отыру бірлестік жетекшісі А. Ибраеваға жүктелсін.

4.Осы жұмыстардың жүргізілуін қадағалау, басшылық жасау мектеп

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Амзееваға міндеттелсін













Анықтаманы дайындаған:

Мектеп директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары, топ жетекшісі: Г. Амзеева

Топ мүшелері, бірлестік жетекшісі: А. Ибраева

А. Жанәбілова

Анықтамамен таныстым:

1. С. Стахантегі

2. Л. Ибраева

3. Л. Жаппарова













_Сабаққа талдау жасау схемасы

І. Сабақ мақсатына талдау жасау

Талдау сұрақтары:

1. Сабақ мақсатының төмендегі көрсеткіштерді ескере отырып, дұрыс және негізді қойылуы:

а) бағдарлама талаптарына сай;

б) материал мазмұнына сай;

в) оқушылардың білім,біліктілігіне сай;

г) берілген тақырыппен өтілген сабақтар жүйесіндегі бұл сабақтың орнына сай;

д) сынып дайындығына сай;

е) мұғалімнің өз мүмкіндігіне сай;

ж) оқытыдудың түпкілікті болжауына сай;

2. Оқушыларға сабақ мақсатының жеткізілу тәсілдері. Әдіс-тәсілдердің орынды да тиімді қолданылуы.

Қойылған мақсатқа жету дәрежесі.

ІІ. Сабақ құрылымы мен ұйымдастырылуын талдау.

Талдау сұрақтары:

Сабақ құрылымының сабақ мақсаты мен типіне сәйкес болуы.

Сабақ кезеңдерінің өзара сабақтастығы мен логикалыұ кезектесуі.

Уақыттың сабақ кезеңдеріне ұтымды бөлінуі.

Оқу кабинетіндегі құралдардың сабақта тиімді пайдалануы.

Оқушы мен оқытушы еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы.

Сабақтың басталуы мен соңының ұйымдастырлуы.

Сабақ темпінің оңтайлылығы.

Сабақ жоспарының болуы және оның орындалу нәтижесі.

ІІІ. Сабақ мазмұнын талдау

Талдау сұрақтары:

1. Сабақ мазмұнының білім сандартына сәйкес болуы.

2. Қисынды баяндалуы.

3. Түсінікті баяндалуы.

4. Мұғалімнің оқу материалын баяндауы.

5. Берілген тақырыптағы жетекші, негізгі ойлардың бөлінуі.

6. Сабақ мазмұнының өмірмен байланысы, оқу материалының кәсіби бағытталуы.

7. Сабақ мазмұнының оқушы қажеттілігі және қызығушылығымен байланысы.

Сабақ материалының көмегімен оқушының логикасын қалыптастыру.

ІҮ. Сабақ жүргізілу әдістемесін талдау (мұғалімнің іс-әрекеті)

Талдау сұрақтары:

1. Оқу әдісінің, тәсілінің, құралының төмендегі көрсеткіштерді ескере отырып, дұрыс және негізді таңдалып алынуы.

а) сабақ тақырыбы.

б) сабақ мақсаты.

в) сынып мүмкіндігі.

г) мұғалімнің өз мүмкіндігі.

д) оқу материалдық база.

2. Сабақта пайдаланылған әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігі.

3.Оқушыларда жаңа ұғымды қалыптастыру.

4.Мұғалім сабақ тақырыбы бойынша практикада қалыптасқан әртүрлі пікірлермен қалай жұмыс жүргізеді? Талас-білімді қорыту, негіздеу.

5. Жаңа материалды сапалы меңгерілуі.

6.Оқыту құралдарының қолданылуы.

7. Мұғалім оқушылардың жұмысын қалай ұйымдастырды.

8.Мұғалімнің педагогикалық техникасы.

Ү. Сабақтағы оқушылардың жұмысына талдау жасау

Талдау сұрақтары:

1. Сабақтың әр кезеңдегі оқушылар белсенділігі және жұмысқа деген құлшынысы.

2. Оқушыларда өзіндік бақылау дағдысы қалыптасқан ба?

3. Сабаққа немесе өтілген тақырыпқа деген қызығушылық.

4. Оқушылар еңбек әдістерін меңгерген бе, сабақтағы еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы,еңбек мәдениеті.

5. Өзіндік ойы болуы, білімді өз бетінше меңгеру дағдысын болуы.

6. Жеке қарым-қатынас мәдениеті.

Мұғалім бағасына бала реакциясы.

