К?зде таби?ат к?рінісі ерекше ?згереді. ?орша?ан ортада?ы а?аштармен ж?не бас?а ?сімдіктер сар?аяды. Дала сары т?ске боялады. Сонды?тан «Алтын к?з » деп аталады.
К?з мезгілінде бояуды? жылы т?стері басым болып келеді. Атап айт?анда ?ызыл, ?ыз?ылт сары, ашы? сары, ?о?ыр, ?ыз?ылт ?о?ыр сар?ыш,жасыл т.б. б?л бояу т?стерді ай?ын к?рініп, ба?ылау ?шін ба??а саяхат жаса?ан ж?н.
Таби?атта?ы жылы ж?не суы? т?стер ?ажайып ?йлесім тап?ан.
Ре?к б?л бір т?сті? бірнеше т?рге т?рленуі. ?рбір бояу т?стеріні? к?птеген ре?ктері болады. Егер кез келген т?стер ре?ктерінде сары немесе ?ызыл т?с басым болса, онда ре?ктер жылы?а жатады.
Таби?атты? т?рт мезгілінде де осы т?стерді?, я?ни жылы ж?не суы? т?стерді? барлы?ын к?руге болады.
К?з мезгілінде таби?ат ??былыстары жиі ?згереді. Аспанды ала б?лт торлайды, жел со?ып, а?аш жапыра?тары жерге т?седі. Жа?быр жауады. ??стар жылы жа??а ?айтады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты : оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбилік : әдемілікті көре және сезіне білуге тәрбиелеу
Дамытушылық : жас жеткіншектерге жылы және суық түстерді ажырата білуіне негізгі және қосымша түстерді ажыраты білуіне ықпал жасау
Құрал жабдық, көрнекіліктер:
Сабақ түрі : аралас сабақ
Әдіс тәсілдері : түсіндіру , сурет салу
Сабақтың барысы : ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
в) үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ : Күз
Сұр бұлт түсі суық , қаптайды аспан,
Күз болып , дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай
Жастар күлмес , жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай.
Күзде табиғат көрінісі ерекше өзгереді. Қоршаған ортадағы ағаштармен және басқа өсімдіктер сарғаяды. Дала сары түске боялады. Сондықтан «Алтын күз » деп аталады.
Күз мезгілінде бояудың жылы түстері басым болып келеді. Атап айтқанда қызыл, қызғылт сары, ашық сары, қоңыр, қызғылт қоңыр сарғыш ,жасыл т.б. бұл бояу түстерді айқын көрініп, бақылау үшін баққа саяхат жасаған жөн.
Табиғаттағы жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан.
Реңк бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің , яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады.
Күз мезгілінде табиғат құбылыстары жиі өзгереді. Аспанды ала бұлт торлайды, жел соғып, ағаш жапырақтары жерге түседі. Жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады.
Тақырыпты бекіту : 1. Күз мезгілінде табиғат көрінісі қалай өзгереді?
2. Күз мезгілінде қандай түстер басым?
Үйге тапсырма : «Күзгі жаңбыр» тақырыбында сурет салу
Қаралды __________
__________ 2015 ж
Бейнеле өнері 5 – сыныптар 16. 11. 2015 ж
Сабақтың тақырыбы : Натюрморт
Сабақтың мақсаты : оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбилік : әдемілікті көре және сезіне білуге тәрбиелеу
Дамытушылық : жас жеткіншектерге жылы және суық түстерді ажырата білуіне негізгі және қосымша түстерді ажыраты білуіне ықпал жасау
Құрал жабдық, көрнекіліктер:
Сабақ түрі : аралас сабақ
Әдіс тәсілдері : түсіндіру , сурет салу
Сабақтың барысы : ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
в) үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ : натюрморт күнделікті тұрмыс заттарын, жеміс жидектер, гүлдер , түз құстары, теңіз байлығын бейнелейтін кескіндеме өнері жанрларының бірі.
Суретші натюрморттық жұмыс жасағанда басты назарын бұйымдарды және олардың көркем формаларын бейнелеуге жұмылдыра алады.
Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі суретші А. Ғалымбаева өзінің «Дастарқан» атты натюрмортында әсерлі берілген. Мұндағы күрең бауырсақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары қымыз, шақпақ қант пен үгітіліп кеткелі тұрған кеудірлек нан дастархан шетіндегі торғын сүлгі, бұлардың тұсындағы аяққап бір бірімен жараса астасып, ел байлығының, қазақ дастарханының бір көрінісін тартымды бейнелеген.
Күн сайын көріп жүрген қарапайым бұйымдар бұрын соңды байқамай келген ерекше жарастық тауып тоғысқан.
Натюрморт саламыз. Әртүрлі заттардың , бұйымдардың тобын бейнелегенде , олардың бір біріне қатысты мөлшерін дұрыс бере білу керек. Ол үшін бұйымдардың жеке жеке пропроциялық ерекшеліктерін айқындау қажет.
Заттар бір бірінен алшақ орналасқан.
Кейбір заттар бір біріне жақын, кейбірі жекеленіп, оқшау орналасқан.
