Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, еңбексүйгіш
тікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің
және өзгенің уақытын бағалауға үйрету.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Ою-өрнектің негізгі сегіз элементінің көріністері, ою-өрнек бейнеленген көрнекілік.
Сабақтың барысы: 1. Жаңа тақырыпты әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерінің алғашқы үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен зерделенген. Шетелдік (В.Куррер), кеңестік (С.В.Иванов, В.В.Стасов, Ф.К.Волков, С.А.Давыдов, Н.Ф.Думцов, т.б.)және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Е.Масановтың, М.Мұқановтың және т.б. зерттеу материалдарын айтсақта жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе Шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға зерттеген. Мысалы, геометриялық денелерге ұқсас сынық сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (ұшбұрыш, төртбұрыш), т.б. қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұтақтарының, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ой-қиялынан туған дейді. Демек, ою-өрнектердің шығу тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 360-қа тарта түрлері қарастырылады.
Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек элементтерін меңгері болып табылады.
Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
Ай,күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т.б.
Аңға байланысты өрнектер:
«Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.
«қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т.б.
2. Сабақтың тақырыбын түсіндіру: Ал енді бүгін танысқан ою-өрнектерімізді есімізге сақтап қалуымызға тырысайық . Төрт топқа бөлінген оқушылардың алдарына араласып жатқан ою-өрнектердің элементтерін талдап топқа бөлуін талап ету.
Бірінші топқа: Космогониялық
Екінші топқа: Зооморфтық
Үшінші топқа: Өсімдік бейнелі өрнектер
Төртінші топқа: Геометриялық өрнектер
Топтап бөліп болғаннан кейін тақтаға сурет салу арқылы оқушыларға ою-өрнек элементтерінің түрлерін салып үйрету, қолдарын жаттықтыру.
3. Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
-салып жатқан өрнектің пішімін анықтау
- жобалау және үйлестіру жолдары
-суретті салу процессі
- жұмыстарын аяқтау
4. Сабақтың қорытындысы. Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту. Ою-өрнектерді зерттеген ғалымдарды атап беріңдер. Өрнектердің неше түрлері мен атаулары бар? Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?
Оқушылардың жұмыстарын көрме ұйымдастырып салыстыру арқылы бағалау.