ҮІ. Үй тапсырмасын талдау

1. Үй тапсырмасын тексеру әдісі мен тәсілдері.

2. Үй тапсырмасының мақсаты және оны оқушылардың түсінуі, қабылдауы, осы сабақтағы үй тапсырмасының берілу себептері.

3. Үй тапсырмасының көлемі.

4. Үй тапсырмасының түрі, өзгешелігі.

5. Үй тапсырмасының барлық оқушының орындау мүмкіндігіне сай болуы.

6. Үй тапсырмасын беру әдістемесі, инструктаж.

Үй тапсырмасынан мұғалім қандай нәтиже күтеді.



























Әйтеке би атындағы орта мектептің директор жанындағы кеңесіне пән кабинеттерін аттестаттау жайлы анықтама

Тексеру уақыты: 27.09. 2012 жыл

Бағалау критерийі

Кабинеттің атауы

№2

Майхиева П

№3

Жанәбілова А

№4

Индемесова М

№6

Мамасейтова Ғ

№7

Ибраева А

№24

Жаксыкүнова Қ

№34

Сүйінбаева Г

1.

Кабинет паспортының болуы, бекітілуі.

+

+

+

+

+

+

+

2.

Кабинеттің жұмыс жоспарының болуы.

+

+

+

+

+

+

+

3.

Кабинеттің даму жоспарының болуы, бекітілуі

+

+

+

+

+

+

+

4.

Мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар, пәндік журналдар мен газеттер жиыны

+

+

+

+

+

+

+

5.

Сыныптан тыс оқу материалдары

+

+

+

+

+

+

+

6.

Таратпалы материалдар, кестелер. Олардың сақталынуы.

Жүйеленген, бірақ ескірген

Жүйеленген, бірақ ескірген

Жүйеленген, бірақ ескірген

Жүйеленген, бірақ ескірген

Жүйеленген, бірақ ескірген

Жүйеленген, бірақ ескірген

Жүйеленген, бірақ ескірген

7.

Кабинеттің санитарлық-гигиеналық жағдайы

+

+

+

+

+

+

+

8.

Мектеп мүлкінің сақталуы

+

+

+

+

+

+

+

9.

Техникалық қауіпсіздік құжаттарының болуы

Оқушыларды таныстырып, қолы қойылған

Оқушыларды таныстырып, қолы қойылған

Оқушыларды таныстырып, қолы қойылған

Оқушыларды таныстырып, қолы қойылған

Оқушыларды таныстырып, қолы қойылған

Оқушыларды таныстырып, қолы қойылған

Оқушыларды таныстырып, қолы қойылған

10.

Кабинеттің эстетикалық жабдықталуы

Стенділері ескірген

Стенділері ескірген

Стенділері ескірген

+

Стенділері ескірген

Стенділері ескірген

Стенділері ескірген

Қорытынды: Бастауыш сыныптағы кабинеттердің құжаттары бар және мектеп директорының мөрімен бекітілген. Кабинет мүліктері дұрыс сақталған. Кабинеттің санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсы. Техникалық қауіпсіздік құжаттарымен оқушыларды таныстырған. Барлық сынып кабинеттері табиғи гүлдермен жабдықталған. Таратпалы материалдар, кестелер бар. Жүйеленіп қойылған, бірақ ескірген заттар көп. Қабырғадағы стенділер ескірген. Пән кабинеттерін тексере отырып, төмендегідей ұсыныс жасаймын.

Ұсыныс: 1. Кабинет меңгерушілерінің өз кабинеттеріне байланысты талапқа сай жүйелі және уақытылы жұмыс жүргізу тапсырылсын.

2. Кабинеттегі таратпалы материалдар, кестелерді жаңарту ескертілсін.

3. Кабинеттегі стенділерді жаңа үлгіде жасау кабинет меңгерушілеріне жүктелсін.

4. Кабинет меңгерушілеріне аталған кемшіліктерді 5 күн ішінде қалыпқа келтірмесе қатаң шара қолданылатыны ескертілсін.