Барлық заттар мен бұйымдар бір жерге топталған
Салынған суреттерді мұқият қарап шықсақ 1,2, 3 бірінші суреттен кастрөл, бақыраш, графинді, екінші суретте көкөністермен жемістерді , жасылкөктерді байқаймыз. Ал үшінші суретте барлық заттармен бұйымдар бір жерге топталған.
Бұл суреттерден бұйымдар тобының ерекшелегі тек оның пішіні , көлемі , фактурасында ғана емес, сондайақ олардың өзара орналасу жағдайына байланысты . Сондықтан да суретші сурет салғанда ең алдымен қағазды тік немесе көлденең қалпында апйдалану керектігін шешеді.
Тақырыпты бекіту : 1. Натюрморт жанрын бейнелеген қандай суретшілерді білесіңдер?
2. Натюрморт бейнелеу өнерінің түрі ме жанры ма?
Үйге тапсырма : Натюрморт жанрында сурет салу
Қаралды __________
__________ 2015 ж
Бейнеле өнері 5 – сыныптар 17. 11. 2015 ж
Сабақтың тақырыбы : Әлемнің ұлы кескіндемешілері
Сабақтың мақсаты : оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбилік : әдемілікті көре және сезіне білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін дамыту , сабаққа деген ынтасын арттыру
Құрал жабдық, көрнекіліктер:
Сабақ түрі : аралас сабақ
Әдіс тәсілдері : түсіндіру , сурет салу
Сабақтың барысы : ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
в) үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ: Өнер тарихында бейнелеу өнеріне тың бетбұрыс әкелген бірнеше кезең дәуірлерді атап өтуге болады. Ол адамзат мәдениетінің өркендеуіне үлкен әсер еткен. Соның бірі «Қайта өрлеу дәуірі» (XIV – XVI) . Бұл өнер дәрірі алғаш Италияда пайда болып, содан бүкіл Еуропаға тараған. Осы кезеңде бірнеше ұлы суретшілер шығармашылық жетістіктерге жетті. Олар : Леонардо да Винчи, Рафаэль,Микеланджелео. Үшеуі де италияндық суретші. Леонардо да Винчи 1452- 1519 жж. білімнің , ғылымның сан саласын игерген инженер, конструктор атақты суретші. Суретші алғаш рет адам анатомиясын зерттеп, адам денесінің пропроциялық өлшемдерін қалыптастырған. Көбінесе әйел сұлулығын, әйел ана мен бала махаббатын кескіндеген. Негізгі жұмыстары «Мона Лиза» (Джаконда ), «Бенуа сұлу», «Литта сұлу», «Гүл ұстаған сұлу», «Құпия кеш» картиналары.
Рафаэль Санти 1483 – 1520 суретші аз ғұмыр кешсе де ұлы туындылар қалдырып кетті. Оның негізгі туындылары «Сикстин сұлуы» , «Креслодағы сұлу», «Афини мектебі», т.б.
Осы дәуірдегі ұлы мүсінші ,кескіндемеші әрі сәулетші Микеланджело Буонартти 1475 1564. Суретші Буонартти әлем мәдениетіне өлмес мұра қалдырды. Көптеген жұмыстарының ішінде батырлық пен қайсарлықтың символы «Давид» мүсінін сомдады.
Аталған өнер шеберлерімен бір дәуірде XV XVI ғасырларда мұсылман әлемінде Орта Азия мен шығыста кескіндеменің ерекше түрі қалыптасты. Ол миниатюралық кескіндеме еді. Шығыстың ұлы ғұламалары Рудаки , Фирдауси, Низами ,Саади, Жәми және т.б. өлмес шығармалары осы кезеңде жарық көрді.
Кемал ад дин Бекзад Герат сұңғат мектебінің өкілі. Негізгі атақты жұмыстары «Дари патшаның малшылардың ақыл кеңесін тыңдауы» , «Ләйлі мәжнүн тақырыбына » салынған суреттері және сұлтан Хұсейін Байқара, Шайбани хан портреттік жұмыстары. Шығыс миниатюралық портрет жанрының шебері.
ХІХ ғасырдың ортасында Еуропада бейнелеу өнерінде жаңа бетбұрыс басталды. Ол импрессионизм деп аталады. Осы кезеңде бір топ суретшілер Э. Мане , О. Ренуар, Э. Дега,П. Гоген , Ван Гог бұрын соңды болмаған өнер ағымында жұмыс істеді. Олар алғаш рет табиғат аясында оның сан қырлы бояу көріністерін көзбен көріп бейнелеуді мақсат етті.
Ван Гог 1853 1890 және Поль Гоген екеуі де француз суретшісі. Көзіңнің тірісінде екеуі де шығармаларының қызығын көре алмады. Олардың жұмыстарын ешкім түсінбеді , «шимай шатпақ » деп санады. Тек ширек ғасыр өткеннен кейін ғана бейнелеу өнерінің озық туындыларының қатарынан орын алды.
Тақырыпты бекіту : Леонардо да Винчидің қандай шығармасын білесіңдер ?
Әлемнің ұлы кескіндемешілерінен кім дерді білесіңдер ?