Просмотр содержимого документа
«ОЮ ?РНЕК Т?РЛЕРІ »
Сабақтың тақырыбы: «Ою - өрнек түрлері. Ою элементтерімен танысу шығу тарихы» Сабақтың мақсаты: оқушыларға ою-өрнек туралы білім беру, оюдың түрлерін, шығу тарихын әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен, халық өнерімен таныстырып, қастерлеуге тәрбиелеу, ою оюды үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту. - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында қыз балаларды әдемілікке, сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту. - Сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт-дәстүрге баулып, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, математика, қазақ әдебиеті, тарих. Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, буклеттер, мақал-мәтелдер, тірек-сызбалар, жұмбақтар, журналдар Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі. II. Үй тапсырмасын тексеру. III. Жаңа сабақ бөлімі. 1. Кіріспе 6. Үйге тапсырма 2. Саяхат «Әжей ауылы» 7. Сарамандық жұмыс 3. Саяхат «Ғұлама ата» 8. Қорытындылау 4. «Оюдан ертегісі» 9. Бағалау 5. Сабақты бекіту
Кіріспе: Адамдар ертеден – ақ өз жерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, біртін келе киім – кешектеріне, қолданылатын заттардың сурет ретінде салған. Осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тіршілігінде ою-өрнектің алатын орны үлкен. Ол ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден-бір өнер. Шеберлер ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсіне білген. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтануымыз қажет. Ою-өрнекті, кімнен үйрендіңіз деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев: Таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Анамның киізінен Ешкінің мүйізінен, - деп табиғаттың нағыз өнер екенін, сол өнерден үлгі ала біліңдер деген астарлы оймен жауап беріпті. Ою-өрнек үш топқа бөөлінеді:
-гүлі - жануар - дөңгелек - сабағы - аң - ирек - жапырағы - құс, балық - шимай, торкөз
Ою-өрнектің атауы мен түрң өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Солардың ішінде ең көп таралғаны – мүйіз тектес ою. Саяхат «Әжей ауылы» «Өнер – таусылмас азық, жұматас байлық» дейді халық. Қазақтың қолөнері халқымыздың ғасырлапдан қалған асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай қазына бар? Оның бірі – ою-өрнек, оларды жоғалтпай әрі қарай жалғастыру біздің міндетіміз. Бүгін біз әжей ауылына саяхатқа шығамыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар». Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Міне, балалар, біздер әжей ауылына барып, көптеген мағлұмат алдық. Сондықтан біздер еңбек, қолөнер туралы өлеңдерімізді айтайық: 1.Саусақтары майысып, 2. Қазағымның оюын Түрлі ою ойысып Біз де іздеп қарайық Шебер болар ма екенсің! Ою менен өрнектің Әдемісін табайық.
3. Ғасырға салт-дәстүрді 4. Көрші әжей өнерлі Халқымның жалғасыуда Барып тұтам шеберді Бұғы мүйіз оюы сәндікпенен Құрмет тұтам шеберді Көз тартып ұрпақтарға алмасуда Ою-өрнек үйренем
5. Әжей кесте тігеді 6. Оюларға сүйсініп Ойып түрлі оюды Қайран қалып тұрасың Жібереді өрнегі Көре білсең түсініп Шарықтынып өнерді Одан көп сыр ұғасың.
Саяхат «Ғұлама ата ауылы» «Ауылыңда қартың болса, жазып қалған хатпен тең!» дегендей, біздер қазір мақал-мәтел таңдаймыз. «Өнерлі елден өнерлі бала туар». «Өнерлі баланың он саусағы тең, Өнерсіз баланың бір саусағы кем». «Қыз еркем, кестесімен көркем, Ұл еркем өнерімен көркем». «Алтын балдақ – қол сәні, Әшекей кесте – тән сәні». «Балаңды өнерлі болсын десең, ұстаға қос».