Анықтаманы дайындаған:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Амзеева















































Әйтеке би атындағы орта мектепте өткен «Биология пәнінен ҰБТ-ге дайындау жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары» атты семинар-кеңестің

Анықтамасы


19 қазан 2013 жылы Әйтеке би атындағы орта мектепте «Биология пәнінен

ҰБТ-ге дайындау жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары» атты мектепішілік семинар-кеңес болып өтті. Семинар-кеңесті биология пәнінің мұғалімі А. Малдыбаева өткізді. Мұғалім соңғы 3 жылда ҰБТ-де жоғары көрсеткіш көрсетуде. Атап айтқанда;

2010-2011 оқу жылында 74 %

2011-2012 оқу жылында 86 %

2012-2013 оқу жылында 56 %

Семинар кеңеске мектептегі 9 пән бірлестіктерінен 13 мұғалім қатысты.

Семинар-кеңестің мақсаты: Жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып, әр түлектің белгілі бір пән бойынша дайындықтарын обьективті түрде көрсету. Семинарда биология пәнінің мұғалімі А. Малдыбаева

Биология пәнін таңдаған 6 оқушымен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Атап айтқанда

Барлық мұғалімдердің жұмыстары мектеп мұғалімдері тарапынан жоғары бағаланды.





Анықтаманы дайындаған:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Амзеева






Әйтеке би атындағы орта мектепте өткен жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің «Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру » атты

мектепішілік семинар-кеңестің

Анықтамасы


16 ақпан 2012 жылы Әйтеке би атындағы орта мектепте «Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру»

атты мектепішілік семинар-кеңес болып өтті. Семинар кеңеске мектептің барлық пән бірлестіктерінен мұғалімдер қатысты. Семинар-кеңестің мақсаты мектептегі пән мұғалімдеріне шығармашылық жұмыстарымызды таныстырып, білім-біліктілігімізді өзара қарым-қатырнаста одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу болып табылды. Семинарда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ғ. Өміртаева «Memoru»

атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақты аралас сабақ түрінде өте отырып, сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қорыту т.б. әдіс – тәсілдер қолдана отырып, оқушыларға жан-жақты түсіндірді. Мұғалім өз сабағында тірек-сызбалар, қима қағаздар, түрлі ойындар пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырды, сөздік қорын молайтты. Тарих пәнінің мұғалімі Г. Тоқмейлова «Ерте тас дәуір кезеңдері» атты ашық сабақ өтті. Мұғалім өз сабағын дебат сабақ түрінде өткізді. Оқушыларды жарыстыра отырып, білімдерін кеңейтті. Бастауыш сынып мұғалімі С. Стахантегі « 10 санын қосу және азайту» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы меңгертті. Көрнекіліктерді тиімді қолданды. Орыс тілі пәнінің мұғалімі С. Коданова өз шығармашылық есебін қорғады.

Барлық мұғалімдердің жұмыстары мектеп мұғалімдері тарапынан жоғары бағаланды.








Анықтаманы дайындаған:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Амзеева






Әйтеке би атындағы орта мектепте өткен «Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» атты

аудандық семинар-кеңестің

Анықтамасы


17 наурыз 2012 жылы Әйтеке би атындағы орта мектепте «Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін

арттыру» атты аудандық семинар-кеңес болып өтті. Семинар кеңеске аудандағы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар-кеңесте жоғары (14) санатқа өтетін бастауыш сынып мұғалімі Г. Сүйінбаева мен бірінші (13) санатқа қайта аттестаттаудан өтетін М. Индемесовалар шығармашылық есеп берді. Онда

Г. Сүйінбаева 4-сыныптармен қазақ тілі пәнінен «Үстеу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты аралас сабақ түрінде өте отырып, сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қорыту т.б. әдіс – тәсілдер қолдана отырып, сөз табы және оның түрі үстеу жайлы оқушыларға жан-жақты түсіндірді. Мұғалім өз сабағында тірек-сызбалар, қима қағаздар, түрлі ойындар пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырды, сөздік қорын молайтты. Сонымен бірге «Тапқыр достар» атты сыныптан тыс жұмыс көрсетті. Сыныптан тыс жұмысында оқушылардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәнерін қалыптастыруға жұмыстар жүргізілді. Ал

М. Индемесова 2-сыныптармен математика пәнінен «Өткенді пысықтау» атты ашық сабақ көрсетті. Мұғалім өз сабағын жарыс түрінде өткізді. Оқушыларды жарыстыра отырып, білімдерін кеңейтті. Сонымен бірге «Білім сайысы» атты сыныптан тыс жұмыс жүргізді.

Пән мұғалімдері өз шығармашылық есептерін де қорғады. Г. Сүйінбаева «Тірек-сызбаларды пайдаланып оқытудың тиімділігі » атты тақырыпта,

М. Индемесова «Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушыларды

шығармашылыққа баулу» атты тақырыпта шығармашлық есеп берді.

Екі мұғалімнің де жұмысы аудан мұғалімдері тарапынан жоғары

бағаланды.







Анықтаманы дайындаған:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Амзеева











Мектепішілік «Жыл мұғалімі 2012» байқауының өтілуі жайлы

Анықтама



Сәуір айының 6-сы күні мектепте «Жыл мұғалімі 2012» байқауы өтілді. Байқауға мектептегі 9 бірлестіктен 9 мұғалім қатысты. Олар; төмендегі турлар бойынша бақ сынасты.

І. Өзін-өзі таныстыру. 7 минут;

ІІ. Үй тапсырмасын талдау. 15 минут;

Мұғалім жұмысының әдістемелік жүйесін көрсетуі (тұжырымдама, бағдарлама, диагностика жүйесі: жұмыс қорытындылары, педагогикалық басылымдардағы еңбектері)

«Педагогикалық технология- педагогикалық шеберліктің негізі» тақырыбындағы дайындап әкелінген 15 минуттық бейнефильмді көрсете отырып баяндауы.

ІІІ. Пән бойынша ашық сабақ көрсету (программалық материалға сәйкес сыныбы, сабақ тақырыбы сайыскердің таңдауы бойынша уақыт – 45 минут),

ІҮ. Ашық тәрбие сағатын көрсету (сыныбы, тақырыбы сайыскердің таңдауы бойынша) уақыты – 30 минут.

Ү. Хас шеберлігі: (байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстарын қорғауы) 7 минут.

ҮІ. Педагогикалық – психологиялық тест.

ҮІІ. Педагогикалық жағдаяттар. 3 минут.



Байқаудың мақсаты:

  • Ғылыми - әдістемелік жұмысты, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды игерген, жаңашыл, шығармашыл жан-жақты дамыған педагогтарды анықтау;

  • Ұстаздың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру, оларды қолдау және ынталандыру;



Пән мұғалімдерінің педагогикалық қызметінің тиімділігі мен нәтижелігі мынадай көрсеткіштер бойынша қорытындыланды.

  • Пәннің теориясы мен оны оқытудың әдістемесі;

  • Тәрбие және тәрбие жұмысының әдістемелік теориясын білу;

  • Педагогиканы білу;

  • Жалпы дидактиканы білу;

  • Әлеуметтік-психологиялық дайындық;

  • Адамгершілік, этикалық қасиеті, педагогикалық ізет;

  • Қарым-қатынас мәдениеті, сөйлеу мәдениеті;

  • Негізгі педагогикалық шеберлігінің қалыптасуы;

  • Оқыту әдістемелік кешенді құру бойынша жұмысы;

  • Сабақтың сапасы және қазіргі сабақтарға сәйкестігі;

  • Мұғалімнің шығармашылық өсуге, еңбекке деген қарым-қатынасы

  • Сыныптан тыс жұмыстың сапасы мен деңгейі;

Пән мұғалімдері өз сабақтарында Дамыта оқыту технологиясының, тірек-сызба технологиясының, СТО бағдарламасының стратегияларын, элементтерін тиімді пайдалана алды. Кәсіби шеберлігі мен жеке қасиеттері бойынша мұғалімдердің шығармашылығы, сезімталдығы, тапқырлығы, ұйымдастыру және қарым-қатынас жасай білу қасиеті, өзін-өзі ұйымдастыра білуі жоғарғы деңгейде болды. Барлық қатысушылар байқауға үлкен дайындықпен келгендері әрбір кезең ішінде байқалып отырды.

Нәтижесінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С. Коданова Бас жүлде, бастауыш сынып мұғалімі С. Стахантегі І орын, биология пәнінің мұғалімі А. Малдыбаева, физика пәні мұғалімі А. Бүркітбаева ІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғ. Өміртаева, тарих пәні мұғалімі

Г. Тоқмейлова ІІІ орынды иеленсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

А. Нұрсейтова «Жаңашыл мұғалім», сызу пәні мұғалімі Е. Сүйімбаев «Ұлттық дәстүрлерді насихаттау», дене шынықтыру пәні мұғалімі

Т. Нұрлыбеков «Зерттеуші ұстаз» номинациясымен марапатталды.

















Анықтаманы дайындаған:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Амзеева




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?ндік ?олданбалы ?нер

Автор: Амзеева Хатира Турсыновна

Дата: 08.12.2014

Номер свидетельства: 140903


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства