??рал - жабды?тар, к?рнекті ??ралдар: слайд, т?рлі ?арындаштар, ?шіргіш, акварель, гуашь, ?ыл?алам т?рлері, дидактикалы? ??ралдар ж?не т. б.
Саба?ты? ?ту барысы:
?йымдастыру кезе?і.
?йге берілген тапсырманы тексеру.
Жа?а та?ырыпты т?сіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Саба?ты бекіту.
?йге тапсырма.
Саба?ты? барысы:
Натюрморт к?рерменге к?п жайды жеткізе алатынын білесі?дер. Мысалы, натюрморттар ар?ылы ?ткен к?ндерді? т?рмысын зерттеуге болады. Ертеде жазыл?ан натюрморттардан ?ткен ?асырларда адамдар ?олдан?ан, ?азір м?лде кездеспейтін т?рмысты? заттарды к?ре аласы?, сондай-а? оларды? ?дет-??рыптары мен м?дениеті жайында к?птеген м?ліметтер жинау?а болады. К?не натюрморттар к?рмесін аралау немесе оларды? репродукциялары жина?тал?ан альбомдарды тамашалау ар?ылы натюрмортты? тарихын тере?ірек білетін боласы?. XVIII ?асырда ?мір с?рген орыс суретшісі Т.Ульяновты? натюрмортынан к?нделікті ?олданып ж?рген кітаптар, ?айшы, тара?, кілт сия?ты заттармен ?атар, ?здері?е бейтаныс — ?ауырсын ?алам мен сиясауыт,
?аза? хал?ыны? танымал суретшілері ?зіні? натюрмортында ?аза? ?ыздарыны? ?лтты? бас киімі — с?укелені бейнелеген.
Б?л жай бас киім емес, ?алы?ды?ты? ?йлену тойында киетін бас киімі. Б?рын?ы кезде оны ?рпа?тан ?рпа??а жеткізіп, са?тап отыр?ан. С?укелені тігу ?те к?п уа?ыт алатын бол?анды?тан оны ?ыз бала д?ниеге келген к?ннен бастап дайындай баста?ан.
Ал о?ан та?ыл?ан асыл тастарды? ??ны кейде бірнеше т?йені? ??нына те? келетін.
Та?ырыпты бекітуге арнал?ан тапсырмалар.
Мына натюрморттар?а назар аудар. Оларды? ?ай кезе?де орындал?анын шамамен аны?тап к?р
?на?ан тапсырманы та?дап, оны орында.
1. Кітаптар, энциклопедиялар мен к?ркем фильмдер бойынша белгілі бір тарихи кезе?мен таныс. Сол тарихи кезе?ді бейнелейтін натюрмортты есі?е т?сір.
2. Натюрморт ар?ылы болаша??а ?зі? туралы не айткы? келетінін ойлан. Онда ?з болмысы?ды, мінез-??л?ы?ды білдіретін ?андай заттарды бейнелер еді?? Енді сол натюрмортты салу?а кіріс.
3. ?йі?де ?з жан?я?ны? тарихына байланысты бірнеше заттарды тауып алып, олар жайында ата-ана?нан, ?же?нен с?рап біл. Сол заттардан натюрморт ??растыр.
4. Белгілі бір маманды? иелері ?олдан?ан заттар бейнеленген натюрморттар жиі кездеседі. Мысалы, натюрмортта музыкалы? аспаптар бейнеленсе, оларды? иесі музыкант екен деп болжау?а болады. Сен де белгілі бір адамны? маманды?ын немесе к?сібін білдіретін натюрморт орында.
?йге тапсырма беру: ?р т?рлі к?сіп немесе маманды? иелерін білдіретін заттардан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«натюрморт ж?не тарих »
Аудандық эстетикалық пәндер мұғалімдерінің олимпиадасы
Пәні: Бейнелеу өнері
Сыныбы: 4«Г»
Пән мұғалімі: Карасаева Каламкас
2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт және тарих
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бір бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру,
өзін-өзі сынай қарауға дағдыландыру, оқушылардың өзін-өзі тексеру, оқушылардың бірін-бірі тексеруі, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
ә) Дамытушылық:Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту
арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,
жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл, әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Затқа қарап сурет салу
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: слайд, түрлі қарындаштар, өшіргіш, акварель, гуашь, қылқалам түрлері, дидактикалық құралдар және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Натюрморт көрерменге көп жайды жеткізе алатынын білесіңдер. Мысалы, натюрморттар арқылы өткен күндердің тұрмысын зерттеуге болады. Ертеде жазылған натюрморттардан өткен ғасырларда адамдар қолданған, қазір мүлде кездеспейтін тұрмыстық заттарды көре аласың, сондай-ақ олардың әдет-ғұрыптары мен мәдениеті жайында көптеген мөліметтер жинауға болады. Көне натюрморттар көрмесін аралау немесе олардың репродукциялары жинақталған альбомдарды тамашалау арқылы натюрморттың тарихын тереңірек білетін боласың. XVIII ғасырда өмір сүрген орыс суретшісі Т.Ульяновтың натюрмортынан күнделікті қолданып жүрген кітаптар, қайшы, тарақ, кілт сияқты заттармен қатар, өздеріңе бейтаныс — қауырсын қалам мен сиясауыт, шылым шегетін ұзын трубка, мұқабасына ілгек тағылған кітаптарды көресіңдер. Бұл заттардың иесі кім болуы мүмкін? Сол адамды елестетіп, суреттеп беріңдер. Ал голландиялық суретші И. Леманстың мына шығармасындағы заттар қазіргі заман адамдары үшін мүлде бейтаныс. Сендер мұндай заттарды ешқашан ұстап көрмеген боларсыңдар. Картина «Аңшылық натюрморты» деп аталады. ХVІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген адамдар үшін бұл үйреншікті заттар. Олар аңшылардың күнделікті қолданып жүрген бұйымдары — иттерге арналған аңшылық мүйізшесі, дорба, құстарды шақыратын құрал, тор, аңшының пышағы. Заттардың барлығы әдемі, қымбат, бәлкім олардың иесі де ауқатты адам болған шығар.
Гүлфайрус Ысмайылова
Айша Ғалы
Әбілхан Қастеев Айша Ғалымбаева
Қазақ халқының танымал суретшілері өзінің натюрмортында қазақ қыздарының ұлттық бас киімі — сәукелені бейнелеген.
Бұл жай бас киім емес, қалыңдықтың үйлену тойында киетін бас киімі. Бұрынғы кезде оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отырған. Сәукелені тігу өте көп уақыт алатын болғандықтан оны қыз бала дүниеге келген күннен бастап дайындай бастаған.
Ал оған тағылған асыл тастардың құны кейде бірнеше түйенің құнына тең келетін.
Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар.
Мына натюрморттарға назар аудар. Олардың қай кезеңде орындалғанын шамамен анықтап көр
Ұнаған тапсырманы таңдап, оны орында.
1. Кітаптар, энциклопедиялар мен көркем фильмдер бойынша белгілі бір тарихи кезеңмен таныс. Сол тарихи кезеңді бейнелейтін натюрмортты есіңе түсір.
2. Натюрморт арқылы болашаққа өзің туралы не айткың келетінін ойлан. Онда өз болмысыңды, мінез-құлқыңды білдіретін қандай заттарды бейнелер едің? Енді сол натюрмортты салуға кіріс.
3. Үйіңде өз жанұяңның тарихына байланысты бірнеше заттарды тауып алып, олар жайында ата-анаңнан, әжеңнен сұрап біл. Сол заттардан натюрморт құрастыр.
4. Белгілі бір мамандық иелері қолданған заттар бейнеленген натюрморттар жиі кездеседі. Мысалы, натюрмортта музыкалық аспаптар бейнеленсе, олардың иесі музыкант екен деп болжауға болады. Сен де белгілі бір адамның мамандығын немесе кәсібін білдіретін натюрморт орында.
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі кәсіп немесе мамандық иелерін білдіретін заттардан натюрморт орында.