«Ою – хан» ертегісі: Суретті жұмбақ. - Жарайды балалар, енді біздер Ою хан еліне барамыз. (ертегі айтылады) - Сурет талқыланады. Оқушылар білімін бекіту: Тест сұрақтары беріледі: 1. Ұлттық оюлар: а) айшық б) өркеш в) қошқармүйіз 2. Ою-өрнектің неше түрі бар? а) 200 б) 300 в) 400 3. «Гүл» оюы нені бейнелейді? а) бейбітшілік б) қуаныш в) тоқшылық 4. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек: а) айшық б) балта в) көбелек 5. Құстарға байланысты өрнектер: а) жұлдыз б) қазтабан в) айшық 6. Геометриялық оюды тап: а) қошқармүйіз б) гүл в) сүйір 7. Ертеде ою-өрнекті матағы түсіру үшін қандай тәсілді қолданған? а) қарындаш б) уыз в) бор 8. « ... аузынан шөп алмайтын» момын теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі? Көп нүктенің орны қай түлікке арналған? а) итқұйрық б) сынық мүйіз в) қошқармүйіз Үйге тапсырма: - Ою түрлерінен буклет жасау. - Өткенді еске алып, ойға төсем, Сұрыптап тезге салып, көп ойланам, Қолыма қайшы алып, ою оям, - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз. Сарамандық жұмыс: Тақырыбы: «Ою-өрнектің эскизін сызу, қию» 1. Сабаққа байланысты құралдарын дайындау. 2. Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру. 3. Қағазды үш бүктеп ою. 4. Қошқармүйіз өрнегінің толық және жартылай үлгісі тақтаға ілінеді. 5. Сабақта түрлі-түсті қағаз бетіне қошқармүйіз өрнегінің жарты көрінісінің эскизін тез сызылып, оны қайшымен қиып көрсетіледі. 6. Алынған оюды басқа түсті қағазға желімдеп, үлгі оқушыларға көрсетіледі. Халқымыздың сүйікті ақын қызы Ф.Оңғарсынованың өлеңінен үзінді. Түрін-ай текеметтің, асыл қандай! Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай. Келе ғой қошақаным өзімен деп, Әжем кеп сипағандай шашымнан жай. Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі, Тұрғандай ана көңіл тербеп мені. Жан бітіп жайраңдады жан-жағымда Қазақтың қошқармүйіз өрнектері, деп сабағымызды қорытындылаймыз. Бағалау.
Күні: 16.02.2015 Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлтық ою- өрнектері.
а) Ұйымдастыру кезеңі
б) Үй тапсырмасын тексеру
с) Өткенді қайталау
д) Жаңа сабақ
е) Қауіпсіздік ережесі және тазалық сақтау.
Сабақтың түрі: Сарамандық және аралас сабақ
Үй тапсырманы тексеру: Балалардың үйде жасаған ою өрнектерін тексеріп бағалау.
Жаңа сабақ:Қазақ халқының ұлттық ою өрнектері.
Мақсаты: Оқушыларға ұлтық ою- өрнектің нұсқасын көрсетіп, ою өрнектің шығу тарихынан мағлұмат беру. Өз ұлтының мәдениетін салт- дәстүрін білуге үйрету.
в) Ата дәстүр, ұлттық қол өнерді оқушылардың бойына дарыту.
Көрнекілік құралдар: Мұғалім өзі қиып алып келген оюлар, тақтаға ілінген көрнекі құралдар түскиіз, алаша, матаға тігілген, жапсырылған оюлар т.б.
Сабақтың әдісі: Қағазды бір және екі бүктеп әр үрлі ою өрнекті қиып үйрену.
Нақтылы бұйымдардың үлгісін қолдану, деңгейлік тапсырмалармен жұмыстау.
Қауіпсіздік ережесі: 1.Қайшымен жұмыс жасағанда абай болу.
2. Қайшыны үстелдің шетіне қоймаңдар.
3. Бір-біріңе бергенді сабы жағын қаратып беру.
4. Жүріп келе жатып қайшымен қима.
5. Қайшының ұшын жоғары ұстама.
Сабақтың барысы: Ою – өрнектер халықтық өнердің ежелден келе жатқан бір түрі. Оның шығу тарихы тереңде. Ал сюжеттік мазмұнымен атаулары әр дәуірдің тыныс тіршілігіне, тұрмыс салтына орай өзгеріп жетіліп отырған. Бүгінгі таңда ұлтымыздың ою – өрнек өнері қайта түлеп бай мазмұнымен жаңа түр тауып материалдық және рухани қазынамызға айналып отыр. Қазақ халқының ғалымдары осы күнге дейін ою – өрнектердің 230 – дай түрін анықтаған. Ою – өрнек қазақ даласында әр түрлі ою үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып, қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын құрал – саймандарды, киіз үйлерді, құрылыстарды, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме, алаша қоржын, ыдыс – аяқтарды, киім – кешектерді, ою – өрнектер мен әшекейлеп безендіріп отырған. Оны Ахмет Ясауи, Қарахан, Айша бибі т.б. Мавзолейлерден көруге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы: қошқар, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қаз табан т.б ою – өрнектердің негізгі арқауы. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер – су, көшіп – қону, көріністерін күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Әр бір оюшы ою- өрнек жасап оған ат беріп оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою – өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауда жиі қолданылатына «мүйіз» тектес ою – өрнектер. Сол оюлардың ішіне ата – бабаларымыз қасиетті деп есептеп келген «тұйық оюды» ерекше айта кеткім келіп тұр. Бұл ою сондай қасиеттілігімен мемлекеттік туымыздың сабының тұсында тік жолақ боп орналақан. Тұйық оюды бұрынғы заманда жас балалардың киімне, тіл-көзден сақтасын деп , елін жерін қорғаған батырларымыздың қалқанына сауыт – саймандарына , жауынан жеңілмесін деп, аузы дуалы би хандарымыздың шапанына яғни жауырын тұсына, әділ төрелік жасасын деп салап келген . Қазірде Отанымызды қорғап жүрген сардарларымыздың шен шекпенінде орналасқанын білулерің керек. Қазір елімізде бас көтерген барлық ғимараттарды, құрылыстарды ұлттық ою өрнекпен безендіріп көркейтіп келеді. Бұл ұлттық ою – өрнектерді көрген жерде ұлтымыздың сана сезімі оянып сан алуан қалалардың сәнін келтіріп тұрғанын көрсеңдер бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуға септігін тигізіп тұрғандай сезінесіңдер.
Сергіту ойыны: Қол буындарын, мойын, белдерін жазатын, аяқ буындарын демалдырытын гиманастика жасату.
Үйге тапсырма: Үйде осы бүгінгі сабақты үйренген оюлардың түрлерін ата – аналардың көмегімен қиып түрлі - түсті қағазға, матаға жапсырып келу.
Күні: 16.02.2015 Сыныбы: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: "Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу ерекшелігі" Сабақтың мақсаты: оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу арқылы бедерлеп ою әдісін меңгерту. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың түрі: сарамандық сабақ. Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: а) сабаққа қатысуын бақылау. ә) сабаққа дайындықты тексеру. 1. Өткен материалды қайталау. 2. Жаңа сабақ. Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, тезек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет. Мұндай материалдың бетіне өте нәзік ойықша, үшбұрыш, және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. Өрнек дегеніміз кез келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілдері бар. Соның бірі – геометриялық сурет салу арқылы жасалады. Екінші тәсілі – өрнекті жұқалай тіліп салу. Бұл өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнекті жиектерін көлбелей жұқалап жонып алады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды: - Біріншіден, өрнектің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс беріледі. - Екіншіден, өрнектің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі. - Үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеу, бедерді өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды. Өрнекті тақтай бетіне көшіру әдісін қарастыру. 1. Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі. 2. Өрнекті тақтайдың ортасынан бастап салу әдісі. 3. Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі. Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы: 1. Тең бүйірлі үшбұрыштардың құрылған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою. 2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою. 3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою. Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі - келсап, аяқ - табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. - Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. - Бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау, үлгісін жасау. Өрнекті пышақпен тілу. - Өрнектерді кесу. - Бұйымдарды бояу, оған әр беру. - Боялған бұйымдарды тазалау, лактау. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол «жүйелеу». «үйлестіру» ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдей білу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. «Үтір», «Үшбұрыш» және «Сыңар қанат» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт!